ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей 2013 Мазмұны



бет1/6
Дата20.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#43492
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-16.1.31/01-2013

__________2013 жылғы

№ 2 басылым



74 беттің -шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16.1.31/01-2013

ПОӘК

Этнопсихология пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


_______2013 жылғы

№ 2 басылым


«Этнопсихология»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

050103 - «Педагогика және психология»

мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013
Мазмұны:
Беттері

1.Пән бойынша глоссарий---------------------------3 - 15

2. Жұмыс бағдарламасы -----------------------------16- 25

3. Лекция сабақтары ----------------------------------26- 60

4. Семинар сабақтары --------------------------------60- 67

5. ОЖСӨЖ тапсырмалары --------------------------68- 69

6. СӨЖ тапсырмалары -------------------------------70- 71

7. Бақылау түрлері ------------------------------------72- 74



2. ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ.

Автотаптаурын – осы этностық қауымның өкілдеріне қатысты пікірлер, ойлар бағалар. Автотаптаурын әрқашан жағымды бағаланудан тұрады.

Агрессия (басқыншылық) – бір мемлекеттің басқа мемлекетке қарсы немесе халықтың (ұлттық) егемендігіне, аймаққа қол сұқпаушылығына немесе тәуелсіздігіне қарсы күшін құқықсыз, заңсыз қолдануы.

Ақыл – ой сезімдері- ойлау іс-әрекетінен туындайтынсезімдер (таң қалу, әуестік, секімділік және шүбалану сезімдер).

Агломерация (латынша – «қосу», «толықтыру») – Біртұтас аумақтық-өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі-ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе. Олар орталық қала құрамына еніп, оған қызмет етеді. А.-лық орта адамдардың өміріне, олардың өзара қарым-қатынастарына, мәдениетіне әсерін тигізеді.

Адам – жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. А. Табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады. А.-ның әлеуметтік мәнді қасиеттері оның азаматтылығын анықтайды. А. Белгілі бір қоғамдық қатынастардың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастардың өзін «дүниеге әкелуші». Социология ғылымында А. әлеуметтік қарым-қатынастар субъектісі ретінде қаралады. А. Қоғамда белгілі бір таптың мүшесі, мемлекеттің азаматы, т.б. Сондай-ақ индивид ретінде де зерттеледі. Индивид ретінде алынған А.-дардың бірлескен іс-әрекеттері арасында қоғамдық қатынастардың жүйесі жасалынады. Осы қоғамдық қатынастарға араласу , оларға дағдылану және оларды саналы түрде бойына сіңіру арқылы жеке адамның әлеуметтенуі жүзеге асырылады. А.белгілі бір әлеуметтік топқа тән рольдік ерекшеліктерді, мінез-құлықтарды жәй ғана игеріп қоймай, оны өздігінше өзгертіп жетіледі. Ол, кейбір әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасқан ғұрыптарды бұзатын өрескел мінез-құлық көрсетуі де мүмкін.

Азаматтық қоғам – саяси құрылымдармен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым. А.қ-ның мазмұнын құрайтындар: шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, рухани, жанұялық – тұрмыстық қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар, сондай-ақ адамның қоғамдық байланыстары мен мекемелердегі мәртебесі, ролі, құқықтары мен міндеттері. Мемлекет және А.қ деген ұғымдар, біртұтас әлеуметтік организмді өзара тығыз байланысты екі жаққа, яғни саяси және әлеуметтік салаларға бөледі.

Аккультурация – (ағылшын тіліндегі неологизм, түбірі латынның «ad»- «қосу» және «cultura» - «өндеу» деген сөздердің қосындысынан алынған) әр түрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.

Бір мәдениеттің екіншісіне еліктеуі немесе жат мәдени элементтерді қабылдау процесін көрсету мақсатында ағылшын ғалымдары енгізген түсінік. Зерттеулер нәтижесінде әртүрлі мәдениеттердің өзара байланыстарында «үстем» және «бағыныңқы» мәдениет топтары болатынын анықтап «бағыныңқы» топ «үстем» топтың мәдениетін екшеуден өткізіп, өз жағдайына бейімдеп «қажеттісін» алады. А. процесі негізгі топтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси даму жағдайларымен тығыз байланысты. А. нәтижесінде «бағыныңқы» топтың мәдениеті енгізудің бағыттарын айқындау үшін қолданылған.



Аксиология (гректің «ахіа» - құндылық» және «logos» -«ілім», «ұғым» деген сөздерінен алынған) – құндылықтар туралы ілім. Құндылықтарды жан-жақты зерттеу мәселесін социологияға енгізген Макс Вебер. Оның айтуынша адамның белгілі бір құндылықтардың негізінде жүзеге асады.

Құндылықтар мәселесін зерттеген ғалымдар У.Томас пен Ф.Знанецкий «Әрбір топ өзінің мүшелері арасында осы топқа ғана тән іс-әрекеттердің ұқсастықтарын сақтап, реттеп, тартып отырады» деген пікірлерді айтты. Т. Парсонс құндылықтарды қоғамның шағын топтардағы өзара келісімді жүзеге асыратын ең жоғары ұстанымдар деп атады.



Аномия (француз тілінде «заңсыздық» , «шектеусіздік» дегенді білдіреді: «а»-қарама-қарсылықты білдіретін жұрнақпен «nomos»-«заң» деген сөздің қосындысынан туындайды). А. –адамдардың өздеріне белгілі бір міндеттерді жүктейтін тәртіптің шектері бар екендігін біле тұра оған қарсы шығуын немесе олардан бейтарап қалуын бейнелейтін түсінік. А. –лық жағдайда адамдар ортақ мақсатты түсінгенімен , сол мақсатқа жетудегі іс-әрекеттің құқықтық және моральдық әдістерін мойындамайды. А.бейімделу, келісу не қоғамға жат қылықтар көрсету сияқты құбылыстарды туғызады.

Анимизм- латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан-жануарлардың , өсімдіктердің және басқалардың бәрінде жан болады дейтін қиялы түсінік. Алғашқы қоғам мен діни нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.

Антропоморфизм – «антропос» -грекше «адам» және морфе – «түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестетін түсініктер.

Апперцепция – латыннан ан- префикс, сөз алды қосымша, перцепция – қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болады.

Ассоциация – 1.Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылыстардың байланысты болуы.

2.Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.



Атрибуция – адамның жүріс – тұрыс себептерімен дәлелдерін, жеке қасиеттерімен мінездері

олардың іс – әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.



Архетиптер – адамдардың қоғамдық өмірінің фундаменталды элементтерін қабылдаудың

(түйсігін) санасыз түрі. К.Юнгтің түсінігі бойынша, архетиптер ұжымдық санасыздықтың құрылымдық комоненттері жалпы адамдық символика негізінде жататын түс, ертегі,миф.



Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Жүйке жүйесінің ерекше қозуынан туындайтын күшті эмоция.

Әлеуметтену - Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылардың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Ал необихевиризм өкілдері «әлеуметтену» ұғымының мазмұнын «әлеуметтік өмірді оқытып үйрету» мәселелері құрайды деп есептеледі. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері «әлеуметтену» дегеніміз «әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесі» деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері «әлеуметтену» терминінің мазмұнын «мен» ұғымының баламасы ретіндегі «пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың» өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі. Әлеуметтену дегеніміз – жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек, жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке кертіріліп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық ғұрыптарын меңгеру арқылы біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылыстарына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу.

Әлеуметтік – (латын «бірге», «жолдастық», «қауымдық» - деген сөзінен алынған). Ә. Ұғымын түсіндіру екі бағытта дамыды. Біріншісі әлеуметтік байланыстың мәнін ашып көрсетуге бағытталса, екіншісі әлеуметтік шындықтың табиғатын ашып көрсетуге бағытталған. Ә. Ұғымы тек қана адамға және адамдар тобына қатысты құбылыстарды айқындайды. Ә. қоғамның тұрақтылығын, тұтастығын, дамуын қамтамасыз ететін қатынастар жүйесін, іс-әрекеттерді, мінез-құлықтарды білдіреді. Ә.- қоғамдық мәннің күнделікті өмірдегі біртұтас құбылысы, көрінісі.

Әлеуметтік ақпарат (информация социальная) – қоғамдық және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әлеуметтік әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы. Ә.а. қоғамдық өмірді түгел қамтитын (экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, мәлени т.б.) түрлі деңгейдегі білімді пайдаланады, таратады.

Әлеуметтік арақашықтық-(дистанция социальная) - әр алуан топтардың, таптардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді. Ә.а.- қ.-ты анықтауда ұлттық, этникалық т.б. топтардың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына байланысты туатын әлеуметтік ерекшеліктері де ескеріледі.

Әлеуметтік артықшылықтар (привилегия социальные – латын.- «артықшылық» деген сөзінен алынған) – кейбір адамдардың, топтардың, таптардың, мекемелердің заңды немесе заңсыз түрде де, көпшіліктің қолы жетпейтін құқықтар мен артықшылықтарды пайдалануы.

Әлеуметтік алалау ( социальная дискриминация). – адамдардың нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық т.б. ерекшеліктеріне байланысты ашық немесе бүркемелі түрде алалауды, қысым көрсетуді айтады.

Әлеуметтік ассоциация (социальная ассоциация) – мүшелерін бір топқа біріктіруге тікелей себептік негізі бар, ішкі құрылымы мен басқарылу жүйесі арнайы бекітілген, өз ісін өзі қамтамасыз ететін материалдық қаражаттық қоры бар адамдардың біріккен ұжымы. Ә.а. деп, кең мағынада алғанда, адамдарды біріктіретін кез келген адамдар тобы айтылады.

Әлеуметтік әсер (социальный эффект – латын-«нәтижелі» дегенді білдіреді) - әлеуметтік іс-әрекеттердің, байланыстардың және қарым-қатынастардың, әлеуметтік жүйелердің қызметі нәтижесінде пайда болатын қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы сапалық өзгерістер.

Әлеуметтік байланыс (социальная связь) – жеке адамдардың не адамдар топтарының бір-біріне деген кез-келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік.

Әлеуметтік бағытталу (контроль социальная) – адамның өзінің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орнын, жағдайын түсінуі, ұнамды әлеуметтік жағдайды таңдауы және оған жету жолдарын белгілеуі.

Әлеуметтік бақылау (контроль социальная) - әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан-алуан салаларының қызметін, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-қимылында қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.

Әлеуметтік бейімделу ( адаптация социальная) – адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрде игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.

Әлеуметтік диагностика (грек- «танып-білуге» қабілетті» деген сөзіне алынған) - әлеуметтік, өндірістік шағын топтарды ғылыми негізде басқару үшін, олардағы ішкі қатынастарды нақтылы зерттеп білу мақсаттарын жүзеге асыратын, сонымен бірге қоғамдағы кертартпа құбылыстардың пайда болу себептерін, табиғатын зерттей отырып, оларды жою жолдарын анықтап, ұсыныс жасайтын социологияның бір саласы.

Әлеуметтік даму (социальное развитие) - әлеуметтік философия мен социология ғылымдарының басты мәселелерінің бірі. Оның толық көрінісі мен мән-мазмұнын терең түсіну үшін салыстырмалық талдаулар жүргізу керек. Ә.д. күрделі түрде мөлшерлеп көрсетуге көмек көрсете алатын ғылыми ұғымдарға «өмір салты» , «әділеттік» деген сияқты ұғымдарға жақын болып есептеледі. Ә.д. ұғымы практикалық ұйымдастыру қызметін атқарады.

Әлеуметтік детерминизм - әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын көрсететін социологияның негізгі принциптерінің бірі. Ә.д. – нің негізгі мінездемесі себеп – салдарлы байланыстар алайда себептілікке детерминацияның барлық түрлері кірмейді. Адам іс-әрекетінде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгерту жобасы ретінде қойылған мақсат арқылы детерминациялау ерекше орын алады.

Әлеуметтік динамика – 1.Әлеуметтік динамика ұғымын енгізген француз социологы О.Конт (1798-1857). Конттың түсіндіруінше бұл ұғым қоғамды тұтас түрде сақтай отырып , әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін, тұрақты құрылымдарды зерттейтін, прогрестің бағытын және статистикаға қарсы қойылуын, әлеуметтік құбылыстардың жүйелі түрде ауысуын талдау үшін қолданылатын ұғым. 2.Топтық динамика – кіші топтардағы болып жатқан процестерді бейнелеу үшін неміс және американдық психолог, әлеуметтік психолог К.Левиннің (1890-1947) еңбектерінде

қолданылған ұғым. К.Левин , топтағы жеке адамның және топтың өзінің мінез-құлқын физикалық терминдермен байланыстыра отырып баяндайды. Топтағы Ә.д-ның негізгі үлгісі ретінде «топтық кеңістіктің» ішіндегі күштердің бөлінуі және топтағы қарым-қатынастармен тығыз байланысты кіші топтың «квазистикалық тепе-теңдігі» қарастырылады, сонымен қатар адамның мінез-құлқын қандай да бір психологиялық өзгерістегі тартылыс және тербеліс күштерінің қарым-қатынасының нәтижесі деп түсіндіріледі.



Әлеуметтік жағдай (социальная ситуация) – қоғамдағы әр түрлі таптық, демографиялық, этностық т.б. топтардың өмір сүру , еңбек ету жағдайларын анықтайтын объективтік және субъективтік жағдайлар мен процесстердің әлеуметтік құрылымы.

Әлеуметтік стратификация ( стратификация социальная, стратификация термині латынның ‘stratum’- «жік , қатпар, қабат» және ‘facer’ – «жасау» деген сөздердің қосындысынан алынған) - соңғы жылдарға дейін Батыс социологиясында ғана пайдаланып негізгі әлеуметтік айырмашылықтардың және теңсіздікті көрсететін түсінік. Ә.ж. –ді зерттеудің үш бағыты бар: 1) әлеуметтік мәртебені әлеуметтік теңсіздіктің өлшемі ретінде қарау; 2) әлеуметтік бағыт-бағдармен байланыстыру; 3) негізгі жік жарғылар есебінде мамандық түрін , табыс мөлшерін , білім дәрежесін басшылыққа алу.

Әлеуметтік идеал (социальный идеал) – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағы, болашақтағы бейнесінің көрінісі.

Әлеуметтік иерархия (социальная иерархия гректің «hierarhia» - «қасиетті» және «arche» - «билік» деген сөздерінен алынған) – «жоғарғылардың» «төмендегілерді» бақылап отыруына, бағыныштылыққа негізделген күрделі әлеуметтік қатынастар жүйесі. Ә.и. – ға басқаруды орталықтандырумен қатар, бюрократияландыру тән. Еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде ол адамдар арасындағы қатынастарды өз заңдарына бағындырады.

Ә.и. билік түрінде жүзеге асырылады, яғни белгілі бір ұйымдасқан жүйедегілер ережелер мен нұсқауларды қатаң орындап отыруы тиіс. Жеке адам (жұмыскер, қызметкер) өз ерік – жігерін Ә.и. талаптарына бейімдейді. Ә.и. заңдылықтарды әр түрлі мекемелер арасындағы қатынастарда да орын алады.



Әлеуметтік инновация (латынның «innovation» - «жаңалық енгізу» , «өзгеру» деген сөзінен алынған) – материалдық, экономикалық, әлеуметтік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін салаларда сапалы өзгерістер жасауға бағытталған қоғамдық пайдалы істі жасау, тарату, жүзеге асыру процесі. Ә.и. әлеуметтік, экономикалық, мәдени шығармашылық пен прогрестің жемісі. Ә.и. өзінің жаңартушылық күш – қуатына қарай түбегейлі жаңартушы немесе барды өзгертуші болып бөлінеді. Ә.и. – ның соңғы түрі кеңірек тараған. Ә.и. мақсатты өзгерістерге бағытталған салаларда жиірек байқалады.

Әлеуметтік институт (латынның «institutum» - «айқындау», «қондыру» деген сөзінен алынған) – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі.

Әлеуметтік қабылдау – Ә.қ. деп адамдардың қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік жағдайларды, адамдардың топтарын, басқа адамды және өзін-өзі қабылдап, түсініп, бағалауы айтылады.

Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бақылау – 1) психологияның негізгі әдістерінің бірі; 2) белгілі бір құбылыстар мен объектілердің бар екендігі мен өзгерістерін қадағалау мақсатында жүзеге асырылатын ойластырылған, жоспарлы, ұзақ қабылдау.

Бағдарлаушы рефлекс – төңіректегі жағдайдың жаңалығына жауап ретінде пайда болатын шартсыз рефлекс.

Белгі – болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. Белгі адамның психикалық іс-әрекетінің тәсілі, бұл не қоғамдағы орган, не әлеуметтік құрал. Әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет салу саналады.

Босқындар – экономикалық тұрақсыздық, ұлттық – этникалық жанжалдар, кекілжіндер мемлекеттіліктің күйреуі процесінің тереңдеу салдарынан пайда болатын мәжбүрлі қоныс аударушылар (мигранттар).

Гетеростереотиптер – басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Олар аталған

халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін.



Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі «төркін» дегенді білдіреді. Бұл психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гельштаттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Индивид - әлеуметтік қарым-қатынас объектісі және саналы әрекет етуші.

Индивидуальдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

Инициация – сол немесе басқа ұлыстарда (этностарда) бар әрекеттер (рәсімді,салты және т.б)

топтамасы, осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі) жоғарғы касталарға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау.



Иланғаштық – иландыратын нәрсені ұғынбастан қабылдаумен сипатталатын ықпалға бағыну.

Көші қон – тұрақты немесе уақытша тұру мекенін ауыстыруға байланысты адамдардың орын

ауыстыруы.



Контент талдау – құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттардағы және т.б

Ақпараттарды талдау және бағалау әдісі. Ақпараттық формаланған түріндегі мағыналық бірлігін айқындау арқылы және тандаулы жинақтар осы бірліктердің атау көлемі жиілігін өлшеу арқылы. Этнопсихологияға қатысты - қолдану жиілігімен ұлттық психологиялық ерекшеліктерді білдіретін ұғымдар мен ой – пікірлерді беру дәрежесін тіркеу.



Конформ этносы – жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет –ғұрыптарға, жүріс –

тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.



Кросс мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын

бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.



Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс – тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құнын мойындайтын түрлі халықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моральді – бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.

Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.
Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамнан негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

Тұлғаның этностық құрылымы– адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс– әрекетіне, жүріс–

тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.



Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

Топ жетекшісі – жора – жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен , іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.

Тәрбие – тәрбиеленетін адамда мінез-құлықтың, дүниеге көзқарастың, мінездің және ақыл-ой қабілеттілігінің қалыптасуы үшін мақсатқа бағытталған жүйелі ықпал жасау. Тәрбие оқылудың ажыратылмайды . Бірақ, оған дәлме-дәл де келмейді, тәрбие таптық сипатта болады.

Тума белгі – адамның дүниеге өзімен бірге келетін белгісі.

Тәртіптілік – адамның жеке басының дағдысы, үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.

Тианақталған сөйлеу - әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.

Түрлестік – 1) индивидке ықпал ететін топпен іштей немесе сырттай келісу; 2) жеке адамның ішкі позициясына қарамастан топпен сырттай келісу.

Түсіндіріп сөйлесу- заттың, құбылысты немесе ережені айқынырақ дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу. Түсіндіру тәсілдер жиынтығы. Жағдайларға байланысты мұндай тәсілдер ретінде салыстыру, сипаттау, себебін көрсету, қарапайым модельді құрастыру т.б. атауға болады.

Түсінік – болмыстың заттары мен құбылыстарының өткен бір кездегі сезім мүшелеріне тигізген әсерінің сезім-көрнекілік бейнесі.

Шовинизм – ұлтшылдықтың жеткен формасы, ұлт араздық пен өшпенділік тудыруға бағытталған ұлт артықшылығын уағыздайтын саясат.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтың рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін

ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.

Ұғымталдық –сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет