Синтаксисі славян тілдернің ықпалына ұшырап, қатты өзгерген;
Лексикасы бойынша – еврей тілінен енген сөздер, славанизмдер, аздаған мөлшерде араб-парсы сөздері кездеседі.
Дәстүрлі жазуы еврей жазуына негізделген, негізінен шаршы (квадрат) пішінді болып келеді. Барлық жерде әр алуан мазмұнда жазылған маджмуа деп аталатын қолжазба жинақтары таралған. Баспада, сондай-ақ, латын және бейімделген орыс әліпбилері қолданылған.
Қарайым тілін ғылыми тұрғыдан В.В.Радлов, Я.Гжегожевский, В.А.Гордлевский, А.Н.Самойлович, А.Зайончковский, Т.Ковальский, А.Марткович, О.Прицак, С.М.Шапшал, К.Мусаев, В.И.Филоненко, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак сынды ғалымдар зерделеді.
Қарашай-балқар тілі
Қарашай-балқар (қарачай, балқар/малқар) тілі – түркі тілдері қыпшақ тобының қыпшақ-половец топшасына жатады.
Ерекшеліктері:
Фонетикасы бойынша – 8 дауысты (а, е, ы, и, о, ө, у, ү);
Сөз басында қатаң дауыссыздың келуі (тау «тау», күн «күн»);
Ч, ш дыбыстарының сақталуы (челек «шелек», аша- «асау, жеу»);
Инициалды (сөз басында) дж( джиырма «жиырма»)қолданылуы;
Ассимилятивті өзгерістер: дн>нн,нл>лл,нд>мн, нъд >нън, нб>мб, дл>лл (меннен<менден «менен» толла<тонлар «тондар, тұлыптар», кесимнен<кесинден «өзіңнен», омбир<он бир «он бір», келелле<келедилер «олар келе жатыр»);
Морфологиясы бойынша – көпше түр жалғауы толық және ықшамдалған тұлғада жұмаслады: -ла, -ле және –лар/-лер;
салыстырмалы шырай аффиксі - -лай/-лей;
инфинитив тұлғасы –рға/-рге
терминативті көсемше тұлғалары –ғалы, -ғынчы, -ғанлай (джазғанлы «жазғалы бері», келгинчи «келгенше/келгенге дейін», киргенлей «кіргені сол еді, кіргендей-ақ»);
кесімді келер шақ (бедущее обязательное время) –рық, -нық, -лық, (қаллықма «мен қаламын»);
Синтаксисі бойынша – әрекет субъектісі бар бейпредикативті оралымдар қатысатын есімшелі, көсемшелі және қимыл есімді жай сөйлемдер көбірек қолданылады;
Лексикасы бойынша – осетин, адыгей, абхаз тілдерінен енген сөздер, осы халықтарға ортақ мифологиялық атаулар көптеп кездеседі (құдайлар мен батырлардың, қаһармандардың есімдері.)
Диалектілері: қарашай-бақсан-чегем немесе ч дыбысты (чокающий) (әдеби тілдің негізі болып саналады), малқар немесе ц дыбысты (цекающий), холам-бизигей немесе аралас диалекті.
Достарыңызбен бөлісу: |