ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет34/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Дифференциальды диагноз. Екінші реттік гастроэнтеритті сібір жарасынан, пастереллезден, шошқа обасынан, сиыр обасынан, ит обасынан ажырату керек. Бұл аурулардан негізгі белгілеріне қарап, эпизоотологиялық факторлары мен зерттеу нәтижелеріне қарап ажыратамыз. Улануға күдік туған жағдайда азығы мен нәжәсін улы заттарға қарсы тексереміз.

Емі. Ауру жануарларды жалпы табыннан бөліп алып, жеке ұстайды. Алғашқы тәулікте ашықтырып ұстау қажет. Суды шектемейді. Асқазандағы улы заттарды шығару үшін тері астына апоморфин жібіреді. Жылқылардың асқазанын міндетті түрде 0,85% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек. Ішектерді улы заттардан тазарту үшін ішке магний сульфатының 4% ерітіндісін береді, жылқыларға 200 – 400 г, ірі қараға 300 – 700 г, шошқаға 25 – 50 г мөлшерінде немесе ірі жануарларға күнбағыс, зығыр майларын беруге болады.

Асқазан мен ішектердің кілегейлі қабықтарының қабынуларында зығыр дәнінің, күріш, арпа, бидай ұнының қайнатпаларын, глюкоза, ихтиол, салол немесе бензофтолды қосып берген, 2 – 3 тауық жұмыртқасын 1 л суға араластырып бергеннің де нәтижесі жақсы. Қайнатпаны ірі жануарларға 1,5 – 2,5 л, ұсақ жануарларға 100 – 400 мл мөлшерінде, күніне 3 – 5 реттен береді.

Егер гастроэнтериттің геморрагиялық формасы дамыса ішке 10% - ды кальций хлорид ерітіндісін береді. Тері астына немесе ішке күнделікті С витаминін еңгізеді,

Дозасы: ірі жануарларға 0,5 – 2,0, ұсақ жануарларға 0,02 – 0,05 мөлшерінде. Гастроэнтерит гепатитпен байқалса ішке немесе бұлшық етке викасол тағайындайды. Сульфаниламидтер мен антибиотиктерді кеңінен пайдаланады (фталазол, синтомицин, биоветин т.б.). Іштің өтуіне қарсы еммен тамырының қайнатпасын, танальбинді ішке тағайындайды. Жіті энтеритте диеталық азықтар маңызды роль атқарады.

Ауырсынғанды басу үшін қарын аймағына жылулық басу керек, электрожылытқыш қолдануға болады, ұсақ жануарларда соллюкс лампасын қолдануға болады. Геморрагиялық гастроэнтеритте жылулық қолдануға болмайды. Қысқа мерзімді ауырсынғандықты басу үшін қарын аймағына платифилин, атропин немесе анальгин жібереді.

Жүрек жұмысының нашарлауына қарсы камфора майын тағайындайды, кофеин препаратын, наперстян немесе строфант қолданылады. Қан қысымы төмендесе тері астына эфедрин немесе адреналин жібереді.

Интоксикациямен күресу үшін венаға глюкоза ерітіндісін, натрий гидрокорбанатын, 5 - 10% натрий хлор ерітіндісін қолданады.

Формасында қалың пленкалар немесе кілегей қабықтың бөліктері кездеседі, ал іріңді және флегмонозды формаларында – ірің, кілегей қабық бөлшектері, қан, және өлі еттенген ұлпалар кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет