Оқу-әдістемелік құрал Астана, 2017


Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау



бет24/33
Дата07.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#93657
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп

4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды

кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:





  • белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;







  • білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:








  • орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;




  • талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

22


  • шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;




  • мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құру;




  • талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);




  • ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;




  • ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімнің өз шешіміне қарай жүзеге асырылатынын және есеп беру құжаттарын толтыруды қажет етпейтінін атап көрсетуге болады.


Сондықтан қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін мұғалім:





  • сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;




  • қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыруы;







  • қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;




  • рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы (білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы, білім алушылардан, әріптестерден, кері байланыс, ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет