ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет22/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.Х-ХV ғасырлардағы ескерткіштерді Н.А.Баскаков неше топқа бөліп қарастырды?
2.Альтернация құбылысының екі саласы: дыбыс алмасулары, дыбыстар сәйкестігі.
3.Көне түркі жазба мұраларын зертеуде М.Жолдасбеовтың орны.
4.Көне қыпшақ және көне түркі тілдеріне ортақ лексикалық бірліктерді мысалға келтір?
5. Тіл сабақтастығы дегенді қалай түсінесің?

Дәріс №-9.Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің лексика-семантикалық байланысы
Кез келген топтың эволюциялық даму барысында ру, тайпа, ұлыс, халық, ұлт кезеңдерін бастан кешіріп дамуы - тіл факторынан тыс жүзеге аса алмайтын құбылыс. Қыпшақ тілдерін, оның ішінде қазақ тілінің тарихи тағдырын сөз еткенде орта ғасырларда, дәлірек айтсақ, ХІV ғасырда дүниеге келген жазба ескерткіштер тіліне жүгінеміз. Олар, атап айтсақ, белгілі түркітанушылар Э.Наджип, Ә.Керімов, Б.Сағындықұлы тарапынан әр қырынан зерттеуге алынған Құтыптың «Хұсрау мен Шырын», С.Сарайидың «Гүлистан бит-түрки», Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Махмуд-бин Алидің «Нахдж әл-фарадис» атты шығармалары (бұдан әрі ХШ, Мн, Г, НФ). Ал осы ескерткіштерді тұтас алып қазақ тілімен салыстыра зерттеу, екі дәуір тілінің алыс-жақынын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралау -бүгінгі күн талабы.
Х1 ғасырдан бастап ХІV ғасырға дейін тұтас тілдердің бәріне ортақ, әртүрлі ру, тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тіл болғаны анық. Кезінде А.Зайончковскийдің «ХІІІ-ХІV вв. сложился единый тюркский литературный или письменный язык» деген пікірінің маңызы зор (1, 93). Ғылымда осы кезеңдегі тілді «орта азиялық әдеби тіл», «орта азиялық түркі тілі» деп те атаған мәліметтер бар. Мұндай аясы тар терминдердің орнына Ә.Құрышжанов пен Ә.Ибатов «Орта түркілік жазба әдеби тіл» терминін ұсынады. «Орта түркі әдеби тілі» өз заманында тек қана Орта Азия емес, қазіргі Қазақстан жерінің барлық түкпірі мен солтүстік аймақтағы түркі халықтарын түгел, Еуропа жеріндегі Дешт-и Қыпшақ пен Қырым халықтары, тіпті сонау жер ортасы – Мысыр мен Шамды жайлаған мәмлүк қыпшақтарына тән жазба ескерткіштердің бәрін қамтитын, солардың бәріне ортақ әдеби тіл болған.
Осы пікірлерді басшылыққа алып ХІV ғасыр жазба мұраларының тілін көне қыпшақ тілі термині аясында қарастыра отырып, тұтас тілдік жүйе ретінде олардың лексикасын қазақ тілі лексикасымен сабақтастығын зерттеу маңызды іс.
Қазақ тілінің бай лексикасы бір ғасырдың жемісі емес екені ақиқат. Сан ғасырлардың тарихынан бастау алған қазақ тілі орта ғасырларда ру, тайпалық тілден тұтас бір ұлттың тіліне айналу жолында әртүрлі тарихи тілдік үдерістерді бойынан өткізді. Фонетика мен грамматикадан гөрі лексикадан тілдің өткен тарихы мен өсу жолы айқын көрінеді. Қазақ тілі лексикасы өз тарихын зерттеуде өзі дерек көз бола алады. Яғни, бүгінгі тілдік материалдарды XIV ғасыр жазба ескерткіштер тілімен салыстыра қарастырсақ, айырмашылықтардан гөрі ұқсас элементтер көптеп кездеседі. Аталмыш жазба ескерткіштерді қазақ тілінің қайнар көзі деп үкілегенмен қандай дәрежеде, қандай сатыда қайнар көз, бастау бұлақ екенін нақты дәлелдеу үшін жекелеген сөздерді тарихи-салыстырмалы әдіспен бүгіннен орта ғасырға, орта ғасырдан ежелгі түркі дәуірлеріне қарай індете зерттеу ғана толық жауап бере алады. Өйткені әр сөздің тарихында этнос өмірі бар. Тарихи лексикологияның басты объектісі - жекелеген сөздер. В.А.Лариннің айтуынша: «Далекая цель исторической лексикологии - выяснение таких компонентов словарный системы языка, которые в истории его развития эволюцинируют единым фронтом, т.с. обнаруживают прочные, устойчивые связи» (Ларин Б.А. История русского языка и общее языкознание. –Москва: Просвещение,1977.-222с.). Егер әрбір сөз тарихи тілдік сабақтастықты білдіретін болса, аталған төрт ескерткіштің 70-80 пайызына жуық сөздері қазіргі қазақ тілінде кездесуі - соған жарқын дәлел. Мұндай сөздерді былай төрт топқа жіктеуге болады: 1) мағынасы да, тұлғасы да толық сәйкес келетін ортақ сөздер; 2) мағынасы толық сәйкес келгенімен, тұлғасы ішінара өзгеріске түскен сөздер, 3) тұлғасы толық сәйкес келгенімен, мағынасы ішінара семантикалық өзгеріске түскен сөздер; 4) мағынасы да, тұлғасы да өзгеріске түскен сөздер.
Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің байырғы сөздік қоры ұлт тарихымен, жалпы түркілік тарихпен сабақтаса қалыптасты. Қазақ тілінің лексикасы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен, одан әрі жалпы түркі тілдерімен толық не ішінара лексика ортақтығымен ерекшеленеді. Қазақ жұрты жеке ұлт болып қалыптасқанға дейін түркі халықтарының ортақ арналарымен жүріп өтті. Қазақ лексикасы жалпы түркілік қабаттан өрістейді. Оның негізі, сөздік құрамы, фоно-морфологиялық құрылысы ежелгі түркі тілінен бастау алады.

Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы түркілік қабат түбір және тарихи сөздерден тұрады. Олардың ата түркі дәуіріндегі жалпытүркілік ежелгі түрін салыстырмалы-тарихи негізде жаңғырту арқылы байырғы қалпына келтіруге болады



Келесі қабат - қыпшақтық қабат. Қазақ тілінің лексикасы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен толық не жартылай ортақтығымен, ұқсастығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қазақ тілінің қыпшақтық лексикасының сілемдерін қыпшақ тіліне тікелей қатысты орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінен де іздеген жөн. Жазба мұрағаттар лексикасын зерделей қарасақ қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен, қала берді қазақ тілімен мағынасы да, тұлғасы да толық сәйкес келетін ортақ лексикалық параллельдерді оңай анықтаймыз.
Пікіріміз мәйекті болу үшін ортақ сөздердің тізімін жасайық.
Зат есім сөздердің қатары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет