Клиникалық белгісі: Асцист пайда болуы артерияды қан қысымы төмендейді және тахакордия, бүйрек венасы жүйесінің гипертониясы байқалады. Бұндай жағдайда кейде жаңіл дәрежедегі сарғаю. Бауыр ұлпасының жіті қабынуымен сипатталады.
Гепатит.Барлық жануарларда болады.
Этиология мен потогенезі. Гепатит біріншілік ауру түрінде сирек кездеседі және улы өсімдіктерді жеу кезінде болады және бұзылған азықтармен қоректенгенде кездеседі. Ал, екіншілік ауру ретінде кейбір инфекциялық септициялық тілме, шошқа обасы, гельминтозды ауруларда мышьяк, сынап, сурьма уланғанда иттерге гасторэнтеритте болады. Ауру бірнеше күнге созылып, жануар өледі. Кейде –трипанозмоз, гемоспоридиоз және лейманиоз қоздырғыштарының көкбауыр арқылы қақпа венасына еніп ауыруды тудырады. Сонымен қатар зиянды заттың жалпы қан айналысы арқылы да бауырға келіп түседі.