«Қыпшақтану» ғылымикурсының негізгі мақсаты - қазақ халқыныңэтникалық, тарихи және мәдени қалыптасуына негіз болған қыпшақтық өркениетпен таныстыру. Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:
- тарих сахнасындағы қыпшақтардың орнын бағамдау,
-көне қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттелуінен мәлімет беру,
- көне қыпшақ тілі мен қазіргі қыпшақ тілдерінің сабақтастығын зерделеу,
- түркі тілдерінің жіктеліміндегі қыпшақ тілдерінің орнын саралау,
-қазіргі қыпшақ тілдерінің ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету,
- олардың әдеби тіл болып қалыптасуын, мемлекеттік мәртебесін, саяси-әлеуметтік жағдайын айқындау.
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
Қыпшақтанудың қалыптасу көздері.
Қыпшақтанудың зерттеу нысаны.
Қыпшақтанудың мақсат-міндеттері.
Қыпшақтар туралы алғашқы дерек көздер.
М.Қашқаридың Диуан лұғат ит-түрік еңбегіндегі қыпшақтар туралы қандай мәліметтер бар?
Дәріс-№2. Қыпшақтар –тарих сахнасында Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап, түркітану ғылымында бүгінгі қазақтардың көне қыпшақтардың заңды жалғасы, мұрагері екені нақты айтыла бастады. Қыпшақтар қайдан шықты, қайда барды, қандай територияларды жайлады, байырғы қыпшақтардың ізін бүгін қай қиырдан іздейміз деген күрделі сұрақтарға тың тұжырымдар ұсынылды. Белгілі тарихшы Мурад Аджи былай деп жазды: “Кыпчак – это имя одного из древнейших тюркских родов. Возможно, он когда-то первым отселился с Алтая, и других переселенцев стали называть его именем” . Бұдан әрі ғалым тарихтағы халықтардың ұлы қоныс аударуының көш басында қыпшақтар болғанын айта келіп: “…Тогда, то есть к концу V века, кипчаки заселили пол Европы и всю Центральную Азию. Тюркская речь заглушала на Евразийском континенте любую другую. Тюрки были самым многочисленным народом мира… Один народ дал жизнь десятком других народов”,-дейді (Аджи М. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой степи.-М.: Новости, 1999).
Міне, осы қыпшақтар половцы, кумандар атала жүріп мың жылдан астам уақыт тарихта белгілі болған. “Қыпшақ” сөзі ең алғаш Селенгі өзенінің бойында тасқа қашалып бедерленген. Элетміш Күл Білге қағанның (747-757) басына қойылған құлпытаста былай жазылған: “түрк кыбчак еліг йыл ол дурмысың (когда тюрки-кыбчаки властвовали над нами пятьдесят лет). Араб зерттеушілерінің еңбектеріне үңілсек қыпшақтар ІХ ғасырдан белгілі болған (Кумеков Б.Е. Арабские и персидские источники по историй кыпчаков VІІІ-XІV в.в. —Алма-Ата: Наука, 1987).