Авитаминоз Н (биотиндік жеткіліксіздігі) Витамин Н (биотин) ішек микрофлорасы арқылы синтезделеді және терінің қоректенуі мен бауырдағы май алмасуы үшін қажет. Бұршақта болады. Витамин жеткіліксіздігінен эмбриондардың өлуі салдарынан шығын көбейеді. өлген эмбриондарда астыңғы жақ қысқа, үстіңгісі астыға қарай қайырылған, курчавость оперения, перозис белгісі байқала бастайды. Жас құстар аяғының асты дерматиттен зардап шегеді де өлі еттеніп саусақтары түсіп қалады. Емдеу үшін 1 азыққа 0,12 мг, ал ірі құстарға — 0,4 мг витамин қосып беру қажет..
Авитаминоз С Витамин С, немесе аскорбин қышқылы зат алмасудың қалыпты жүруі үшін әсіресе күйзелісте өте қажет. Бұл витамин - сәбіз, шөп ұны және жасыл азықта көп болады. С витамин жеткіліксіздігінен анемия, жұмыртқалау төмендеп, қабағының түсуі, тері астына және бұлшық етке қан құйылуы байқалады. Емдеу үшін көп шөп, аскорбин қышқылын беру бөдене бройлердің өсіп-өнуін жақсартады.
Жалпы құстардың зат алмасу аурулары негізіне азықтандыру талабының сақталмауынан бастау алады. Гиповитаминоз А. – негізінен организмдер ретиколдың жеткіліксіздігінен туындайды(көбінесе құстардың барлық түрінде)
Патогенез. Ретикол қара бауырға жинақталып біртіндеп жұмсалынады да 3-4 аптаға шығындалады. Ретикол жеткіліксіздігінен белоктық май (жиров--) фосфорлық және басқадай алмасулар бұзылады.
Жалпылай авитаминоз және гиповитаминоз А. 10-15 күндікжасында пайда болады. Осы себептен жұмыртқа сапасы өзгеріп, сары уызда (желток) ретикол және каротин мөлшері азаяды.
Пат.өзн. тері атрофиясы, бауыр дистрофиясы, танау кілегей қабықтары қабынады, пневмония дамиды.
Симптомы. Ауру біртіндеп дамиды. Алғашында тәбет жоғалады; жетілуі нашарлайды. Қауырсына үйкеленеді. Осыдан барып асқорыту, тыныс алу жүйелері зақымдалады. Зоб, ішек, клоака, ринит, лариктотрахлат және т.б. дамиды. Кейбір құстардың көзі зақымданады, жасаурау, коньюнктивы ісиді, үшінші қабақ ісінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |