ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет40/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Дифференциалды диагноз –бір уақытта екі немесе одан да көп ауру түрлерін жоққа шығарады.

Дифференциалды диагнозда: колибактериоз бұзаулар арасында тез тарап, өлімге әкеледі. Ішек таяқшасының патогендік штамдары гипотрофик бұзау ағзасында ғана өз вируленттігін көрсете алады, өйткені басқа шартты патогенді микрофлорасымен ассоциацияланады. Асқазан септикалық колибактериоз кезінде іш өту болмайды, себебі диспепсиялық белгілері басталғанша бұзаулар өліп кетеді. Колибактериоз жыл бойы бақыланады, ал диспепсия жиі көктемде байқалады. Оның барлығы енелік ағзаның жағдайымен байланыстырылады. Бұзаулар гастроэнтеритпен 17-19 күндік жасы кезінде ауырады, ал колибактериозбен – 6 айлық мөлшердегі жасқа дейін ауырады.

Колибактериозға қарағанда диспепсия кезінде ішек таяқшасының қанға және басқа да мүшелерге енуі постмортальді болғандығын көрсететін фагоцитарлы реакциясы байқалмайды.

Дифференциялды диагноз кезінде омфалофлебитті (кіндік сепсисі) қарастырмаймыз, себебі жарақаттанған жерден кіндік канаты арқылы әртүрлі микрофлоралар еніп бактериемия және септициемия тудырады.

Дифференциалды диагноздағы диспепсияда әртүрлі дене мүшелерінде сальмонеллез кезінде цианоз байқалмайды. Диспепсиямен ауырған бұзаудың нәжісінің түсі бастапқы кезде сұр, өте ауыр жағдайда қан аралас сұйық түрде, ал сальмонеллез кезінде нәжіс сұйық, қан түйіршіктері мен созылмалы сөл болады. Диспепсия кезінде болмайтын сальмонеллезде дене қызуы 41-420С көтеріледі.

Ал, гастроэнтерит қосымша азықтану түріне көщкен кезде басталып әдетте 12-15 күндік жасынан бастау алады.

Бұл шаруа қожалығында гастроэнтериттің пайда болуы комплексті түрде өтеді. Сыртқы ортаның жағымсыз факторының бірі микроклимат болып табылады. Қорадағы жағымсыз микроклимат және сыртқы спецификалық емес қоздырғыштар жаңа туған бұзауларға теріс әсерін тигізеді. Көптеген жағымсыз факторлар яғни ылғалдылық, суық жел, зоогигиеналық нормативтерге сәйкес (+5,+60С) температураның төмендеуі, антисанитарлы жағдай, осының барлығы жаңа туған бұзауға теріс әсерін тигізеді. Жаңа туған бұзаулар организмінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жауапты реакциялары әртүрлі: көп бұзауларда тамақтанудан бас тарту, тәбетінің болмауы 3 мезгілді тамақтандыруда да кездеседі, екі тәулікке дейін созылатын іштің өтуі байқалады. Сонымен қатар жағымсыз факторларға уыз сүтін берудегі мөлшері, уақыты, салқындығы, жалпы сапасы төмен уыз сүті және емізудегі интервалдың алшақтығы да жатады.

Бұл шаруа қожалығында гастроэнтериттің пайда болуын сапасы төмен жемдердің әсерімен байланыстыруға болады. Бұл қожалықта бұзаулардың туғаннан кейін уыз сүтін кеш ішуі болған. Бұл оның резистенттілігін төмендетіп қана қоймай, асқазан-ішек құрылысына ірінді микрофлораның пайда болуына септігін тигізеді.

Жалпы аурудың кездесуі сүтке қосымша азықтар бере бастағанда басталады. Негізінен аналық сүтке жарымағандықтан, басқа азыққты ерте жей бастауы да себептердің бір болып табылады. Сондай-ақ, желінсаумен ауырған мал төлі, бұзылған көк сүтпен кейде рацион құрамы өзгергенде де байқалады. Зоогигиеналық талаптардың бұзылуы, диспепсиямен қатты ауырып жазылған малдар арасында жиі кездеседі. Он күннен асқан төлдер арасында жиі кездеседі. Негізгі белгі іш өтуі байқалады. Емі. Жартылай және толықтай ашықтыру, таза жылы су беру, бұзауларды 18-24/сағ ашықтыруға болады. Күріш, картоптың кілегейлі қайнатындысын беру. Физиологиялық ерітінді ішкізу. Ішектегі шіру үрдісін тоқтату үшін, тәулігіне 3/рет 1кг/салмағына тетрациклин 0,015мг, полимиксин 4мг беру ұсынылған. 1,5/литр изотоникалық хло натрий ерітіндісін ішкізу; жалпы аурудың басталуы, ултабар және ащы ішекке қоршаған ортаның микроорганизмдердің қонуы тұз қышқылының болмауынан болуы мүмкін. Бұл жағдайда организмнің қорғаныс реакциясы ретінде қабыну пайда болады.

Осы жағдайда антимикробтық терапия қолданылады. Бірақ, бұл антимикробтық терапия негізгі себепті әрдайым жоя алмайды. Яғни, ішектік биоценоздық жағдайды қалыптастыра алмауы мүмкін. Сондай-ақ, антибиотикке төзімді микрооргнаизм штамын қалыптастаруы да мүмкін. Емдеу барысында 1-2ші күндері 1%-ды тұзды жылы су; 3-ші күні ¼ тұзды су ішкізіледі. Жалпы емдеу барысында күніне и4 рет суару керек. Бұның бір суаруында сүт орынына шайға жұмыртқа белогын (1литр шайға 3-жұмыртқа белок және 10г ас тұзы) шай 5-10г/кг салмағына есеппен беріледі.

Бірақ төлдің алғашқы 3-4 аптасында сахароза белсенділігі төмен және өсімдік белогы нашар сіңірілуін ескеру керек. Іш өтуін тию үшін адсорбенттер қолданған жөн. Токсикозды алу үшін – венаға глюкоза және плазмаауыстырғыш сұйық беріледі. Шырышты қабат эпителоиінің регенерациясын жеделдету және резистенттілікті көтеру үшін А, С, Е және В тобы витаминін беру керек. Ал, антимикробтық терапия аяқталған соң асқазан-ішек жолының пайдалы микрофлорасын қалыптастыру үшін үш күн бойы пробиотик беру жақсы нәтиже береді.

Жалпы осы жоғарғыдағы басты қағидаларды негізге ала отырып, біз төмендегідей емдеу әдістерін салыстырмалы түрде бағалап өз нәтижемізді сараладық.

Жалпы ауруға ұшыраған малдар жүдейді, тамаққа тәбеті болмайды,тұрақты түрде іші өтіп организімнің қатты сусызданғаны байқалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет