Модуль 1. Гастроэнтерит ауруы
Тақырыбы: Бауыр аурулары. Гепатит
Бауырдың қызметі
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихы мағлұматтар
Бауыр ауруларының түрлері
Бауыр- қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астында орналасқан ішкі мүше. Бауыр организмдегі химиялық зертхана деуге болады. Негізгі қызметі қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен керек болар өнімдерді бөліп алады:
Ас қорыту кезінде мүшелерге қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қамтамасыз ету және әртүрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру;
Ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
Ағзадағы қан жасау және жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
Холестерин мен оның эфирін, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу ағзадағы липид алмасуын реттеу;
Он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорыту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау.
Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендердің суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ катиондардың қоры да бауырда болады.
Тарихи деректерге қарағанда қытайлықтар бауырды дәрі ретінде ерте заманнан қолдана білген. Олар бауырмен мейірімсіз, қаныпезер, қатыгез адамдарды емдеген деген деректер бар.
Б.з.д 6-5 ғғ. Арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократ бауыр аурулар түрлерін, әсіресе сары аурумен бауыр шемені осы бауыр қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқап білген.
Римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш ретадам мен жануардың бауыр құрылымын зерттеп, жазған және ғылыми түде өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: |