Апноэ – тыныс орталығындағы тітіркендіргіштің жетіміздігінен малда тыныс алудың уақытша тоқтауы.
Апатия (селқостық), немесе енжарлық, көніл-сіздік.
Атаксия жүріс тұрысының өзгеруі.
Аффинитет – әртүрлі жасушалар мен тіндердің организмге түскен немесе сонда пайда болатын белгілі бір химиялық элементтерді сіңіру және байланыстыру қабілеті.
Базофилдер– цитоплазма түйіршіктері қара-күлгін түске боялатын түйіршікті лейкоциттер тобының бірі.
Барорецепторлар – қуыс органдар (ішек, тамыр т.б) кенересінің механикалық созылуын қабылдайтын, оның ішіндегі сұйыққа қысым түсіретін интерорецепторлар.
Билирубин – өт пигменті, негізінен бауыр, талақ және емдік жасушаларында гемоглобин ыдырағанда түзіледі.
Биопсия – микроскоп арқылы зерттеу мақсатында тірі мал денесінен тін не ағзасынан зерттеуге кішкене ет кесіп алу.