ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Хорезмидің «Мұхаббат-наме» поэмасы



бет16/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Хорезмидің «Мұхаббат-наме» поэмасы. Алтын Орда дәуірінде ХІV ғасырда дүниеге келген құнды жәдігерліктің бірі Хорезмидің «Мұхаббат наме» поэмасы. Ол 1353 жылы Сыр бойында жазылған. Хорезми автордын лақап аты. Ақ Орданың ірі әмірлерінің бірі Мухаммед Хожа бектің сарайында қызмет етіп, өз шығармасын соған арнап жазған. «Мұхаббат наменің» біздің дәуірімізге араб жазумен және ұйғыр жазуымен жазылған екі варианты жетті. Екеуінің де түпнұсқасы Лондонның Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар 1971 жылы Стамбулдың Ұлттық кітапханасынан араб вариантының екі көшірмесі табылады. «Мұхаббат наменің» ұйғыр варианты туралы алғаш 1924 жылы пікір білдірген академик В.ВБартольд болатын. Белгілі түріктанушы А.Н Самойлович поэманың араб вариантын 1928 жылы басқа да ескерткіштермен қоса зерттеді. Осы араб вариантын ұзақ жылдар бойы түбігейлі зерттеп, жариялауда белгілі түріктанушы ғылым Ә.Нәжіптің еңбегі ерекше атауға лайық. Ол араб вариантын орыс тіліне аударып, факсимилесімен, оқылуымен глоссариін, түсініктемесімен және ұйғыр вариантымен салыстырып басып шығарады. Ә.Нәжіп «Мұхаббат наменің» шығу тарихы мен тілі туралы бұл кезде ғылым белгілі бір тоқтамаға келді деуге болады. Аталмыш поэма қазақ тіл білімінде аз да болса зерттеліп көне түркі жазба ескірткіштерінің тіліне, жалпы тіл тарихына арналған кітаптарда біраз пікірлер жинақталды. Ал өзбек әдеиетінің тарихында өзбек әдебиеті көре туындыларының бірі ретінде қарастырылды. Ғылымда бұл поэманың тілі туралы сан түрлі пікірлер орын алған. Мәселен, Кюпрюлюзаде алтынордалық-шағатай тілі десе, А.Н.Самойлович Хорезм мен Алтын Ордадағы Жошы ұлысының әдеби тілі дейді. Ал Э.Н.Наджип ұйғыр, оғыз тілдерінің әсеріне ұшыраған қыпшақ тілі десе, С.А.Аманжолов А.Яссауи тіліне жақын, қазіргі өзбек және қазақ тілінің аралығындағы тіл деп таныса, А.М.Щербак ескі өзбек әдеби тілінің бір түрі деп топшылайды.
Біздің пікірімізше, «Мұхаббат-Наме» тілінде қараханидтік жазба әдеби тілінің азын-аулақ ықпалы байқалғанмен, көне қыпшақ тілінде жазылған. Бұл мұрағаттың қазақ тіліне жақындығы мен басқа түркі тілдермен байланысын анықтауда лексикалық, морфологиялық, фонетикалық белгілерге ерекше көңіл бөлген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет