Оқу-тақырыптық жоспар
Theme № 1 Article / Артиклдер
Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгісіздік “a/an” (Indefinite Article), және белгілілік “the” (Definite Article)
► Белгісіздік артиклі: A/AN: А + дауыссыз дыбыс (consonant)
► Егер сөз дауыссыз дыбыстан басталса, зат есімнің алдына
„a` белгісіздік артиклі қолданылады. ▪ A child,
a doctor, etc.
► AN + дауысты дыбыс (vowel)
▪ An apple, an umbrella, an hour
“A(AN)” белгісіздік артиклінің қолданылуы
|
Белгілілік “THE” артиклінің қолданылуы
|
Санауға келетін зат есімдердің тек жекеше түрінде
Do you need an umbrella?
I never wear a hat.
|
Контексте немесе бір ситуацияда не туралы айтып жатқандығы нақты белгілі болса a) Can you turn off the light?
b) I`d like to speak to the manager, please.
|
Сөйлеуші заттар мен нәрселер туралы алғаш рет сөз қозғап тұрса
I had a sandwich and an apple for lunch.
A man and a woman are sitting opposite me.
|
Егерде зат есім екінші сөйлемде қайталанса
Last year I bought a car. The car was vey expensive.
When I entered the room, I saw a man. The man was very old.
|
Заттың кім, не екендігі жайлы анықтама бергенде
Omar`s father is a lawyer.
Would you like to be an English teacher?
|
Дүниеде бір-ақ түрі кездесетін ғаламшар атаулары
The earth is millions of kilometers from the sun.
The sun was going down.
|
Санауға келетін зат есімдердің жекеше түрінің алдында сын есім келсе
My brother is a good driver.
Dastan has bought an expensive car.
|
Мұхит: the Atlantic Ocean, the Indian Ocean, the Pacific Ocean.
Теңіз: the Mediterranean Sea Өзен: the Thames, the Amazon, the Nile
Канал: the Suez Canal, the Panama Canal
Тау тізбектері: the Alps, the Rockies
Шөл далалар: the Gobi, the Sahara Desert
|
Лепті сөйлемде санауға келетін зат есімдердің жекеше түрі болса
What a beautiful garden!
What a lovely dress!
Санауға келетін зат есімдердің көпше түрі және санауға келмейтін зат есімнің алдында артикль қойылмайды.
|
Мұражайлар: the British
Museum, the Tate Gallery, the
Louvre
Қонақ үйлер: the Station Hotel, the Hilton Hotel
Театрлар/кинотеатрлар/клубт
ар: the palace Theatre, the Odeon Cinema
Газеттер мен кейбір журнал аттары: Washington Post, the
Financial Times, the Times
|
Тұрақты тіркестерде
A lot of, a great deal of, a few, a little, for a short (long) time, in a loud voice, to be in a hurry, to be in a position to be at a loss, It is a pity; as a result of; as a
matter of fact To have a good time
To have a look
To have a seat
To go for a walk
|
Ұлт атауларының алдында a) The Japanese are very industrial people.
b) The French are considered to be conservative people.
|
Such, quite, rather сөздерінен кейін жекеше түрдегі саналатын зат есім келсе
It was such an easy test.
It is rather an old house.
He is quite an old man.
|
Сын есімнің күшейтпелі шырайының алдында
He is the tallest boy in our class.
She is the most intelligent woman I`ve ever met.
|
Hundred, thousand, million, dozen сан есімдерінің алдында
«one» сан есімі келетін болса a) His case weights a (one) hundred pounds
b) Azat has won a (one) thousand dollars.
|
Зат есімдердің алдында реттік сан есім келсе
Your second composition is better than the first.
February is the second month of the year.
|
|
Отбасын түгелдей әңгімелейтін болсақ
a) The Zhandosovs arrived from Astana
|
|
Кейбір мемлекеттер мен штаттардың аттарының алдында,
егер олар republic, union, state сөздерімен тіркесіп келсе The United Kingdom, the United
States the Netherlands
|
|
Музыкалық аспаптардың атауларының алдында the piano, the saxophone
|
|
Тұрақты тіркестерде
in the morning, in the evening, in the afternoon, the day after tomorrow, on the right (left), on
the whole
|
Достарыңызбен бөлісу: |