Өлекседегі өзгерістер. Кілегейлі қабықтар қан-сөлсіз, еттер піскен тауық еті тәрізді. Әсіресе жүрек еттерінің бұзылуы ерекше. Жүрек етінде нүктеге ұқсас жолақты немесе түстес қан құйылғаны анықталады. Мұндай өзгерістер аурудың ұзақтығымен ауырлығымен байланысты болады. Жеңіл түрінде негізгі өзгерістер дененің бұлшық еті мен жүрек астында ғана кездеседі.
Себептері: Төлдер туа салысымен, сүт ему және сүттен айырғаннан кейін де 2-3 айлық уақыттарда ауырады. Аурудың жедел, жедел емес, созылмалы түлері болуы мүмкін. Жүрген кезде шатқаяқтау, бұлшық еттердің дірілдеу, әлсіреуі. Жедел түрі 2 айлық аралығында болады. Созылмалы түрі 2-3 айлық төлдер ішінде кездеседі. Кейіннен аяқтары тартылып, мойын еттері сіресіп қалады. Ит тәрізді шоқиып отырады.