Морфологиясында– тәуелдіктің жақ, көпше түрі аффиксі –ғыз/ -гиз/ -ғүз/ -ғүз (анағыз «аналарыңыз»);
етістіктен жасалған сын есім тұлғасы –ма/-ме: йазма «жазба (жұмыс)»;
келер шақтың –р тұлғасымен келуі: барар «барар», гөрүр «көрер»;
міндетті (түрде болатын іс-әрекет) келер шақ тұлғаыс –ажақ/-ежек: баражақ «баражақ/барады», кележек «кележек/келеді»;
қалау және бұйрық райлардың параллель формалары: йазғын / йазғыр «жазғын; жазғыр»;
-мақ / -мек, -ма / -ме, -маға / -меге тұлғалы етістік есім параллель формаларының қимыл атауы (инфинитив-супин) қызметінде жұмсалуы: айтмақ / айтмаға / айтма «айтпақ / айту (чтобы) сказать»;
Етістіктің (етістік-есім / глагольные имена) –аған және –ған тұлғаларының шақ мәнінде бір-біріне қарама-қарсы қойылуы: йүрүйген «жүретін/ходящий», йүрүген «келген/пришедший»;
терминативті көсемшелер: айтғанлы «ол айтқалы (бері)», эшигинче «ол естігенше / пока он услышит»;
Синтаксисінде –құрмалас сөйлемдердің анализацияға бейімдігі (үрдісі);
Лексикасында – көршілес – даргин, авар, лак тілдерінен ауысып келген кірме сөздердің кездесуі.
Диалектілері:хасавюрт, буйнақ, қайтақ (хайдақ), тау(подгорный) және тер диалектілері.
Ерекшеліктер арасында қайтақ және тау диалектілерінде дауысты дыбыстар (буын) үндестігінің (біріңғай жуан немесе біріңғай жіңішке емес) бұзылуы (алтмиш «алпыс», бермах «беру/бермек», жиймах «жию/жимақ»);
Қайтақ диалектісінде даргин кірме сөздерінде ғана емес, нақ түркі сөздерінің өзінде жуысыңқы ... – көмей (смычно-гортанные) дыбыстардың жұмсалуы: қ’анц «сірке суы/уксус», ч’анқа «метис», жақ’а «шошқа/доңыз», т’оймақ «тою/тоймақ»;
Қайтақ диалектісінде нәтижелі өткен шақтың –n тұлғасы және соның негізінде жасалатын бұрынғы өткен шақ (йативидим «жаты-п/р едім (я лежал было») –ған және өзге диалектілерде одан жасалатын өзге формалардың орнына жұмсалады.
Дәстүрлі жазуы араб әліпбиіне негізделген, 1929-1938 жж. – латын, одан кейін орыс афавиті қолданылады.
Құмық әдеби тілі халықтық-поэтикалық дәстүр («Ашик Гариб», «Көроғлы» эпостары т.б.) мен батыс түркі (лік) / ен батыс түркі (лік) / тюрки аралас әдеби тілі негізінде қалыптасқан. Қазіргі әдеби тілдің негізін салушылар – Ирчи Қазақ (1830-1880), Нухай Батыр-Мурзаев (1869-1919), Зейналабид Батыр Мурзаев (1897-1919).
Құмық тілін ғылыми негізінде зерттеушілер А.А.Шифнер, К.Г.Залеман, Ю.Немет, Б.Чобанзаде, Н.К.Дмитриев және құмық ғалымдары мен ағартушылары А.Акаев, А.А.Сатыбалов, М.Османов т.б.