ОқУ Әдістемелік кешені



бет15/17
Дата07.02.2022
өлшемі314,5 Kb.
#95738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
32250024-e02c-11e5-bf37-f6d299da70eeУМКД цветовед. материалы

Дәріс № 13
Тақырыбы: Түс және кеңістік
Түс және орта. Түс-түр өзгертуші құрал; жаңа заманғы архитектура түстің алатын қосалқы орны.
Түс – кеңістікті салмақ пен көлемді модификациялау құралы. Түстің көмегімен кеңістіктік иллюзия мен сезінуді құру. Кеңістіктік жоспарлар мен акценттік назар объектілерінде түс параметрлерінің критерийлері, олардың тұтыну мерзімі.


Дәріс № 14
Тақырыбы: Түсті қабылдау.
Түсті көру арқылы қабылдау заңдылықтары. Психологиялық, физиологиялық және физикалық факторлар. Түстердің жылы-суық болуы. Түстің өзіндік емес сапасы. Константты және аконстантты қабылдау. Контраст. Бірізді, шекералық контрастың әрекеті.
Түстер реңі, жарықтылығы және қанықтылығына қарай ажыратылады. Жарықтылығы 10 кд/м2 болғандағы түстің спектр бойынша көлеңкелер саны, максималды қанықтылық жағдайында 150-ге тең. Қанықтылық деңгейін анықтау 4-тен (сары түс үшін) 25-ке (қызыл түс) дейін. Жекеленген жағдайда адам 10-12 түс реңін анықтай алады, ал басқа түстермен аралас 8-ден көп емес болады. Объектінің жарықтылығы осы түсті қабылдауға әсер етеді. Жарықтылық азайған сайын сары және көк түстердің біртіндеп түссізденуі болады, ал спектр үш түсті болады: қызыл-жасыл-күлгін. Түсті қабылдай сонымен қатар объектінің бұрыштық өлшеміне де байланысты: өлшемнің кішіреюіне байланысты көрінетін жарықтылық өзгереді және түсі бұрмаланады. Сары және көк түстер ең көп өзгеріске ұшырайды.
Көп жағдайларда түс гаммаларын таңдауда көру арқылы қабылдау сипаттамаларын, яғни ажырату ұшқырлығын ескерген дұрыс.
Фон түсі мен символ түсінің келесідей мүмкін комбинациялары қабылданған (нақты қабылдауының кему ретімен):
Көк – ақ түсте;
Қара түс сары түсте;
Жасыл – ақ түсте;
Қара – ақ түсте;
Ақ – көк түсте;
Жасыл – қызыл түсте;
Қызыл – сары түсте;
Қызыл – ақ түсте;
Қызыл-сары – қара түсте;
Қара – қара-қошқыл түс;
Қызыл-сары – ақ түсте;
Қызыл – жасыл түсте;
Жарықтық сипаттамалары.
Олар жарық шығаратын объектінің көру аумағының өлшемін, сонымен қатар жылдамдық пен жарықталатын ақпаратты өңдеудің қатесіздігін анықтайды. Жарық шығаратын объектіні көздің қабылдауы 106...105 кандел/м2 жарықтық аралығында болуы мүмкін. Жарық шығаратын объекттің жарықтығын табу формуласы келесідей:
В=К - 0,25ln(а) + 0,79;
мұнда, К – шағылысу дәрежесі (егер К = 1.. .2 , оператор ыңғайсыз жағдайда болады; ал К = 3... 8 – ауыртпалық жағдайда болады); а – жарық шығаратын объектінің бұрыштық өлшемі (градуспен өлшенеді). 15*106-нен жоғары болатын жарық көруді шағылыстырады.
Пайдаланушының ұзақ уақыт көру жұмысын қамтамасыз ету үшін экрандағы объекттердің жарығы 64 кд/м2 аспау керек; мұнда жарықтықтардың ауысуы пайдаланушының көру аумағында 1:100-ден аспау қажет. Күрделі объекттерді тез ажырату 3*103 кд/м2 жарығы кезінде болады.
Сонымен қатар қара түстілерге қарағанда ашық түсті объектілерді қабылдау 3-4 есе төмен екенін ескеру керек; ашық түсті объектілер қарта түсті фонда тез анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет