ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет38/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Морфологиясындажатыс септік тұлғасының жоғалуы (мүлдем түсіп қалуы) және синкретті қымыл (етістік) атауларының есімше, көсемше, финитті етістік және етістіктен жасалған зат есімдерге (синтаксистің жалпы аналитизациясының аясында) айналуы.
Үрім халықтық-поэтикалық шығармалары үрім тілі мен батыс хун бұтағының өзге тілдері арасында терең тарихи байланыс бар екенін көрсетеді. Мұны орта ғасырлардан жеткен мысалдар аших Гариб туралы, арзу және Гамбер, Тахир мен Зоре (Зухра), Қозы Көрпеш, Махмерем мен Хуршутбег Көроғлы жайындағы дастандар дәлелдей түседі.
Үрім ән дәстүрінің дамуына ортағасырлық Қырымда кеңінен таралған осман поэтикалық дәстүрі өте күшті ықпал етті.
Ескі үрім (Старая урумская письменность) жазуы (христиан мәтіндерінің аудармалары, грек тіліне қатысты оқу құралдары, хаттар (переписка) грек жазуының негізінде жасалса, жаңа жазу (пьесалар қолжазбалары, әндер жинақтары, жеке адамдардың хаттары) – кириллица негізінде жазылған. Қазіргі үрім әліпбиі де кириллицаға негізделген.

ҚЫПШАҚ-НОҒАЙ ТІЛДЕРІ:
Қазақ тілі (ескіше қырғыз, қайсақ) - түркі тілдерінің қыпшақ-ноғай топшасына жатады. Қазақ тілі-түркілік бейнесін біршама жақсы сақталған байырғы тілдердің бірі. Ол түркі тілдері деп аталатын алып бәйтеректің аса ірі тармағы болып табылады.
Түркі тілдерінің туыстығы олардағы сөздердің лексикалық мағынасынан, граммтикалық құрылысынан, дыбыстық жүйесінен анық байқалады.Сондай-ақ түркі тілдерінің әрқайсысына тән лексикалық, грамматикалық, фонетикалық өзгешеліктері де болатындықтан, ондай ерекшеліктерді туыстас тілдердің деректерін салыстыру арқылы анықтаймыз.
Қыпшақ тобындағы тілдердің қарлұқ, оғыз тобындағы тілдерден негізгі айырмашылықтары ретінде маныларды атауға болады:
  • 8- 9 дауысты дыбыстың болуы, ы, і ,у, и дыбыстарының түрлі мәнермен айтылатындығы: татар, башқұрт тілдеріндегі бұл дыбыстар қазақ қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейтіндігі;


  • Аффикстер құрамында еріндік дауыстылардың айтылмайтындығы;


  • Сөз құрамындағы еріндік үндесудің әлсіз екендігі. Қазақ тілінде сөздің бірінші буынында еріндік, кейінгі буындарында қысаң/езулік дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларына ықпал етеді, алайда ол ықпал әлсіз болғандықтан,жазуда ескерілмейді;


  • Созылыңқы дауыстылардың жоқтығы; Созылыңқы дауыстылардың орнына қыпшақ тілдерінде дифтонгілер айтылады;


  • Көне түркі тіліндегі ғ, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына өзгерген жаңа тіркестердің (ау, ой, ыу, ей, ій, үй,үу, ұу) қолданылатындығы;


  • Көптеген тілдерде сөз басындағы қатаң п орнына ұяң б айтылатындығы, алайда жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен түрінде дыбысталатындығы;


  • Сөз басында қатаң қ, к, т дауыссыздарының жиірек қолданылатындығы;


  • Сөз басында й, ж, дж дауыссыздарының жарыса қолдаданылатындығы;


  • Сөз ішінде екі дауысты аралығында келген п,қ,к қатаңдарының ұяңданатындығы.


Қазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тобын құрайтыны, яғни Ноғай ордасы халықтарының негізінде қалыптасқаны мәлім. Дегенмен, қазақ халқының субстраты қатарында басқа да тілдік негіздер болғандығы айқын. Соған орай қазақ тілінің тек өзіне тән мынадай ерекшеліктерін көрсетуге болады:


  • Фузияда л-д-т сәйкестігі бар;


  • Түркі тілдеріндегі сөз басындағы й-ж-дж сәйкестігінен қазақ тілінде ол позицияда тек ж дыбысы жұмсалады; Й дыбысы тек біріккен сөздер құрамында, сөз ортасында ғана айтылады;


  • Қазақ тіліндегі ш қарлұқ тілдеріндегі ч дыбысына, ал с дыбысы ш дыбысына сәйкес қолданылады;


  • Сөздің абсолют басында ұяңдармен салыстырғанда қатаңдар көбірек кездеседі, алайда т-д, б-п сәйкестігі сирек болса да ұшырайды;


  • Интервокал позицияда т,қ,к қатаңдары негізінен ұяңдайды, дегенмен қазақы, қыпшақы, қалмақы сияқты бірқатар сөздер құрамында бастапқы қалпын сақтайды;


Қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі бірқатар ерекшеліктер тарихи даму барысында әр алуан мәдениеттермен, өзге тілдермен байланыста болудың, әртүрлі қарым- қатынаста болудың нәтижесінде орын алған.


Сондай жолмен пйда болған ерекшеліктерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Араб, парсы мәдениетінің ықпалымен сөздің абсолют басында, бірінші буында з, ғ, г, ә дыбыстары айтылатын болды;


  • Орыс тілінің қазақ тіліне тигізген ықпалының үлкен салдары ретінде э, в, ф, х, ч, щ дыбыстары қазақ алфавитіне, кейін орыс кірме сөздері арқылы жазба тіліне еркін еніп кетті.


  • Сондай-ақ, басқа түркі тілдерінде б, ғ, г ұяң дыбыстары келетін тұстарда қазақ тілінде у, к, қ дыбыстарының қолданылуын оның спецификалық ерекшелігіне жатқызуға болады: аба-ауа, тағ-тау, гелді-келді, ғырмызы-қырмызы.


Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы клетін біраз сөздерде қазақ тілінде с дыбысы қолданылады: баш-бас, таш-тас т.б. Алайда Қазақстанның оңтүстік аймағында әдеби тілдегі «с» дыбысымен келетін кейбір сөздердің құрамында «ш» дыбысы жұмсалатынын айта кеткеніміз жөн. Мысалы: мысық-мышық, есек-ешек т.б. [18, 29-б]


Басқа түркі тілдерінде сөз басында й келетін жерлерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады: йаш-жас, йол-жол, йаз-жаз, йыл-жыл т.б.
Кейбір түркі тілдерінде кездесетін дауысты дыбыстардың созылыңқы түрі қазақ тілінде жоқ: тау-тоо,ат-аат т.б.
Сонымен, қазақ тілінің негізгі ерекшеліктері мынадай болып келеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет