ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет6/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.Түркі этнонимдері туарлы алғашқы пікірлер.
2. Қыпшақ этнонимі туралы қандай пікірлер кең тараған.
3. Куман, кун, половцы этнонимдері туралы ғалымдардың пікірлері.
4. Қазақ атау туарлы қандай мәлеметтер білесің?
5. Башқұрт, татар, қарашай, қырғыз т.б. қыпшақ тектес ұлттардың атауларының этимологиясын қарастыр.

Дәріс-№4. Қыпшақтардың бірінші Астанасы
Тарихи деректерге қарағанда байырғы қыпшақтардың (ХІ-ХV), одан кейін Ақ Орданың, одан соң қазақ хандығының астанасы болған атақты қалалардың бірі – Сығанақ. Сығанақ Сырдарияның орталық ағысында, бүгінгі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының жерінде орналасқан. ХVI ғасырдағы атақты тарихшы Фазлалах Ибн Рузбихан Сығанақ қаласының жанынан Дешті Қыпшақ басталады дейді. Сонымен бірге, ол Сығанақты Дешті Қыпшақтың астанасы деп жазады. (қараңыз: С.Жолдасбеков. Сығанақ қаласы ашық аспан астындағы мұражайға айналуда// ЕҚ.,11қараша, 2014).
Бұл қалада сауда-саттық қызу дамып, өз заманының өркениетті орталығы болған. Қыпшақтар мен қимақтар Сығанақ қаласында тұрып және оның аймағын мекендеген. Түркістан, Мавереннахрдан, шығыстан Қашқар саудагерлері де қалаға қымбат бағалы заттарын әкеліп, қыпшақтармен айырбас сауданы да қызу түрде жүргізген. Адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы қала болған. Сығанақ атауы ХІ ғасыр туныдысы түркі лексикографы М.Қашқаридың «Диуан лұғат ат-түрік» еңбегінде де кездеседі.
Жазба деректердің мәліметтері бойынша, аймаққа қыпшақтардың келуіне байланысты мұндағы оғыздар оңтүстік-батысқа қарай жылжып кетеді. Ал Сырдың орта және төменгі ағысына Қыпшақ хандығы орналасады. Ибн Рузбихан Сығанақ қаласы «аймақтың солтүстік жағындағы жер жәннатының шеті, қала Дешті Қыпшақтың шекаралық сауда бекеті, бүкіл әлемге аумағының кеңдігімен, қауіпсіз әрі тыныш болуымен даңқы шыққан қала»,- дейді. Сығанақ Түркістанның ірі сауда орталығы болған, қала тау өзендерімен және Сырдариядан тартылған арықтармен суландырылып, егіншіліктің де орталығы болған.
Х ғасырдағы атақты арабтың жағрафиятанушы ғалымы Ал-Идриси Сырдария бойындағы оғыз-қыпшақтардың қалаларының көптігін жаза келіп, олардың ішінде «Сауран, Сүткент, Сығанақ қалаларын ірі қалалар еді. Ал Сығанақ нағыз сауданың қайнаған ортасы», деп ерекше көрсеткен. Сығанақ қаласы ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуіне байланысты олардың орталық қаласына айналды. Сығанақ қаласы білім мен мәдениеттің ордасы болған, көптеген ғалымдар шыққан.
ХV ғасырдың 65-66 жылдарынан бастау алады Қазақ мемлекеті пайда болғаннан бастап, Сығанақ оның астанасына айналған.
ХVІ ғасырдың басында Фазлаллах ибн Рузбихан «Сығанақ қаласы қыпшақтардың астанасы болған. Сығанақ базарына базар күндерінде 500 түйе сойылып, кәуап жасалып кешке дейін бір түйір қалмай сатылып кететін саудасы дамыған үлкен қала» деп жазады. Ал басқа ірі қара мен ұсақ малдың қанша болғандығының есебі болмаған. Бұл соңғы орта ғасырдағы қазақ хандығының дәуірлей бастаған кезіндегі қаланың аты шыққан кезі. «Сығанақтың ХІ-ХІІ ғасырлардағы Қыпшақ хандығының астанасы болғаннан бері есептейтін болсақ, қыпшақ тайпасы қазақ халқының негізгі этникалық құрамының бірі. Олай болса, Сығанақ қаласы халқымыздың халық болып қалыптасуына да, мемлекет болып құрылуына да алғашқы басты бір астанасы болғандығында ешбір дау болуы мүмкін емес»,-дейді профессор С.Жолдасбеков.
Фазлаллах ибн Рузбиханның Сығанақ қаласына беретін сипаттамасында қала Дешті қыпшақтықтардың солтүстік жағында орналасқан өте жайлы, адамдардың өмір сүруіне өқолайлы қала еді дейді. Қала орналасқан аймақтың өзі табиғи жағынан да адам баласының тіршілікке қажетті барлық мүмкіндіктерді пайдалануға, егін шаруашылығына да, мал өсіруге де қолайлылығын жазады. Қаланың суландыру жүйесін Сейхун (Сырдария) өзенінен Тұман тайпасының адамдары Тұман арығынан оман (канал) тартылып, қала аймағының көкорай бау-бақшаға оралып жатқанын көрсеңіз, бұл жалғандағы бір бейіште жүргендей сезінесіз. Ал қаланың аймағындағы орман-тоғайы халқын отын суынан таршылық көрсетпейді. Оның ішінде жайылып жүрген аң-құстардың көптігі молшылықтың белгісіндей. Сығанақтықтар ет керек болса, мойындарына садақтарын асынып, бір ақбөкенді атып келіп қажеттіліктерін тындырады. Керек болса, қысқы еттерін аңның етінен дайындап, сүрлеп алады. Олар үшін аң еті өте арзан.
ХV ғасырдың басындағы жазба деректерде Сығанақ қаласының аты жиі-жиі кездесіп отырады. Бұл кезде қала Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің қол астында біраз жылдар болғандығы айтылады. Кейін Ұлықбек Бараққа қарсы соғысып, жеңіліс табады. Барақ Сыр бойындағы қалаларын иемденіп, Оңтүстік Дешті Қыпшақты және Ақ Орданың астанасы Сығанақты біржолата өзінің қарамағына алады. Алайда, Барақ ханның аяқ астынан қаза болуына байланысты Сығанақ қаласы Шайбани ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468 ж.ж.) ханның қол астына өтуге мәжбүр болады. Хан Сығанақтың әкімі етіп Мане оғланды тағайындаған. Енді осы кезден бастап Ұрыс ханның ұрпақтары мен Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани (1500-1510 ж.ж.) ханның арасында Ақ Орданың билігі үшін де, Сығанақ үшін де талас-тартыс басталады. Қала бірнеше рет қолдан-қолға өтіп, экономикалық жағынан нашарлай бастайды.
Кейін қазақ ханы Бұрындық Сығанақты алуға келгенде қаланың әкімі Қазы Садыр әл-Ислам, тағы да басқа көрнекті адамдар ақылдасып, бұл қала бұрыннан Бұрындық ханның ата-бабаларының қолында болған, сондықтан қаланы оған берсек тыныштық болады деп, қақпасын ашып, кілтін Бұрындық ханға береді. Міне, осы кезден бастап Сығанақ қаласы қайтадан Қазақ хандығының астанасына біржолата айналады.
Рузбиханның деректері бойынша қалада қазақтар туралы алғаш рет баяндалады. Бұдан Жәнібек пен Керейдің Жетісу аймағынан оралып, Ақ Орда билігін өз қолдарына алып, Сығанақта билік жүргізгендерін көреміз. Сондықтан да екі ханның ұрпақтары мен Әбілхайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханның арасында шайқастар ХVІ ғасырдың соңына дейін болып, Сыр бойындағы қалалар қолдан-қолға өтіп, ақыр соңында қазақтардың қолына біржола қарап, Мұхамед Шайбани ұрпақтары Орта Азияға біржола ауып тынады. Бұл кез ХVІ ғасырдың басы, яғни 1510 жылы Мұхамед Шайбани хан өзін қолдайтын түркі тілдес ру тайпаларымен Самарқанды басып алып, сонда түпкілікті орналасып, Өзбек хандығын құрады. Ал Ақ Орданың ата билігін Барақтың ұрпақтары қазақ хандары Керей мен Жәнібек жалғастырып әкетеді.
Қазақ хандығының әлемге әйгілі бола бастағандығын Сығанақ қаласынан шыққан теңгелердің археологиялық зерттеу кезінде дүние жүзінің төрт бұрышынан табылып жатқандығынан көреміз. Теңгетану ғылымының маманы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Р.Бурнашеваның зерттеуіне қарағанда, ХІV ғасырдың соңғы кезіндегі Сығанақтан шығарылған күміс және мыс теңгелер Сырдария мен Еділ бойындағы қалалардан табылған.
Қаланың байырғы қыпшақтардың, олардың мұрагері қазақ елінің астанасы болғанына 1000 жылдан асты деп айтуға болады. Бүгінгі таңда Сығанақ археологиялық экспедициясы Қанат Тұяқбаевтың басшылығымен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан құрылған Сығанақ археологиялық экспедициясы (САЭ) ғылыми жұмыстарының материалдары қаланың экономикалық жағынан дамуы ХIV ғасырдың екінші жартысында айтарлықтай дамығандығын дәлелдеп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет