ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Модуль 1 Гастроэнтерит ауруы Тақырыбы



бет48/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Модуль 1 Гастроэнтерит ауруы
Тақырыбы: Торайлардың гепатодистрофиясы

  1. Торайлардығы бауыр ауруының дамуы.

  2. Гепатодистрофияның этиологиясы, дамуы.

  3. Аурудың анықтау, ажырату емі және сақтандыру шаралары.

Мегежіндермен торайларды бұзылып кеткен тамақтарымен қоректендіргенде кездесетін ауру.

Ас қорыту процесі бұзылғанда ішектен көптеген улы заттар бауырға түседі де оны уландырып, оның усыздандыру қабілетінің әсерлеріне әкеп соғады. Бұл ауру сондай-ақ токоферон, құрамында күкіртті бар амин қышқылдары, микроэлемент селен жетіспегенде де пайда болады. Негізінде көбінесе малды қамап ұстаған кезде байқалады.

Малдың астының сыздануы , олардың далаға шығып жүрмеуі, тығыз болуы олардың осы ауруға шалдығуына өз әсерін тигізеді.

Дамуы. Улы заттар ас қорыту органдарының секреттарының жиырылғыштық, синтетикалық және сіңіру қабілеттіліктерінің бұзылуына әкеп соғады. Ал қан арқылы олар бауырға түсіп, оның қызметі бұзылады. Соның салдарынан улы заттар денеге тарап барлық органдар мен тінде уландырады.

Өлекседегі өзгерістер. Негізгі өзгерістер, әсіресе қатты ауырған кезде, ас қорыту органдары мен бауырда болады. Торайлардың қарнының кілегейлі қабығында катаральді қабыну байқалады. Ішектің кілегейлі қабығы ісінген,болбырағын, қызарған, әр жерде эрозия мен жаралар болуы мүмкін; кілегейлі қабықтың астында серозды инфильтрат;ішек қабырғасының ет қабат кірген. Ішектің ішінде жалқаяқ пен қан араласқан ботқа тәрізді толық қорытылмаған ас қалдығы болады. Бауыр үлкейген, шұбарала түсті. Өзінің негізгі түсі әр жерлерінде ғана сақталған, көптеген жері ағарыңқыраған, сарғайған немесе қызыл қошқылданған.

Бауырдың диафраграммаға қараған жағында өзгерістер анықтауға болады. Бауырдың кескен жері шұбар түстес, күңгірттеу, қаны аз; ал бүйректердің бөлшектері үлкейген, араларында бөлікше білінбейді.

Белгілері. Бұл ауру жедел, жеделдеу, созылмалы түрде емшек еметін торайлардың ішінде жиі кездеседі. Аурудың белгілері бір анадан туған торайларда кенеттен пайда болады да, олар 2-3 күн ішінде өліп қалады.

Ал жедел емес түрінде еметін де, емуден шыққан да торайлардың ішінде кездеседі. Ауру кейбір торайлардың нерв жүйесінің қызметінің бұзылуынан басталады да, 3-6 күннің ішінде мұндай өзгерістер бір анадан алнған барлық торайларда пайда болады. Егерде уақытында емдеу жұмысы жүргізілмесе, ауру созылмалы түрге айналып, торайлар көбінде өсіп-өнуден қалады.

Аурудың созылмалы түрінде бір айдан асқан емшектен шыққан торайлардың ішінде жиі кездеседі. Аурудың белгілері жайлап дамып депрессивті және депрессивті-қалшылдаған түрінде кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда торайлардың түрі нашарлап, көбінде жата береді де, ему мен тамақ жеуге зауқы болмайды. Дене қызуы қалыпты жағдайда болады.

Торайлар орнынан әрең көтеріліп, тәлтіректеп жүреді. Жүрек соғуы жиілейді,тыныс алуы жиілеп үстіртін болады. Бара бара құлақтың терісі, тұмсығы, қарынның маңайы, кілегейлі қабықтар көгере бастайды. Ішектің жиырылу процесі бұзылып, іштің өтуі іш қатуымен алмасып отырады. Егер бұл аурулар қабаттасса, онда дененің қызуы 40,5-41 С-ға дейін көтерілуі мүмкін. Ал депрессивті-қалшылдаған түрінде қоздырғыштық пен көңілсіздік белгілері бірінші болып біліне бастайды.

Қоздырғыштық белгілері бірнеше минутқа созылатын тамырдың тарылуымен сипатталса,одан кейін ауру мал бірнеше сағат депрессивті түрде болады. Торай дұрыс тамақ жеп, емшек еме алмайды, тамыр соғысы мен дем алысы жиілей түседі. Қатты тамыр тартылғанда, немесе тұншыққанда мал аяқ астына өліп кетуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет