Қырымшақ тілінің фонетикасындағы айрықша белгілері:
Алдыңғы қатарлы дауысты и дыбысының ерекше күшті редукциясы, ол әлсіз позицияда жазуда ы әрпімен таңбаланады: быр «бір», сыз «сіз», қытийим «кетейін», кыбык «қалай»;
Сөз соңындағы қ спирантизациясы (күшейтіле айтылуы): бойдах «бойдақ», қартлых «қарттық»;
Оғыз тілінен енген сөз басындағы в: вер «вер», вар «бар», вар –«бар/бару»;
Көмекші етістіктің оғыз формасы ол- «бол/болу»;
Сөз басындағы т дыбысының ч-ға алмасуы: чыш «тіс», чүш «түс», чүшмек «түсу/құлау»;
Ө,ү дыбыстарының сөздің басқы буындарында (депатализация) жуандап айтылуы: ач копеклер «аш төбеттер/иттер) мен ишчы дугульым (мен жұмысшы емеспін).
Морфология саласында қырым татарлары тілінің орта диалектісімен сәйкеседі.
Арнаулы лексика: қысреге «шынайы / шындыққа жанасымды
/правдивый», бутперест «бұтқа табынушы/идолопоклонник», чешни «дәм/вкус», русфай «жаман/нашар/зұлым/скверный», опранмах «қиналу/азаптану/страдать», қыбар «ұяң/ұялшақ/застенчивый», мефе «пайда», авада «қызмет/служба», амиле «жүкті/ауыр аяқ (әйел)/беременная», бехсун «көңілсіз/грустный», эйрон ол-«ғашық болу/влюбляться», исфат «ант/клятва» и т.п.
Қарайымдар маджмуа деп атайтын қолжазба жинақтарын қрымчақтар джонк (қырым татарлары тілінде джонк «альбом») деп атайды.
Құмық тілі
Құмық (қумуқ) тілі – түркі тілдері қыпшақ тобының қыпшақ-половец топшасына жатады.
Ерекшеліктері:
Фонетикасы бойынша – сөз басында ұяң г дыбысының жұмсалуы: гиши «кісі»;
Сөз (сын есім) соңында қ/к қатаң дыбысының сақталуы: ташлық (тасты жер//тастақ»;
Ассимилятивтік өзгерістер лд>лл, нл>лл, нд>нн, мд>мн, зс>сс: аттылы «атылды», заманалар «замандар», сенне «сенде», бурнумна «мұрнымда», йасса «(егер ол) жазса» (мысалы, қырым татарлары тілімен салыстырыңыз атылды, заманлар, сенде, бұрнымда, йазса);
Ілік септік жалғауының ықшамдалған нұсқада келуі: атны «аттың» < атнынь, гөзнү «көздің» < гөзнүнь;
Достарыңызбен бөлісу: |