ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



бет30/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қарахан әулетіне байланысты түріктердің жазба әдеби тілі ескерткіштері.
2. Орта Азия түріктерінің жазба әдеби тілі ескерткіштері.
3. Алтын Орда мен Мысыр түріктерінің жазба әдеби тілі ескерткіштері.
4. Қазақ тілі тарихын профессор М.Томанов қалай жүйеледі?
5. Қазақ тілінің тарихи даму кезеңдерін көрсеткен қандай тың пікірлер бар?


Дәріс№13.Түркі тілдерінің классификациясындағы қыпшақ тілдерінің орны
Қыпшақ тобына жататын тілдер тілдік ерекшеліктеріне, географиялық орнына, сол тілде сөйлеуші этностардың тарихи қалыптасу жолына байланысты түрліше жіктеліп келді. Махмұд Қашқари беженек, кыфжақ, башғырт, татар, қырғыз тілдерін Рұмға жақын орналасқан тілдер қатарына қосады. Тек түрік тілінде ғана сойлейтіндерге қырғыз, кыфжақ тайпаларын жатқызады, башғырт тілі аталған тілдерге жақын екенін, бұлғар тілі сөздердің соңын қысқартып айтатын түрік тілі екенін көрсетеді.
А.Ремюза қыпшақ тілдерін ноғай тобы, қырғыз тобы деп екіге бөлсе, В.В.Радлов Батыс Сібір, Еділ бойы татарлырының, Қырғыз, қазақ, қарақалпақ, башқұрт тілдерін түркі тілдерінің батыс тобына (негізгі белгілері – сөз басында қатаң q, k, t, p дыбыстарының келуі; сөз басында ұяң b дыбысының қолданылуы; сөз басында ұяң d дыбысының қолданылуы; дауысты дыбыстың алдында тұрған қатаңдардың ұяңдануы; s=ş, ç=ş, ç=ts дыбыстарының сәйкес келуі; z, s, ş дыбыстарының барлық позицияда қолданылуы; l дыбысының жуан – жіңішке варианттарның болуы), Қырым татарларының говорларын оңтүстік топқа (o, ö дыбыстарының бірінші буында ғана қолданылуы; сөз басында d, g дыбыстарының көп қолданылуы, сөз соңындағы ç=dz, t=d сәйкестіктері, i,ı дыбыстарының өзара ажырытылуы; соңғы буындағы дауыстылардың еркіндікке айналуы, буын үндестігінің толық сақталмауы т.б) жатқызады.
Ф.Корш қырғыз, қарашай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт тілдерін түркі тілдерінің солтүстік тобына ( негізгі белгісі – y, g дыбыстарының сөз ортасында және сөз соңында қолданылмауы; y дыбысының сөз соңында, ашық дауыстан кейін w дыбысына айналуы); қыпшақ (половец) тілін шығыс топқа ( негізгі белгісі – сөз соңында және сөз ортасында y, g дыбыстарының сақталуы) бөледі.
А.Н.Самойлович қыпшақ тілін тағлы тобына ( негізгі белгісі – тау сөзінің тағ болып айтылуы), тау тобы немесе қыпшық солтүстік-батыс тобына (негізгі белгісі – тағ лексемасының y немесе созылыңқы дауыстылармен айтылуы) қырғыз, құмық, қарашай, балқар, қарайым, татар, башқұрт тілдерін (монғол шапқаншылығына дейінгі тілдер), қазақ, ноғай ) монғол шапқыншылығынан кейінгі тілдер) тілдерін жатқызады.
В.А.Богородицкий қыпшақ тілдерін географиялық орнына қарай жіктеп, қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерін түркі тілдерінің Орта Азия тобына (ерекшелігі – ş=s дыбыстарының алмасуы); Еділ, Орал бойындағы татар, башқұрт тілдерін Еділ, Орал бойындағы түркілер тілі тобына (e=y, o=u дыбыстарының сәйкестігі); Чұлым, Барабин, Түмен, Тобыл татарларының тілін – Батыс Сібір тобына, құмық тілін оңтүстік-батыс тобына жатқызады.
М.Р.Рясянен қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз, құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт, көне куман тілдерін түркі тілдерінің солтүстік-батыс тобына жатқызса, И.Бенцинг Қара теңіз, Каспий жағалауындағы қыпшақ тілдеріне қарайым, қарашай-балқар, құмық тілдерін; Арал-Каспий тобына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерін жатқызады. К.Г.Менгес көне солтүстік-батыс түркі тілдері тобына көне куман тілін; Қара теңіз-Каспий тілдері тобына қарайым, қарашай-балқар, Қырым татарлары, құмық тілдерін; Еділ-Кама тілдер тобына татар, Батыс Сібір; барабин татарларының; башқұрт тілдерін; Арал-Каспий тобына қазақ, қарақалпақ, өзбек тілінің қыпшық диалектісі, ноғай тілдерін енгізген. Түркі тілдеріне жасалған жіктемелер ішінде түркі тілдерінің негізгі ерекшеліктері, сол тілде сөйлеуші халықтың этникалық құрылымы, басқа этностармен қарым-қатынасы біршама толық анықталған, көпшілік мамандар тарапынан қолдау тапқан Н.А.Баскаковтың классификациясында татар, башқұрт тілдері – қыпшақ тобының қыпшақ-бұлғар тілдер топшасына; қарайым, қарашай-балқар, қырым татары, қырымшақ тілдері – қыпшақ-половец тілдер тобына; қыпшақ-ноғай тілдер тобына – ноғай, қазақ қарақалпақ тілдері енгізіледі.
Р.Г.Ахметьянов түркі тілдеріне жасалған Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясының маңыздылығын көрсете отырып, қыпшақ тобындағы тілдердің жаңа жіктемесін ұсынады. Ғалым өз ойын: ‘Тілдерге генеалогиялық классификация жасауда олардың синхрондық жағдайын қалыптастырған диахрондық даму жолын айкындап алу қажет. Бұл үшін туыс тілдерден көрініс беретін түрлі фонетикалық белгілердің жалпы кешенінен бір-бірінен туындайтын өзгерістерді, яғни біртұтас тарихи процессті құрайтын фонетикалық заңдылықтарды ажырату аса маңызды, - дейді және бір-бірінен туындамайтын дыбыс өзгерістерінің өзара сабақтастығы болмайтындықтан генеалогиялық жіктеуде маңызды емес деп санайды. Сонор дауыссыздардың ассимиляциялық, диссимиляциялық ықпалдарына ерекше мән берген зерттеуші тотальды фонетикалық белгілермен қатар аталған заңдылықтарға байланысты туындайтын позициялық өзгерістерді де негізге ала отырып, қыпшақ тілдерін екі топқа бөледі: 1.ассимиляция, диссимиляция құбылыстары күшті дамыған елдер – қырғыз, башқұрт, қазақ, қарақалпақ тілдері; 2.ассимиляция, диссимиляция құбылыстары өлсіз дамыған тілдер – қазан татарлары тілі, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі, татар, құмық тілдері, сібір татарларының тілі, қарайым, қарашай-балқар, ноғай тілдері.
С.Е.Маловтың түркі тілдерінің қалыптасу кезеңдеріне қатысты жасалған тарихи жіктемесінде куман, қыпшақ, половец тілдері жаңа түркі тілдеріне; башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ноғай, татар тілдері ең жаңа тілдерге жатқызылады.Ғалым сүйенген принциптердің бірі – көне түркілік y, g дауыссыздарының инлаут, ауслаут жағдайларда өзгеріп w, j дыбыстарымен айтылуы немесе редукцияланып элизияға ұшырауы балаң тілдерге жатқызылып жүрген қыпшақ тілдеріне ғана тән емес, олардан бұрын қалыптасқан деп танылатын қарлұқ, оғыз тілдерінде (өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан), моңғол тілінде де кездесуі ең көне тілдер қатарындағы чуваш тілінде, ұйғыр-оғыз тілдерінде де көнетүркілік y, g-нің кей жағдайда сақталмауы түркі тілдерін тарихи қалыптасу кезеңдеріне қарай жіктеуге жаңаша көзқарас қажеттігін көрсетіп отыр. Қыпшақ тобындағы тілдер де өзге түркі тілдері сияқты алтай, түркілік тектіл, баба түркі тілі, көне түркі тілі дәуірлерінен бастау алып, базистік лекциясында баба тілдің, көне түркі тілінің элементтерін молынан сақтаған әрі жаңа сипатқа ие болған тілдер.
Түркі тілдеріне қатысты барлық жіктемелерді салыстыра қарағанда, қазіргі қыпшақ тобына жататын тілдердің фонетикалық жүйесі мен морфологиялық құрылымының ұқсастығы, сол тілде сөйлеуші этностардың генетикалық немесе тарихи жақындығы ғалымдар тарапынан принципті түрде ажыратылатын қайшылық тудырмайтынын байқауға болады. Батыс қыпшақ тілдеріне тән ортақ лекцияны жалпы түркілік деңгейде салыстыра қарастырған белгілі ғалым К.М.Мұсаевтың зерттеулерінде де қазіргі қыпшақ тілдерінің тарихи-генеалогиялық жақындығы лексика-семантикалық тұрғыдан дәйектеледі.
Жалпы бір негізден тараған тілдердің өзі де түрлі ішкі, сыртқы факторларга байланысты негіз тілдің белгілерін бірдей дәрежеде сақтай алмауы лингвоэволюцияның заңдылығы. Ал қазіргі қыпшақ тобына енетін тілдердің бір бөлігінің негізінде оғыздық сипаты бар көне бұлғар тілінің жатуы, қыпшықтану процесінен кейін де басқа туыстас тілдермен, мәселен, қазіргі оғыз тілдерімен (қарайым, құмық, қарашай-балқар, қырым татары тілдерінің әзірбайжан тілдерімен қарым-қатынасы), бұлғар тілдерімен ( татар, башқұрт тілдерінің чуваш тілімен қарым-қатынасы) тілдік қарым-қатынасқа қолайлы географиялық аумақта таралуы; негізін көне қыпшақ тілінен алатын ( көне қапшақ тілінде де оғызды элементтердің сақталғаны белгілі) қарақалпақ, қазақ, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі тілдерінің қарлұқ тілдерімен (ұйғыр, өзбек), ноғай тілінің оғыз тілдерімен (чуваш) қатынаста болуы олардың лексикалық қорындағы қыпшақтық қабаттың өзгерістерге түсуіне алып келді. Мұндай өзгерістер негізінен сөз тұлғаларындағы дыбыс сәйкестіктері арқылы айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет