ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет41/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Синтаксисінде-құрамында өз бастауышы бар есімшелі, көсемшелі оралымды бағыныңқы сөйлемі бар құрмалас сөйлемдердің көптен жұмсалуы;

Лексикасында-қазақ тіліне әртүрлі тілдер арқылы еніп, әртүрлі фонетикалық пішінде қалыптасып орныққан араб-парсы сөздері: уәкіл «уәкілдік берілген (адам немесе орган)»- өкіл «өкіл, сенімді тұлға», ауа-әуе, әзір «дайын; әлі»- қазір; архикалық монғолизмдер- батыр, жасақ «қол»,дулыға, нөкер «әскер, шабарман,қызметі», ноқай «надан», орыс сөздері-болыс «волостной», уез «уезд», пеш «печь», жандарал «генерал», майыр «майор», поез «поезд».

Диалектілік жағынан алғанда қазақ тілі бірыңғай деуге болады.Сондықтан говорлар тобын бөлуде бірізділік жоқ. Анағұрлым айқын диалектілік белгілерге мыналар жатқызылады: ч/ш, дж/ж,п/б, нъл/нъд,ғ/у, і/ы дыбыс сәйкестіктері (чаң «шаң», джақын «жақын», полат «болат», маңлай «маңдай», суғару «суару», тірнектеу «тірнектеу/тырнақтау»);

Жазуы:қазақ тілінің тарихында жазу дәстүрі көне түркі (руна / «құпия») (Орхон-енисей, талас т.б.)VIII-IX ғғ., араб (орта түркі дәуірі), латын графикасы және қазіргі кещдегі кириллица (ХІХ-ХХ б. В.В.Радлов (1870), кейінірек Ы.Алтынсарин (1879) өңдеген) кезеңдерінен тұрады.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеген (1912) араб жазуы Қазақстанда 1926 ж. Дейін қолданылған, одан кейін енгізілген латын жазуы 1940 ж. Кириллицамен алмастырылған. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қайтадан латын графикасына көшу мәселесі жан-жақты талқылануда.
Қазақ әдеби тілі суырып салма ақындар мен жыраулардың арқасында жалпыхалықтық ауыз әдебиеті нұсқаларының негізінде қалыптасқан.
Қарақалпақ тілі
Қарақалпақ тілі (қарақалпақ; этникалық топтары: қоңырат – шүллік (қыйат, ашамайлы, қолдаұлы, қостамғалы, балғалы, қандекли, қарамойун, мүйтен), жауынғыр (теристамғалы, бақанлы-шәұжейли, тийекли, ырғақлы, баймақлы, қазайақлы, ұйғыр), он төрт уруұ «он төрт ру» - қытай, қыпшақ, кенегес, маңғыт) – түркі тілдері қыпшақ тобы қыпшақ-ноғай топшасына жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет