ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет29/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық. Жүннің сырты қылшығы былғанған. Қарында /ұлтабарда/ толық алмаспаған иісі сасық тамақтың қалдығы және қоюланған жалқаяқ. Қарынның ұлтабар қабырғасы қалыңдаған, кілегей қабығы жиырылған, ісінген, әрбір жерлерінде қызарған, қан құйылған бөліктері бар. Ішектің іш қабығындағы өзгерістер әр түрлі болып келеді.

Катаральды гастроэнторитте ащы ішектің қабырғасы қалыңдаған, кілегейлі қабығы жиырылған, жалқақпен қапталған әр жерлері қызарған.

Геморрагиялық түрінде кілегей қабықтың ісінуі ғана ұлғая түсіп, түрі ақшыл қызылдан қара қошқылға айналып, көлемі жағынан әр түрлі көптеген қан құйылған жерлері байқалады.

Фибринозды түрінде ащы ішектің кілегейлі қабығы болбыр болып, бетінде фибрин пленкасы болады. Ал кілегей қабықпен біте байланысқан ұсақ бөлшектер кездессе ол дифтериялық түрінің белгісі. Егер ішектің кілегейлі қабығында формасы мен көлемі әр түрлі жаралар кездессе, ондай қабынуы жаралы қабыну деп атайды.

Шажырқайдың лимфа түйнектерінің инфильтрациясы құрсақ көк етінің висцеральды бөлігінің қызарғаны, кейде оның қабырғасының бетінде фибринді планканы байқауға болады.

Бауырдың көлемі үлкейген, балшық түстес, быжырланған, кескен кездегі суреті белгісіз болып келеді. Көкбауыр ісінген. Бүйрек пен жүрек еттерінде дегенеративтік өзгерістер байқалады.



Белгілері ауру жедел және созылмалы түрлерінде кездеседі. Мал әлсіреген t 40⁰ С-ке көтерілген. Егер өзгеріс тек қана қарында болса, онда қатпар пайда болады да, ол ішек жарақаттанған болса тұрақты іш өту болып – жалқаяқ, қан, фибрин пленкасы араласқан су бөлінді. Ішек микрофлорасы бұзылып малдың парқы солып не қампиып тұрады. Ішек-қарынның түйнегіне ұқсаған аурудың белгілері де уақ-уақ болып тұрады. Организм улануы басталады, сусызданады. Лейкоцит артады, тұтқырлығы жоғарлайды, ұюы жылдамдайды.

Зәр шығару азайуы, оның құрамынан белокты, ақ қан түйіршіктерін, бүйрекке тән эпителий клеткаларын табуға болады. Реакциясы қышқыл болып келеді.Аурудың созылмалы түрінде аурудың бұл белгілері біліне қоймайды. Ауруды дер кезінде емдеуге болады. Кейде зоогигиеналық жағдай дұрыс болса өкпе қабынуына мешел, тері аурулары т.б ауруларымен асқына түсуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет