Аскорбин қышқылы С витамині жетіспеушілігінің алдын алу. Төлге және аналық мал ра------- витаминді азықтарды кіргізу, шөп, сәбіз, пісірілген сүт.т.б. Қышқылдардың Д витамині. Са-Р алмасуының бұзылуы, организмге ең қажетті қызметтерінің терең бұзылумен сипатталатын жас төлдердің созылмалы ауруы. Жабайы жануарлар табиғи жағдайда бұл аурумен ауырмайды. Аурудың жыл мезгіліне тікелей қатысы бар екендігі байқалады. Әсіресе күздің, қыстың аяқ кездерінде малдар ауа райының құбылысына байланысты жайылымға шықпай, тұрып қалған кезде байқалады. Бұл ауру төлдерде ең көп аурулардың бірі болып саналады.
Кальциферон ультракүлгін сәулесі әсері арқылыА3 провитамин 7-дегидрохолестединнен түзіледі. Сондықтан да ультракүлгін сәулесін толық пайдаланбаған жағдайда бұл ауру жиі кездеседі. Мал азығында белоктың жетіспеушілігі, не артық болуы, микроэлементтердің (мыс, иод, марганец) жетіспеушілігінен не артық болуы аурудың қозуына өз есбептерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |