ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет36/190
Дата21.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   190
Дифференциальды диагноз. Екінші реттік гастроэнтеритті сібір жарасынан, пастереллезден, шошқа обасынан, сиыр обаснан, ит обаснан ажырату керек. Бұл аурулардан негізгі белгілеріне қарап, эпизоотологиялық факторлары мен зерттеу нәтижелеріне қарап ажыратамыз. Улануға күдік туған жағдайда азығы мен нәжісін улы заттарға қарсы тексереміз.

Емі. Ауру жануарларды жалпы табыннан бөліп алып, жеке ұстайды. Алғашқы тәулікте ашықтырып ұстау қажет. Суды шектемейді. Асқазандағы улы заттарды шығару үшін тері астына апоморфин жібіреді. Жылқылардың асқазанын міндетті түрде 0,85% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек. Ішектерді улы заттаран тазарту үшін ішке магний сульфатының 4% ерітіндісін береді, жылқыларға 200 – 400 г, ірі қараға 300 – 700 г, шошқаға 25 – 50 г мөлшерінде немесе ірі жануарларға күнбағыс, зығыр майларын беруге болады.

Асқазан мен ішектердің кілегейлі қабықтарының қабынуларында зығыр дәнінің, күріш, арпа, бидай ұнының қайнатпаларын, глюкоза, ихтиол, салол немесе бензофтолды қосып берген, 2 – 3 тауық жұмыртқасын 1 л суға араластырып бергеннің де нәтижесі жақсы. Қайнатпаны ірі жануарларға 1,5 – 2,5 л, ұсақ жануарларға 100 – 400 мл мөлшерінде, күніне 3 – 5 реттен береді.

Егер гастроэнтериттің геморрагиялық формасы дамыса ішке 10% - ды кальций хлорид ерітіндісін береді. Тері астына немесе ішке күнделікті С витаминін еңгізеді, дозасы: ірі жануарларға 0,5 – 2,0, ұсақ жануарларға 0,02 – 0,05 мөлшерінде. Гастроэнтерит гепатитпен байқалса ішке немесе бұлшық етке викасол тағайындайды. Сульфаниламидтер мен антибиотиктерді кеңінен пайдаланады (фталазол, синтомицин, биоветин т.б.). Іштің өтуіне қарсы еммен тамырының қайнатпасын, танальбинді ішке тағайындайды. Жіті энтеритте диеталық азықтар маңызды роль атқарады.

Ауырсынғанды басу үшін қарын аймағына жылулық басу керек, электрожылытқыш қолдануға болады, ұсақ жануарларда соллюкс лампасын қолдануға болады. Геморрагиялық гастроэнтеритте жылулық қолдануға болмайды. Қысқа мерзімді ауырсынғандықты басу үшін қарын аймағына платифилин, атропин немесе анальгин жібереді.

Жүрек жұмысының нашарлауына қарсы камфора майын тағайындайды, кофеин препаратын, наперстян немесе строфант қолданылады. Қан қысымы төмендесе тері астына эфедрин немесе адреналин жібереді.

Интоксикациямен күресу үшін венаға глюкоза ерітіндісін, натрий гидрокорбанатын, 5 - 10% натрий хлор ерітіндісін қолданады.

Ірі қара малында шіру процесстерін тоқтату үшін сумен ихтиол немесе креолин (15,0-20,0гр); нафталин немесе формальдегит ерітіндісі (15,0-25,0гр), скипидар (20,0-30,0гр) араластырып және тимпанол, (1-2литр) сүт т.б. ішке беруге болады. Хлоралгидраттың 10%-дық ерітіндісімен тамыр ішіне егкенде жақсы нәтиже береді. Месқарындағы газды жою үшін зонд қолданған және қарынды жуу, уқалау қолданылып жасалынады. Болмаған жағдайда руминоцентез – месқарынды тесу қолданылады. Алдыңғы қарыншақтардың қызметін жоғарлату үшін руминаторлық заттар, ал шектер мен қарынды ішіндегі заттардан босату үшін – іш өткізетін заттар тағайындалады.

Ветеринария ғылымы жануарлардың жұқпалы емес ішкі аурулардың туындау себептерін, өту ерекшеліктерін зерттей келе оған қарсы іс шараларды үнемі жетілдіруде.

Ауруды ғылыми негізде тану және емдеу үшін организмнің анатомиялық және физиологиялық құрылысы малдардың жасына байланысты өзгеріп отыратындығын нақты түсінуі қажет.

Жалпы ауруға тән құбылыстарды ғылыми сілтемелер арқылы дейектеме берер болсақ, И.В.Давыдовский пікірінше жануардың сыртқы ортаға қалыптасып үлгермеуі және өз микроорганизмінен инфекциялық үрдіске ұшырауы болады. Бұндай жағдайда колитәрізді бактериялар қалыпты жағдайға қарағанда 24 есе көп болады екен. Сонымен қатар Н.М.Носков., И.Н.Докторова пікрінше гастроэнтеритте зат алмасу өте күрделі бұзылады және негізгі үрдістің ассимилияциясы әлсірейді. Қан қоюланады және көлемі азаяды да организмнен шыққан сұйықпен қоса хлор және натрий көптеп бөлінеді. Ацидоз және гипогликемия пайда болады. Сондай-ақ, А.М.Смирнов., Н.М.Носков.пікірінше қанда альбумин азаяды да бета-глобулин артып, нейтрофилия немесе лимфоцитоз туындайды. Дене қызуы төмендеп шырышты қабықтар бозарады. Көп жағдайда – эозинофил болмайды, нейтрофил және гемоглобин жоғарлауы болады.гипопротеинемия, альфа-глобулин жоғары болады. Гамма-глобулин өте төмен болады.

С.И.Плященко, В.Т.Сидоров (1987), И.Н.Никитченко және әріптестері (1988) деректерінше организімнің күйзелістік жағдайында лейкоцитарлық формуладағы лимфоциттің нейтрофилге қатынасы өзгеріп, лимфоцит мөлшерінің жоғарылауы байқалады екен.

Р.В.Петров (1983) анықтамасы бойынша қан сары суындағы жалпы белок, организмнің табиғи қорғаныстық қасиетінде маңызы зор.



Жалау – бұл бұзаулар үшін өзара денесін сылау болып табылады. Бұл ретте бұзаудың ас қорыту безі, зат алмасуы, ағзаның барлық жүйесі жақсы жұмыс істейді. Мұндай бұзаулар тез тұрып кетіп, ертерек ему рефлексі мен тәбетін жақсы көрсете алады. Оларда ас қорытудың бұзылулары мен басқа аурулар сирек кездеседі.

Сиырдың төлденуі 20-30 минуттан 3 сағатқа дейін созылады. Төлдің жатырда жатуы жоғарғы позицияда болса, төлдеу процесіне араласпаса да болады. Төлдету кезінде патологиялық қиын жағдайлар болса, білікті көмек көрсетілуі керек. Сол үшін төлдету бөлімінде жақсы оқыған, арнайы әдістерді, ережелерді білетін қызмет көрсету персоналдарын тәуліктік кезекшілікке қояды. Бұзаулағаннан кейін сиырға 20-30 минуттан кейін бір шелек жылы біраз тұз қосылған су беріледі.



Сиыр жаңа туған төлімен оның толығымен қалыптасуы үшін өжіреде 24-48 сағат болуы керек. Тәулігіне 3-4 рет емізу үшін машиналы сауылмалы аппараты құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   190




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет