ОқУ Әдістемелік кешені



бет16/17
Дата07.02.2022
өлшемі314,5 Kb.
#95738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
32250024-e02c-11e5-bf37-f6d299da70eeУМКД цветовед. материалы

Дәріс № 15
Тақырыбы: Түс символикасы.
Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп: ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі, бұл нервке қатысты деп есептейді.
Физика саласындағы ғалымдарды түр-түстің энергетикалық табиғаты қызықтырады, физиологтар болса, адам көзінің түр-түсті қабылдау үдерісін зерттейді, психологтар түр-түс адамның психологиясына қалай әсер етеді, қандай эмоция туғызады деген мәселелерді қарастырады, гуманитарлық салаларда (көркем әдебиет пен көркем өнерде) түр-түстің эстетикалық қызметіне көңіл бөлінеді.
Ал лингвистикада, оның ішінде, әсіресе, когнитивтік лингвистика саласында түр-түс атауларын сол тілді иеленушілердің әлем бейнесі тұрғысында жинақтаған өмірлік тәжірибесін, рухани болмысындағы ерекшеліктерді танытатын тілдік дереккөздер ретінде қарастыру қарқынды жүре бастады. Лингвистикада түр-түс атаулары американдық ғалымдар Л. Уорф, Э. Сепир еңбектерінде, көптеген жекелеген тіл білімдерінде түр-түс атауларының концептуалдық, символикалық т.б. сипаттары туралы зерттеулердің туындауына түрткі болды. Мысалы, қазақ тіл білімінде түр-түс атауларын Н.Н. Аитованың [1], Ш.Қ. Жарқынбекованың зерттеулерін [2] атауға болады.
Жалпы тілді ұлттың таным-түсінігі, сана құрылымы, ойлау механизмі туралы мәліметтердің көзі ретінде қарастыру тілді белгілі бір ұлттың рухани-мәдени коды ретінде танытуға бағытталатын В.фон Гумбольдт концепцияларымен іліктес жатыр деп ойлаймыз [3, 138 б.].
Түр-түс атаулары, түр-түс символикасы – әрбір халықтың өзіндік феноменін танытатын күрделі құбылыс. Осыған байланысты қазіргі кезде жедел даму үстіндегі тілдердің қолданылуының когнитивті және прагматикалық аспектілерінің зерттелуінің аясында түр-түс атаулары да жиі қарастырылып келеді. Өйткені түр-түс атауларының лингвистикасы «тіл және ойлау», «тіл және қоғам», «әлемнің тілдік бейнесі» сияқты іргелі мәселелердің жаңа қырларын таныта алады. Сонымен қатар түр-түс атаулары мәдениетаралық коммуникацияда да ерекше маңызға ие. Түр-түс атаулары этномәдени жағынан барынша байлаулы (маркерлі). Түр-түс атаулары – мәдениеттің жемісі, әрі мәдениетті жасайтын фактор; ұлттық мәдениетті танып-білудің негізгі құралы. Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі осында.
Сондықтан тілші-ғалымдар түр-түс атауларының барлық аспектілеріне назар аударып келеді. Ғалымдарды төмендегі мәселелер ойландырады:
– әрбір ұлтқа тән маңызды (когнитивті және прагматикалық тұрғыдан)
түр-түс атауларын ажырату;
– түр-түс атауларына лингвистикалық парадигма ретінде қарап,
зерттеу;
– түр-түсті қабылдау мен оны атаудың универсалиялары;
– лексикалық-семантикалық ақпарат беретін компоненттерді
зерделеу;
– түр-түс атауларының семантикалық өрісінің корреляциясын
анықтау;
– түр-түс атауларын метатіл ретінде зерттеу;
– әрбір халықтың түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктерін
салыстырып, кешенді түрде сипаттау және т.б.
Осы аталғандардың ішінде бірнеше аспект айрықша маңызды болып, қазірге дейін, зерттеулердің көп болғандығына қарамастан, қызу пікірталас тудырып отыр. Атап айтқанда, мұндай мәселелердің бірі – әрбір ұлтқа тән маңызды, ұлттық этносимволиканы білдіретін түр-түс атауларын ажырату. Көптеген ғалымдар И. Гётенің жүйесін атап өтеді; ол барлық түр-түс спектрін үш топқа бөлген:
1. Негізгі түстер: сары, көк, қызыл; басқа түстер осы арқылы жасалады.
2. Бірінші дәрежедегі құрамдас түстер – жасыл, қызыл сары (оранжевый),
сия көк, бұлар негізгі екі түстің араласуы арқылы жасалады.
3. Екінші дәрежедегі құрамдас түстер – бірінші дәрежедегі түстердің араласуынан пайда болған түстер [4].
Ал америкалық лингвистер Б. Берлин мен П. Кей пікірі бұл мәселенің анық-қанығын ашып берді деп есептеуге болады. Олар 98 тілдегі түр-түс атауларын зерттеп, жинақтаған материалдың негізінде 11 негізгі түсті көрсетеді: basic colour terms – black (қара), white (ақ), red (қызыл), yellow (сары), green (жасыл), blue (көк), brown (қоңыр), purple (алқызыл), pink (қызғылт сары), orange (қызылсары), gray (сұры) [5].
Яғни, қайсыбір тілде бар болғаны үш қана түс атауы болатын болса, онда олар – ақ, қара, қызыл. Орыс тілші ғалымдарының көпшілігі осы жіктемені мойындайды және орыс тілінде 11 негізгі түс бар деп санайды, олар – ағылшын тіліндегі blue дегеннің орыс тілінде екі баламасы бар деп есептейді: blue – көк (синий) және көгілдір (голубой).
Б. Берлин мен П. Кейдің жіктемесі негізінде ғалымдар барлық тілдердегі дерлік түр-түс атаулары төмендегідей иерархияда орналасады деп есептейді: black, white}- >{red}- >{green, yellow}- > {blue} - > { brown } → > {gray, orange, pink, purple}. Бірақ орыс ғалымы Р. Фрумкина жоғары аталған жіктемеде түр-түс атауларының 11 болып көрсетілуі шартты түрде деп есептейді, солай бола тұрса да, өзінің негізгі түр-түс жіктемесін ұсынбайды. Р. Фрумкинаның пікірінше, негізгі түр-түс атауларының олардың реңктеріне (мысалы, көк-көкшіл) қарсы қойылуы мәдени-тарихи және психологиялық факт болып табылады, олар психофизиологиялық тұрғыдан қарағанда өзара теңбе-тең. Яғни, психофизиологиялық жақтан түс пен оның реңктеріне бөлу мүмкін емес, бұлайша бөлу әлемнің қарапайым бейнесіне тән. Түр-түс атауларының негізгілерін, маңыздыларын, яғни ұлттық-мәдени ерекшеліктерді белгілей алатындарды ажыратып көрсетуде түр-түс атауының негізгі түбір болатындығы да айтылады. Бұл пікір бойынша, сұр – негізгі түс; сұрғылт – негізгі түс емес, түстің реңкі. Осыған байланысты орыс тілінде 800-дей атау бар деп айтылады [6].
Ал қазақ тіліне келер болсақ, «Сырға толы түр мен түс» [7] кітабында қазақ тіліндегі түр-түс атауларының саны көрсетілмейді, авторлар түр-түс атауларын біршама санап шығады, бірақ олар толық емес. Бұдан басқа қазақ тіліндегі құла, шабдар, тарғыл, күрең деген түстер қазақ ұлты үшін маңызды, бұлардың қазақ халқы үшін этнобасымдығы мен этнорелеванттығы бар. Бұған қазақ көркем әдебиетінің фактілері мен паремиология, бастысы, түр-түске қатысты ғылыми зерттеулер айқын дәлел бола алады.
Қазақ тіліндегі этнобасымдық пен этнорелеванттыққа ие түр-түс атауларының талдауына келгенде, А. Тоқтаубайдың ғылыми-зерттеу мақаласының маңызын ерекше көрсетуге болады [8, 15 б.]. Ол: «Қазақта жылқы түстеріне байланысты сөздер өте көп. Қазір біздің картотекамызда жылқы реңіне қатысты 300-ге жуық сөздер бар» деп көрсете келіп, оларды орыс, француз, неміс тілдеріне аударудың мүмкін еместігі туралы айтқан шетел ғалымдарының пікірін келтіреді. Және қазақтың жылқыға байланысты шыққан наным-сенімдерінің ішінде осы түлік түсіне байланысты жора-жосықтарды зерттеудің тұрарлық іс екенін дәйектей отырып, қадірленетін жылқы түсіне келгенде, алғашқы орында қаракөк, одан кейін шұбар (оның ішінде, бозшұбар, көкшұбар, байшұбар), бұлардан кейін тобылғы торы, күрең, жирен т.с.с ретімен баяндайды. Тіпті «Абайдың әкесі Құнанбай өзінің түп-тұқиянын «Қаракөктің тұқымымыз деп ажыратқан» деген деректі де келтіріп, қаракөк түсінің қазақ дүниетанымында ерекше қастерленетініне көптеген дәлелдер келтіреді [8 , 15 б.].
Парсы тілінде де түрлі тұқымдас жылқы аттарын беру түр-түс негізінде жүзеге асқан. Әр ақынның шығармасында жылқының дәрежесін оның түр-түсіне көңіл бөлгендігі зерттелінеді. Сонымен әр ақын жылқыға ат беру және түр-түспен суреттеуі шеберлікпен бейнеленген.
Бұрынғы кезде түр-түсті тек қана өнер және әдеміліктітануда қолданған болса, бірақ қазіргі таңда түр-түс атауы экономика және өндіріс саласында кең қолданыста. Көптеген поэзиядағы теңеулер мен ойлар түр-түс негізінде туындаған.
Парсы поэзиясындағы түр-түс атаулары негізінен шығарманың мазмұны мен тақырыбына қатысты берілген. Көне парсы қасидаларында, ақындар мереке күндері патша сарайларында болып, көктем және күз мезгілдерін көрсеткен. Бірақ ақындар өз шығармаларында көктем көрінісін өте көп бейнелеген. Ақындардың ойынша «Ертедегі ирандық ақындар шөл және қуаң даланы, көктемді, Каспийдің жап-жасыл айналасын және Мазендаранның түрлі түсті ормандарын өте керемет суреттеген» [9, 23 б.]. Парсы поэзиясында түр-түстер қолданылған, тақырыбы да белгілі болған. Мысалы: ағарған шаш → кәріліктің , қарға→ақ және қара түс , алма→ сары және қызыл, жасмин, лилия және нарцисс гүлі → ақ түс, фиалка→ қара түс, жасыл жер →көк шөп және аспан әлемін бейнелуде түрлі түсті формадағы мата немесе түрлі түсті гауһарлармен салыстырылған. Қызыл, ақ түстер арқылы сүйіктісін бейнелеген және сары, қызыл түстермен ғашығын суреттеген.
Соңғы жылдары әлем тілдерінде түр-түс атауларын беретін лексикалық тілдік бірліктер құрамы мен саны жағынан күрт өзгеріске ұшырады. Бұған ағылшын тіліндегі лексикалық модельдердің әсері болып отыр. Ағылшын тілінде, әсіресе, жарнама терминдерін беру кезінде сипаттама түр-түс атаулары жиі қолданылады: олар мәдениетаралық қарым-қатынас бойынша орыс тіліне де өтіп, колоростика терминдерінің қатарын толықтыруда. Орыс тілінде негізгі түр-түс атауларымен қатар объектінің түсін нақтылайтын атаулар (изумрудный, малиновый, сиреневый), түстің реңктерін айқын көрсету үшін приставка қосылып жасалған атаулар (ярко-синий, светло-коричневый, бледно-розовый) қолданылады.
Эмоциялық реңк үстемеленген атаулар (вызывающе розовый, темно лиловый, крутой красный), заттың атауымен тіркескен сөздер (цвет морской волны, цвет слоновой кости, цвет асфальта, цвет кофе с молоком, пепел розы, пьяная вишня, бежевый иней, мокрый асфальт), ассоциацияға негізделген атаулар қазір жиі қолданыста. Мәдениеттердің өзара тығыз байланысы нәтижесінде аталған түр-түстер қазақ мәдениетінен де орын алды. Алайда тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынаста түр-түстердің орысша атаулары қолданылады (Көйлек сатып алдым. Түсі өте әдемі – цвета морской волны – ауызекі сөйлеу тілі). Қазақ көркем әдебиетінде жоғарыда аталған түр-түс атауларының қазақша баламалары мүлдем кездеспейді деуге болады, қазақ суреткерлері негізгі түр-түс атауларын пайдаланады. Жазушы Ғ. Мүсірепов ««Кофе с молоком»-дегенді «кофе түстес» деп тілге біртіндеп енгізе беру керек шығар» деп айтқан болатын [10].
Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, қазіргі заманда қазақ тілінде түр-түс атауларын білдіретін лексикалық топтың құрылымы мен құрамы едәуір өзгеріске ұшырады. Бұған әсер етіп отырған жағдайлар: а) экономикалық, әлеуметтік-мәдени байланыстар аясының кеңеюі; ә) жанрдың жеке типі ретінде жарнаманың дамуы; б) әлеуметтік-мәдени байланыстардың негізінде туындаған мәтіндер мен жанрлар типтерінің қазақ тіліне кеңінен аударыла бастауы және осының нәтижесінде өзге тілдердегі түр-түс атауларының қазақша баламаларының ұсынылуы.
Қорытындылай келгенде,соңғы кезеңдерде түр-түс атаулары тақырыбы көптеген зерттеушілердің назарын аударып отыр. Өйткені түр-түс атаулары - әрбір халықтың өз игілігі. В.А. Московичтің көрсетуінше, түр-түс атаулары лейтмотивті сипаттағы, әрбір ұлттың әлемнің бейнесін пайымдауындағы эмоционалды образға ие, сонымен қатар дербес авторлық дүние-танымды көрсететін үлкен категория [11, 84 б.]. Шын мәнінде түр-түс атауларын білдіретін сөздер әр тілде де болсын, күрделі және көп деңгейлі түс символикасын білдіретін ауқымды ақпараттық әлеуетке ие болып табылады.
Осыған байланысты бұрын түр-түс атаулары тек лексикология, семасиология саласында тақырыптық топ көлемінде қарастырылып келсе, кейінгі жылдары бұл мәселе тіларалық коммуникация, концептология, когнитивті және антропоцентрлік лингвистика, психолингвистика салаларының шеңберінде де кеңінен талдауға түсе бастады.
Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп: ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі.
Физика саласындағы ғалымдарды түр-түстің энергетикалық табиғаты қызықтырады, физиологтар болса, адам көзінің түр-түсті қабылдау үдерісін зерттейді, психологтар түр-түс адамның психологиясына қалай әсер етеді, қандай эмоция туғызады деген мәселелерді қарастырады, гуманитарлық салаларда (көркем әдебиет пен көркем өнерде) түр-түстің эстетикалық қызметіне көңіл бөлінеді.
Ал лингвистикада, оның ішінде, әсіресе, когнитивтік лингвистика саласында түр-түс атауларын сол тілді иеленушілердің әлем бейнесі тұрғысында жинақтаған өмірлік тәжірибесін, рухани болмысындағы ерекшеліктерді танытатын тілдік дереккөздер ретінде қарастыру қарқынды жүре бастады. Лингвистикада түр-түс атаулары американдық ғалымдар Л. Уорф, Э. Сепир еңбектерінде тікелей зерттеу нысанына айнала отырып, көптеген жекелеген тіл білімдерінде түр-түс атауларының концептуалдық, символикалық т.б. сипаттары туралы зерттеулердің туындауына түрткі болды. Мысалы, қазақ тіл білімінде түр-түс атауларын осы тұрғыдан зерттеу нысанына айналдырған еңбектер қатарында Н.Н. Аитованың, Ш.Қ. Жарқынбекованың зерттеулерін атауға болады.
Түр-түс атаулары, түр-түс символикасы – әрбір халықтың өзіндік феноменін танытатын күрделі құбылыс. Осыған байланысты қазіргі кезде жедел даму үстіндегі тілдердің қолданылуының когнитивті және прагматикалық аспектілерінің зерттелуінің аясында түр-түс атаулары да жиі қарастырылып келеді. Өйткені түр-түс атауларының лингвистикасы «тіл және ойлау», «тіл және қоғам», «әлемнің тілдік бейнесі» сияқты іргелі мәселелердің жаңа қырларын таныта алады. Сонымен қатар түр-түс атаулары мәдениетаралық коммуникацияда да ерекше маңызға ие. Түр-түс атаулары этномәдени жағынан барынша байлаулы (маркерлі). Түр-түс атаулары – мәдениеттің жемісі, әрі мәдениетті жасайтын фактор; ұлттық мәдениетті танып-білудің негізгі құралы. Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі осында.
Сондықтан тілші-ғалымдар түр-түс атауларының барлық аспектілеріне назар аударып келеді. Ғалымдарды төмендегі мәселелер ойландырады:
– әрбір ұлтқа тән маңызды (когнитивті және прагматикалық тұрғыдан) түр-түс атауларын ажырату;
– түр-түс атауларына лингвистикалық парадигма ретінде қарап, зерттеу;
– түр-түсті қабылдау мен оны атаудың универсалиялары;
– лексикалық-семантикалық ақпарат беретін компоненттерді зерделеу;
– түр-түс атауларының семантикалық өрісінің корреляциясын анықтау;
– түр-түс атауларын метатіл ретінде зерттеу;
– әрбір халықтың түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктерін салыстырып, кешенді түрде сипаттау және т.б.
Осы аталғандардың ішінде бірнеше аспект айрықша маңызды болып, қазірге дейін, зерттеулердің көп болғандығына қарамастан, қызу пікірталас тудырып отыр. Атап айтқанда, мұндай мәселелердің бірі – әрбір ұлтқа тән маңызды, ұлттық этносимволиканы білдіретін түр-түс атауларын ажырату. Көптеген ғалымдар И. Гётенің жүйесін атап өтеді; ол барлық түр-түс спектрін үш топқа бөлген:

  1. Негізгі түстер: сары, көк, қызыл; басқа түстер осы арқылы жасалады.

  2. Бірінші дәрежедегі құрамдас түстер – жасыл, қызыл сары (оранжевый), сия көк, бұлар негізгі екі түстің араласуы арқылы жасалады.

  3. Екінші дәрежедегі құрамдас түстер – бірінші дәрежедегі түстердің араласуынан пайда болған түстер.

Ал америкалық лингвистер Б. Берлин мен П. Кей пікірі бұл мәселенің анық-қанығын ашып берді деп есептеуге болады. Олар 98 тілдегі түр-түс атауларын зерттеп, жинақтаған материалдың негізінде 11 негізгі түсті көрсетеді: basic colour terms – black (қара), white (ақ), red (қызыл), yellow (сары), green (жасыл), blue (көк), brown (қоңыр), purple (алқызыл), pink (қызғылт сары), orange (қызылсары), gray (сұр).
Яғни, қайсыбір тілде бар болғаны үш қана түс атауы болатын болса, онда олар – ақ, қара, қызыл. Орыс тілші ғалымдарының көпшілігі осы жіктемені мойындайды және орыс тілінде 11 негізгі түс бар деп санайды, олар – ағылшын тіліндегі blue дегеннің орыс тілінде екі баламасы бар деп есептейді: blue – көк (синий) және көгілдір (голубой).
Ал қазақ тіліне келер болсақ, «Сырға толы түр мен түс» кітабында қазақ тіліндегі түр-түс атауларының саны көрсетілмейді, авторлар түр-түс атауларын біршама санап шығады, бірақ олар толық емес. Бұдан басқа қазақ тіліндегі құла, шабдар, тарғыл, күрең деген түстер қазақ ұлты үшін маңызды, бұлардың қазақ халқы үшін этнобасымдығы мен этнорелеванттығы бар. Бұған қазақ көркем әдебиетінің фактілері мен паремиология, бастысы, түр-түске қатысты ғылыми зерттеулер айқын дәлел бола алады.
Қазақ тіліндегі этнобасымдық пен этнорелеванттыққа ие түр-түс атауларының талдауына келгенде, А. Тоқтаубайдың ғылыми-зерттеу мақаласының маңызын ерекше көрсетуге болады . Ол: «Қазақта жылқы түстеріне байланысты сөздер өте көп. Қазір біздің картотекамызда жылқы реңіне қатысты 300-ге жуық сөздер бар» деп көрсете келіп, оларды орыс, француз, неміс тілдеріне аударудың мүмкін еместігі туралы айтқан шетел ғалымдарының пікірін келтіреді. Және қазақтың жылқыға байланысты шыққан наным-сенімдерінің ішінде осы түлік түсіне байланысты жора-жосықтарды зерттеудің тұрарлық іс екенін дәйектей отырып, қадірленетін жылқы түсіне келгенде, алғашқы орында қаракөк, одан кейін шұбар (оның ішінде, бозшұбар, көкшұбар, байшұбар), бұлардан кейін тобылғы торы, күрең, жирен т.с.с. ретімен баяндайды. Тіпті «Абайдың әкесі Құнанбай өзінің түп-тұқиянын «Қаракөктің тұқымымыз деп ажыратқан» деген деректі де келтіріп, қаракөк түсінің қазақ дүниетанымында ерекше қастерленетініне көптеген дәлелдер келтіреді.
Бұрынғы кезде түр-түсті тек қана өнер және әдеміліктітануда қолданған болса, бірақ қазіргі таңда түр-түс атауы экономика және өндіріс саласында кең қолданыста. Көптеген поэзиядағы теңеулер мен ойлар түр-түс негізінде туындаған.
Соңғы жылдары әлем тілдерінде түр-түс атауларын беретін лексикалық тілдік бірліктер құрамы мен саны жағынан күрт өзгеріске ұшырады. Бұған ағылшын тіліндегі лексикалық модельдердің әсері болып отыр. Ағылшын тілінде, әсіресе, жарнама терминдерін беру кезінде сипаттама түр-түс атаулары жиі қолданылады: олар мәдениетаралық қарым-қатынас бойынша орыс тіліне де өтіп, колоростика терминдерінің қатарын толықтыруда. Орыс тілінде негізгі түр-түс атауларымен қатар объектінің түсін нақтылайтын атаулар (изумрудный, малиновый, сиреневый), түстің реңктерін айқын көрсету үшін приставка қосылып жасалған атаулар (ярко-синий, светло-коричневый, бледно-розовый) қолданылады.
Біздің ойымызша, ассоциациялық тұрғыдан, заттың түсін нақты көрсетіп, түр-түс атауын жасау үшін сол зат ұлттың мәдениетінде бар немесе мәдениеттердің ықпалы арқылы әлеуметтік-экономикалық шындыққа енген болуы қажет. Мысалы, қазақтың ұлттық мәдениетінде бар болғандықтан, қазақ тілінің иеленушісі бидай өңді, селеу түстес, екі беті алмадай қып-қызыл, күл түстес, сүттей жарық, қарақаттай көздері, бота көз деген сипаттамаларды естігенде (оқығанда, қабылдағанда) нақты бір ассоциация тудыра алады.
Қазақ халқының түстерді жіктеуі
Қазақ халқы бүкіл өң-түсті қылаң, баран деп екі текті топқа жіктейді.
ҚЫЛАҢ дегені – ақ, боз, ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан, боз тарлан, тағы басқалары.
БАРАН дегені – қара, қоңыр көк, жасыл, қызыл, күрең, жирен, торы, сұр, күлгін, құла, шабдар, сары, солай жалғаса береді. Қазақтың баранға жіктеген өң-түстері табиғаттағы кемпірқосақ өң-түсі негізінде аталған деуге болады. Біз осы жерде төрт түлік малға тән өң-түсті, оның ішінде жылқы түлігіне тән өң-түсті атағалы отырмыз. «Ақтылы қой, алалы жылқы» баққан қазақ халқы жылқы түлігін былайша түстейді:
Қазіргі түсіндірме сөздігімізде бұл сөз мағынасы — қара қоңыр, қара кер жылқы түсін білдіретіндігі ескертілген. «Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін» (Ақан сері).
Қазақ тілінде «баран» сөзі тек қана малдың, оның ішінде көбіне жылқының түсін білдіру үшін қолданылады. Осыған қарағанда әрі кейбір тілдердің дерегіне сүйенсек, әңгіме болып отырған сөз тілімізге «кірме» сияқты.
Монғол тілінде: бараан хүрэн — қызыл қоңыр деп түсіндіріледі. «Бараан» тұлғасының «қоқыр» мағынасын беретіндігін осы тілдегі «бараахан» сөзінің «қараңғылау», «күңгірттеу» деп түсіндірілуінен байқау қиын емес. Монғол тіліндегі «бараан» қазақ тіліне ауысқан деп түйін жасауға да болар еді, бірақ парсы тілінің дерегі бұған ерік бермейді. Иран тілінде: порранг — қою боялған қоңыр түс деген түсінікке ие. Бұл сөз парсылардан монғолдарға ауысты ма әлде керісінше ме, әрине, бұл жағын ашып айту қиын, бірақ оның алғашқы мағынасы малдың түсіне емес, жалпы түстің бір түрін аңғартуға арналғаны бесенеден белгілі. Ойымызды парсы тілінде бұл сөздің өте қою қайнатылған қызыл шайға да арналып айтылуы қостай түседі. Сөйтіп, сөз төркіні парсы тілі де, алғашқы мағынасы — «қызыл қоңыр» болған деп болжам айтпақпыз.
Қоңыр түсінің символикасы 
Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түсі. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қоңыр түсіне байланысты тура және ауыспалы сөздер тізбегі берілген, мысалы: қоңыр, қоңыр ала, қоңыр аю, қоңыр ән, қоңыр бел, қоңыр дауыс, қоңыр жел, қоңыр жүз, қоңыр көлеңке, қоңыр күз, қоңыр қаз, қоңыр леп, қоңыр салқын, қоңыр тарту, қоңыр үн». Қоңыр – жер түсі, тірлік, өмір бейнесі. Қазақ нанымында бұл түс ерекше орын иеленеді. Қоңыр– алдымен қауіпсіздік, тыныштық, мамыражай тірлік белгісі. Қоңыр сөзі түстік мағынадан басқа мынадай: қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр жел, қоңыр әңгіме, қоңыр қабақ, қоңыр тірлік, қоңыр сөз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр салқын, қоңыр кеш, қойдай қоңыр, майда қоңыр сияқты тіркестермен келіп, әртүрлі құбылыстың небір жанға жайлы, құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нәзік те әсем сәттерін, өмір, тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде тіпті жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін ерекшеліктері көзге түседі. Мысалы: қоңыр кеш, қоңыр үн, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр төбе, қоңырқай көз, т.б.
Көк түсінің символикасы
Қазақ халқының менталитетінің ерекшелігіне, яғни тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына, наным сеніміне байланысты түр-түстердің белгілік мәні «көк» сөзінің төңірегіне байланысты да қалыптасқан. Көк сөзі тіркескен сөздерімен сындық мағынада, күрделі аталымдық мағынада, тұрақты тіркестік (фразалық) немесе ауыспалы мағынада байланысады.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» көк сөзімен жасалған бірнеше күрделі сөз берілген. Мысалы: көк асық, көк жамбас, көк желке, көк мұз, көк айыл, көк бақа, көк ми, көкбет т.б. «Көк» түсті қазақтар ерекше пір тұтқан. Ұлт ерекшелігін тұтастай тану үшін оның тілдік, танымдық қасиеттерін зерделеп білмейінше, пәлендей ой-пікір түюге болмайды. Тіл дүниенің ұлттық мәдени айшықтарын бейнелеуде адамның когнитивтік (танымдық) әрекетін қоршаған ортаның ықпалымен ұштастырады. Жылқы ішінде баранға жататын қаракөк түсінің қазақтар үшін символдық мәні ерекше. Төрт түліктің ішіндегі көк түстісін артық тұтқандығын, ең үлкен мінәжатта, құрбандыққа «көк қасқа айтып, көк қасқа шалу» әдетінен көруге болады. Көк сөзінің жай қарапайым адамдарға емес, бай атақты адамдарға қатысты қолданылатынын киім-кешек, қару-жараққа байланысты атаулардан да байқауға болады. Мәселен, көк сауыр етік, көк тон дегендерді көк сөзін қатыстыра атауы, тонды немесе етікті белгілі бір түске бояуына қатысты емес. Тіліміздегі көк етікті деген тіркес – басқалардан тәуір, өзгелерден артық деген ұғымды береді. Көк түсінің қара сөзімен алмастырылатыны да ұшырасады. Мәселен, өзбек әйелдері жақын адамы қайтыс болғанда, үш күн бойы қара не көк кездемеден көйлек тігеді екен. Төртінші күні оған осы көйлекті кигізу салтын жасайды. Осы күнді және осы ғұрыпты олар «көк киді» деп атайды екен. Бір жыл өткенде ол көйлекті шешіп, ақ көйлек кигізіп, бұл жораны «ақ киді» деп атаған екен. Көк сөзінің мағыналық өрісі, сөз тіркесі, біріккен сөз құрамында қолданылғанда кеңейе түседі. Айталық, көк сөзі көк мылжың, көк долы, көк жалқау, көк мұз т.б. атаулардың құрамында тұрып, нағыз, өте тіпті, әбден тәрізді күшейту мағыналарын, көк түйнек, көк сабақ, көк сағал дегенде егістің, бақша дақылдарының әлі піспеген, шикі екенін, көк етікті дегенде бай, тұрмысты деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар көк түс атауы «көк шөп», «көк бақа» (арық), «көк ми» (топас, ессіз), «көк долы» (ашушаң ұрысқақ), «тамағы тоқ, көйлегі көк» (тұрмысы жақсы), «көк бөрі» (адамға қатысты айтылғанда мықты мағынасында) деген сияқты өзге де алуан түрлі сөздердің құрамында кездесіп, коннотаттық компонент мағынасын танытып тұрады. Сонымен көк түсі – тек зиялылық, қарапайымдылық, ойлылық, іскерлік т.б. реңктерді білдіріп қоймастан, әр түрлі ойсыздық, сенімсіздік, тұрақсыздық т.б. ұғымдарының белгісін сипаттайды.
Көк түсіне байланысты ұғымдық белгінің түрлері
Көк 
Байлықтың белгісі: көк тонды, көк етікті, т.б.
Құдіреттілік күштілік белгісі: жеті қат көк, көк түркілер, көк бөрі, заңғар көк, көк болат, көк темір, т.б.
Жастық, махаббат белгісі: көгілдір сезім, көк сағым, көк көгершін, көгілдір аспан, т.б.
Ойсыздық, сенімсіздік белгісі: көк долы, көк мылжың, көк жалқау, көк ми, көк бет, көк айыл, т.б.
Түр-түс ұғымдарын саралап, зерделей түскенде, топтастырғанда ұғатынымыз көк түс ұлттық менталитетімізді айқындауға зор септігін тигізері анық. Әсіресе көк түс – тазалық, пәктік белгісі десек, оның өзі құдіретті күш иесі, Тәңірімен, байланыста ұғынылып отыр. Байқасақ, көк сөзіне қатысты тілдік, белгілік мағыналарында жағымсыз ұғымнан гөрі, ұнамдылық белгісі басым екен.
Қызыл түсінің символикасы
Бастапқыда оттың, күннің түсіне қатысты қабылданған келесі бір қасиетті түс белгісі – Қызыл сөзі. Табиғи құбылыстарға байланысты туындаған қызыл сөзімен тіркестегі қызыл іңір, қызыл арай, қызыл су тіркестері күнге қатысты алынғандығын түсіндіреді. Бұлардан да тыс тілімізде қалыптасқан басқа да тіркестегі (қызылға қатысты) күрделі аталымдар түске қатысты тілдік белгілерді айқындайды. Жалпы қызыл түс о баста күннің, оттың түсіне байланысты қабылданған қасиетті түс болып саналады. Тілдік деректер қызыл сөзінің «әшекей» мағынасында да қолданылатындығын көрсетеді: Осы тарыға семірген қырғауылдар әр жерден қарқылдап, қызыл тағынған қыздай бой көрсетеді (А.Тоқ.). Бұл сөйлемде қызыл сөзінің әшекей ұғымында жұмсалып тұрғандығы байқалады. Мұндағы қызыл сөзінің арғы негізінде қымбат түсті металл жатқанын байқау қиын емес. Қазақтар арасында қызыл орамал – тұрмысқа шықпаған қыздың белгісі болып саналған. Қызыл орамалы немесе қызыл киінген қызы бар үйді қызыл үй деп атау дағдысы да болған. Оны жергілікті тіл ерекшеліктерінен кездестіреміз: қызыл үй (Қостанай обл.) – қызы бар үй. Қызыл сөзінің «жас», «жаңа туған» деген де мәні бар екенін тіліміздегі қызыл шақа, қызыл қарын жас бала т.б. тіркестерімен қатар, тұрмыстық салт-дәстүрлер көрінісінде ерекше дәлелденеді. Қызыл қарын жас бала – ес біліп, етек жаппаған, буыны қатпаған, ер жетпеген бала. Қызыл шақа – шыр етіп жаңа туған бала, құс балапаны. Қазақ әдеті бойынша жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлаған. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмеген. Қатты келсе, бота шошып, өліп қалады деп ойлаған. Бұл жердегі жалау түсі «жас нәресте, балапан, әлі қатаймаған кезі» деген мәнді білдіреді. Сондай-ақ, шешек ауруымен жас бала ауырса, сол үйдің шаңырағынан қызыл жалау шығарып қою, үйдің ішіне қызыл мата ұстап, қызылдап қою әдеті болған, бұның бәрі мифологиялық, діни, астрологиялық т.б. наным-сенімге байланысты болса керек. Ақын-жазушылар шығармаларынан қызыл түсінің қолданылу аясының кеңдігін байқаймыз. Бір ғана Ж.Баласағұн шығармаларын алып қарағанымызда, қызыл түсінің бірнеше ауыспалы мағынасын анықтадық. Қызыл түс – қуаныш символы. Кісінің жүзінің қызылдығы оның тұрмысынан хабар береді және тазалықтың, байлықтың символы ретінде қызмет атқарып, адамның көңіл-күйінен хабар береді. Қызыл түс – сұлулық символы: Әппақ еті, жүзі қызыл шырайлы, Сәмбі талдай бал денесі былайғы. Қызыл – жастық шақ белгісі ретінде беріле отырып,сарғаю сары түсті кәрілікке қарсы қойылады,қызыл-сары бинарлық (жастық-кәрілік) түр-түс оппозициясының түзілгендігін көреміз. Демек, қызыл жастық семантикалық филиациясы «өмір» семасымен байланыста алынады. Қызыл түс – соғыс, өлім бейнесін береді. Мысалы: Ат, қаруы қып-қызыл қан болады, Қызыл жүзі жап-жасыл боп оңады – жолдарынан қып-қызыл қан болған қатыгездік бейнесін көреміз. Содан барып қан – соғыс – өлім семантикалық филиациясы құрылады. Қызыл түс – өткірлік белгісі. Сөйлеуде, поэзияда сөздің шебер қолданысында қызыл түс тура мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылуы жиі кездеседі: Ғұмырыңды қысқартатын – қызыл тіл, Есен болғың келсе, тірлік құнын біл. Қорыта айтқанда қызыл түс жастықтың, әдемілік, сұлулық, өткірліктің символы болумен қатар, қатыгездіктің, ашудың белгісін беретін тұстары да бар екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет