ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Армян-қыпшақ тілінің ерекшеліктері



бет19/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Армян-қыпшақ тілінің ерекшеліктері:

Фонетикасы бойынша – 9 дауысты (а, е, ы, и, о, ө, у, ү);
Қ/қ дыбысының х-мен айтылуы ( хар «қар», айах «аяқ»);
Сөз басында қатаң дауыссыздың қолданылуы (таш «тас», кел – «келу»);

Нъ/ң дыбысының сақталуы (минь «мың», сенинь «сенің»);

Аффикс қызметіндегі к,г дыбыстарының шұғыл сипатаның сақталуы (хайтмаға «қайту/қайтпаққа», сатмахка «сатуға/сатпаққа»);

Ч, ш дыбыстарының және аффикс басындағы л дыбысының сақталуы (хачлар «кресттер», ишлар «істер»);
Дауыстылардың ерін үндестігі және буын (палатальді) үндестігі;


Морфологиясы бойынша – барыс септігінің тұлғалары –ка, -га;
есімдіктердің барыс септігі формасы манъа «маған», санъа «саған», аньар «оған»;
инфинитивтің –мага, -ма формаларымен берілуі;

-ган, формаларымен келетін етістік атаулары;
қалау райдың -гай тұлғаларының қолданылуы;
осы шақ мәнінің –ыйыр, -ийир формалары арқылы берілуі;
көсемшенің –гынча, -мынча, -гачох тұлғаларымен берілуі;


Лексикасы бойынша – шіркеуге қатысты (діни сипаттағы) арменизмдер, негізінен аударма мәтіндерде кездесетін иранизмдер мен арабизмдер;
Украин, поляк, латын кірме сөздері.
Грамматикалық жүйесі славян тілдерінің зор ықпалына ұшырап өзгеріске түскен.

Жазуы армян жазуы:

Болоргир – «дөңгелек/круглое/» жазу, мұнда дөңгелек формалы бас әріптер мен көлбеу бағыттағы кіші әріптер көлденең, вертикаль бағыттағы элементтермен бірге қолданылған;
Сонымен бірге, көлбеу бағытта жылдам жазылатын нотргир жазуы, онда дөңгелектелген (жұмырланған) элементтер пайдаланылған.
Қорыта айтқанда бүгінгі қыпшақтанудың басты міндеті, көне готика, көне армян, сына жазыларын меңгерген мамандар дайындап, іргелі зерттеулерге жол ашу. Армян-қыпшақ жазба ескерткіштері тілін қазіргі қыпшақ тілдерімен салыстырып, фоно-морфо-семантикалық деңгейде зерттеп, ортақ сөздік қорды анықтау, кейінге мол мұра қалдырған осынау этникалық топтың этногенезін зерделеу игілікті іс болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет