Өлекседегі өзгерістер. Сүйек морт сынғыш, дене бұлшық еттері бозарып, болбыраған.
Белгілері: кібіртіктеп жүру кординациясы бұзылады. Жақсы күтімдегі ауру қозылардың 20-25 пайызы жазылады.
Саралау: қозылардың бұлшық еттерінің ағарып ауыратын ауруынан ажырата білу керек. Бұл аурумен 1 айдан асқан қозылар және басқа да төлдер ауырады.
Емдеу: көптеген деректерге қарағанда емдеу онша жақсы нәтиже бермейді. Ауру қозыларға сүтпен немесе сумен қосып күніне 1 рет 5-7,5 мл мөлшерінде 0,1 пайыз күкірт қышқыл мысты беру керек.
Сақтық шаралары. Буаз қойларға не қозыларға берілетін аптасына 2 рет 0,1 пайыз күкірт қышқыл мыстың ерітіндісімен сулап берген жөн. Тәжірибе кезінде 1 л суға 1г күкірт қышқыл мысты ерітіп, оны 66 қойға беру керек.
Торайлардың гипогликемиясы. Қандағы қант азайып, белогы жоқ азоттың көмегімен сипатталатын ауру.
Себептері. Торайлар алғашқы 36-48 сағат ішінде ауруға шалдығады. Әсіресе қыс аяғы, жаздың басында жиі кезедседі.
Дамуы. Жаңа туған торайларда майдың қоры болмайтындықтан, олардың организімдегі энергияның бірде-бір көзі углеводтар болып табылады. Ал қанда қанттың азаюы торайлардың жалпы жағдайын нашарлатып, оларды ессіз күйге шалдықтырады.
Саралау: төлдердің дипепсиясы мен анаэробты дизентериямен ажырата білу керек.
Торайлардың Организімде цинктің алмасуының бұзылуынан торайлардың өспей қалу, терілерінің қабынып, нерв жүйесінің қозуы пайда болатын ауру.
Себептері: цинк Са, Р алмасуының бұзылуының тікелей әсер ететіні сөзсіз. Топыраққа Са тыңайтқышты көп қолданғанда онда өсетін өсімдіктердегі Са, Р өзара қатынасы бұзылады. Бұл ауру көбінесе торайлар мен жас шошқаларды дәнді дақылдармен қоректендіргенде жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |