Іс-иш, кісі-киши, таста-ташла, жас-ёш, сондай-шундай т.б.
Қазақ:бас, қарақалпақ:бас, өзбек: бош,түрікмен: баш, ұйғыр: баш; Қазақ:қас, қарақалпақ: қас, өзбек: қош, түрікмен: гаш,ұйғыр: қаш; Қазақ: құс, қарақалпақ: кус,өзбек: куш, түрікмен: гуш, ұйғыр:қуш;
Қазақ; жасыл, қарақалпақ: жасыл, өзбек: яшил, түрікмен: яшыл, ұйғыр: йешил;
Қазақ тілін қырғыз тілімен салыстырсақ, с орнына ш, ал ш орнына ч дыбысы қолданылатынын көреміз: есік-эшик, тесік-тешик, тас-таш, шебер-чебер, шаң-чаң, шөп-чөп, ошақ-очок, қаш-қач т.б. Қазақ: қаш,қарақалпақ: қаш,өзбек: қоч, түрікмен: ғач, ұйғыр: қач;
Қыпшақ тобына жататын қазақ және қарақалпақ тілдеріне тән сөздердің ықшамдалуға бейімдігі қарлұқ (өзбек, ұйғыр) және оғыз (түрікмен) тілдерінде кездеспейді. Мысалы: қазақ : ұл, қарақалпақ: ул, өзбек: угил,ұйғыр: огул, түрікмен: огул;
Қазақ тілінің морфологиясында мынадай ерекшеліктер байқалады:
*--қ/у сөзжасам тұлғаларының параллель жұмсалуы сұрау/сұрақ;
* ғылықты/-гілікті формасымен есімнен жасалатын сын есім (тұрғылықты, тыңғылықты, жергілікті); * әлде элементімен келетін белгісіздік есімдіктері (әлдекім «біреу,белгісіз біреу», әлденеше «бірнеше»);
*-утұлғалы қимыл атауы (бару,келу); * инфинитив –уға,-уге (баруға «бару», келуге «келу») (бару керек, келу керек);
* - а, -е, -й, -п көсемшелері мен олардың негізінде жаслатын перифрастикалық аналитикалық етістікті тіркестердің өнімді қолданылуы (қызар бастады, көріп шық, қарап жүр); * қалау райдың аналитикалық формасы (барғым келеді бергің келді); *-а-тын <–а тұғын <–а тұрған аналиткалық есімше формасы негізінде жаслған (бұрынғы) дағдылы өткен шақ (айтатынмын);
* -а-ды / -а-д тұлғалы осы шақ (тұрады / тұрады (турат));
*- ыңқыра /-іңкіре тұлғалы етістіктер (барыңқыра / бара түс, кіріңкіре/ кіре түс, жүріңкіре/жүре түс, жүрісіңді үдет);
* Сан есімдердің барлығына бірдей топтау жұрнақтарының жалғанбауы, яғни бірденжетіге дейінгі сандарғана- ау/-еу қосымшаларын қабылдайтындығы: біреу,екеу,үшеу,төртеу, бесеу, алтау, жетеу; *Сын есімдерден етістік жасалғанда, белгілі бір лексика-семантикалық топқа жататын сөздерге жалғанатын жұрнақтардың бірыңғай еместігі.Мысалы, түр-түс атауларына етістік жасайтын қосымшалар жалғанғанда бірде –ар/ -ер, бірде –ай/ -ей нұсқалары қолданылады: ақ+ар ағар, қызыл+ар қызар, көк+ер көгер, сары/сарығ+ай сарғай, қара+ай қарай,сұр+лан сұрлан т.б.
*Етістіктің бірнеше сөзден тұратын аналитикалық формасының жұмсалуы: сүрініп кете жаздап барып тіктелді;