Тақырыбы: Миоглобинурия, диабеттер, бұлшық еттің ағарып ауруы
Жоспары: Кіріспе
«Жылқының миоглобинуриялық салдануы»
Дерттің патогенезі мен оның алдын алудағы ветеринариялық іс шаралар
Кіріспе Жылқының миоглобулинуриялық салдануы – қалың бұлшық еттердің құрылымдық өзгерістерімен сипатталынатын, əсіресе дененің артқы бөлігінің салдануымен жəне миоглобиннің несеппен бөлінуімен ерекшеленетін жіті түрде кездесіп кенеттен пайда болатын ауру. Бұл ауру негізінен семіз, саяқ (флегматиктер) жылқыларда сондай-ақ ауыр жəне орташа жүк тасымалдауға лайықты тұқым тектес жануарларда жəне 4-20 жас аралығында кездескенімен 9-13 жас шамасында жиі, мезгілсіз жер аймағына байланыссыз əртүрлі мезгілде кездесуімен ерекшеленетін көбінесе ұрғашы жылқылар ауырады. Себебі жылқыларды қозғалыссыз жəне құнарлы азық түрлерімен азықтандыру жағдайында ұстау аурудың ең басты себебі болып табылады. Сондай-ақ жануарға тəн мешкейлік, саяқтық ауруға шалдықтырудың алғы шарты. Ет дистрофиясы ‘Миопатия тауық еті’ – минералды заттардың, белоктардыңу, глеводтардың алмасуының бұзылуынан қаңқа сүйек еттері мен жүрек еттерінің биохимиялық, функциональдық қабілеттерінің өзгеруімен сипатталатын төлдердің өте ауыр ауруы. Қозылар, лақтар, торайлар, бұзаулар, үйректердің балапандары жиі ауырады. Ауру аналық буаз малдардың азық мөлшерінің құрамы дұрыс болмағанда,әсіресе қыстың екінші жартысында алынған төлдердің ішінде туа салысымен не туғаннан кейін жиі кездеседі. Кейбір ғалымдар ауру малдың азығында селен микроэлементтінің болуынан болады деген тұжырымға келеді. Ауру көбінде жайылымдық жерлері төмен, судың астында қалып қоятын, топырақтарында, селеннің қосылысы көп шаруашылықтарда кездеседі. Топырақтың ылғалды болуы ондағы күкірт ертіндісінің концентрациясын көбеәтіп, өсімдектердің өзіне селенді сіңіруіне кедергі жасайды. Бұл аурумен ауырған малдар өспей қалады және дұрыс сақтық шаралары мен емдеу әдістері қолданылмағанда ауырған малдың 50-70 % өлім-жітімге ұшырайды.
Себептері: Аурудың себептері толық зерттелмеген , солай бола тұрсада аурудың пайда болуына буаз аналық малдың дұрыстап тамақтанбауы, оларды бұрын су басып жататын ойлы жерге жаю немесе сондай–ақ жерлерден дайындалған азықтардан, протеиннің, минералды заттардың селен, кобальд, йод, марганец,витамин, каратин, ретинол және құрамында күкірт бар амин қышқылдарының (метионин, цистин) жеткіліксіздігі өз әсерін тигізеді. Малдардың зоогигеналық жағдайларының дұрыс болмауы, оларды тығыз, ылғалды және дұрыс желдетілмейтін қораларда ұстау өз әсерін тигізеді.
Дамуы. Бұл ауру белоктын, углеводтың, майдың, сондай-ақ минералды тұздар мен судың организмде алмасуының бұзылуымен сипатталады. Негізгі зат алмасуына қатысатын белоктар азаяды. Қанның сары суында органикалық емес фосфор көбейеді. Мұның бәрі ауру малдың бұлшық етінің құрылысында терең өзгерістер бар екенін дәлелдейді.