Өтуі және болжамдары. Гастроэнтерит шошқалар мен жылқыларда өте жылдам дамып, алғашқы үшінші күні летальды көрініс алады. Көп жағдайда ауру 7 – 15 күнге созылады. Гастроэнтерит гепатитпен, нефрозды нефритпен немесе миокардитпен дамыса көбінесе жануардың өлімімен аяқталады. Жіті гастроэнтерит кейде созылмалы гастроэнтериттке ауысады.