Бұзаулар туғанда қан құрамында иммунды ағзасы болмайды. Ол ірі қара малдарда уыз сүтімен антиағзалар беріледі.
Бірінші-екінші сауым уыз сүтін ұтымды пайдалану үшін сірке суын, пропионды және құмырсқа қышқылын құйып ашытады немесе қатырады. Ашыту кезінде алғашқы екі сауым уыз сүтіне яғни 10 литр уыз сүтіне 0,5 литр айран қосып бір тәулік ұстайды. Қышқылдығы жоғары уыз сүтін 50С температурада сақтауға болады.
Жаңа туған бұзауларда, әсіресе гипотрофик-бұзауларда ас қорыту жүйесі шектеулі болғандықтан уыз сүтінде сақталған липазалар, протеологиялық және амилологиялық ферменттер барлық қызметті өтейді.
Денсаулығы жақсы бұзауларды алу үшін буаздық кезінде профилактикалардан өткізіп, кәсіби мамандардың көмегімен кез келген ауруды емдеу керек. Жатырдағы төлге зияны тимеуі үшін қатты әсерлі, улы дәрілер берілмейді.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтағанда ене-төл-уыз сүті жүйесінің көрсеткіші жоғарлай түседі. Жаңа туған бұзаулардың өміршеңдігі, ауруларға қарсы тұруы артады. Ал сапасы төмен уыз сүті теріс нәтиже береді [26].
Ішкі жұқпалы емес аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған. Бұл аурулардың ерекшеліктері олардың қатарына көптеген клиникалық сау, бірақта организмдегі зат алмасу деңгейі бұзылған малдар да жатады. Ондай малдарға да емдік көмек көрсетуге тура келеді.
Ас қорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктер күйіс қайыратын малдардың төлдерінде толығырақ зерттелген. Оған себеп, күйіс қайыратын малдардың төлдерінің арасында олар туа салысымен, ең бірінші ас қорыту жүйесінің әртүрлі ауруларға шалдығуы жиі кездеседі.
Жаңа туған төлдерде уыз алдыңғы қарыншаға түспей, бірден өңеш науасы арқылы ұлтабарға түседі. Оларда өңеш науасының еттері жақ өңештің жалғасы ретінде түтікше пайда болады. Сондықтан да қабылдаған ас месқарынға түспей бірден ұлтабарға барады [11].
Жаңа туған 7-10 күндік төлдердің ұлтабарының көлемі олардың мес қарны мен тақия қарнын бірге алғандағы көлеміне екі есе артық болатын көрінеді. Олардың үш айлық жасында, төлдердің қатаң азықтарды қабылдауларынан байланысты, Месқарны ұлғая келіп, ұлтабардан бірнеше есе үлкен болып шығады. Міне, сондықтанда, төлдердің бірінші күнгі жастарында оларға уызды, сүтті уақытында, дұрыстап беру өте қажет. Еміздік арқылы сорған кезде ауыз қуысының, тілдің, жұтқыншақтың рецепторлары қозып,өңеш науасына дұрыс қалыптасуына әсер етеді де, қабылдаған ас ұлтабарға түсіп дұрыс қорытылады.
Ал асығыс, көп мөлшерде азықты берген кезде, өңеш науасы қалыптасып үлгермегендіктен уыз, не сүттің кейбір бөлігі әлі қалыптасып үлгермеген, қызмет бабы жоқ месқарынға түсіп, онда шіріп, әртүрлі ауруларың пайда болуына бірден-бір себеп болады. Уызды, не сүтті аздап, асықпай берудің тағы бір пайдасы ол азық ауыз қуысы бездерінің сілекеймен жақсы араласып, ұлтабарда пайда болатын фермент-химозиннің әсеріне толық бапталады да, одан пайда болған қослыстарды организм өз қажетіне пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |