3. Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.
Ас қорыту жүйесінің ауруларының себептері жиі малдардың қоректенуімен тікелей байланысты. Сондықтанда ол аурулар тамақтандырудың дұрыс болмауынан жиі болып тұрады. Олар: рационның құрамының дұрыс болмауы; төлдерді бір азық түрінен екінші түріне кенеттен ауыстыру; рационның құрамында бөгде заттардың – пестицидтердің болуы.
Бұл ауру ішек пен қарынның кілегей қабығының ғана емес, одан да терең орналасқан қабаттарының қабынуымен сипатталады. Қарынның, ашы және тоқ ішектердің қабатының жарақаттануы гастроэнтероколит деп аталды.
Қабынудың түрлеріне қарай қатаральді, геморрагиялық, крупозды, фибринозды, дефтериялық болып бөлінеді. Бұл ауру бұзауларда сүтке қосымша басқа да азықтар жей бастаған уақытта жиі кездеседі.
Себептері. Қоректендіру уақытын қадағаламау, тамақ жейтін, су ішетін жердің ластығы, дене шыңықтырудың жоқтығы, суықтық пен ыстыққа ұшырауы- осының бәрі бұл аурудың пайда болуына әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |