Оқу ісінің меңгерушісі; Арықбаева а білім беру ұйымы №28 орта мектебі кмм



Дата02.10.2024
өлшемі17,51 Kb.
#205526
Байланысты:
9.10.2024


Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі; Арықбаева А

Білім беру ұйымы №28 орта мектебі КММ



Мұғалімнің аты-жөні

Жеңісов Н

Сынып

7 «А»













Күні 9.10.2024
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

2-бөлім. Спорттық командалық ойындар арқылы бірлесе әрекет етуі

Сабақтың тақырыбы

Ойын техникасын жетілдіру.

Оқу мақсаттары

7.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және қорытындылау

Сабақ мақсаттары

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін үйлестіру

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың
басы
10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Волейбол торлары немесе аумақты белгілеу үшін орындықтар/конустар, сондай-ақ пенопласттан жасалған доптар
https://www.youtube.com/watch?v=13JTgN4GDRg
https://www.youtube.com/watch?v=S98wO9zcjN8

Сабақтың
ортасы
25 минут

(Т) Волейбол торымен бөлінген жақтардың біріге екі, үш немесе төрт команда торға беттерімен қарап бағанға тұрады, торға дейінгі арақашықтықты мұғалім анықтайды. Қарама-қарсы алаңда берілген арақашықтықта өз бағандарына қарсы оқушылар тұрады - әр командадан бір-бір оқушыдан. Бағандарда бірінші тұрған оқушылар қолдарына доп ұстайды. Белгі бойынша олар алаңның қарама-қарсы жағына тор арқылы беруді орындап, өз бағандарының соңына кетеді. Алаңның басқа жағында тұрған оқушылар допты қағып алуға немесе оны еденнен көтеріп алуға тырысады, содан кейін мұғалім белгілеген шекара сызығына жүгіріп келіп, өз бағанына береді.

1. Допты берулер мен берілістер мұғалім белгілеген шектеуші сызықтан тыс орындалады. 2. Егер доп тордан аспаса, қателік жасаған оқушы жаттығуды қайталайды. 3. Допты беру кезінде ол торға жанаспауы тиіс.

Волейбол добын астынан қабылдау әдісін үйреніңіз.
Дескриптор
− ойын ережесін, ойыншы тұрысын анықтайды;
− әдістер арасындағы айырмашылықты ажыратады;
− допты астынан қабылдауда, қос қолмен жұмыс жасауды көрсетеді.







Сабақтың
соңы
5 минут

Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет