Оқу жылына арналған жылдық тәрбие жұмысының жоспары



бет1/5
Дата28.06.2017
өлшемі0,67 Mb.
#20497
  1   2   3   4   5
БЕКІТЕМІН:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға

мамандандырылған гимназия- интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

директоры К.Тукенова

06-02
2015-2016 оқу жылына арналған

жылдық тәрбие жұмысының жоспары

Петропавл қаласы

2015 жыл, тамыз

Тәрбиенің тұжырымдамалық негізі құжатында көрсетілген тәрбие бағыттары негізінде жүргізіледі:

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:



  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

  3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басшылыққа алуына ықпал ету.

  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  2. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату


Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының миссиясы:
Ұлттық құндылықтарды өзінің қазіргі және келешек өміріндегі жетістіктерінің күре тамыры ретінде білетін, табысты өмір жасаушы, бойындағы қабілеттерін, қадір-қасиеттерін өзінің, отбасының және елінің игілігі үшін ашып, тиімді пайдалана алатын, жоғары потенциалы бар, рухани, интеллектуалдық, шығармашылық және білімділігі жағынан келешек өмірдегі үлкен жетістіктерге қол жеткізетін, әлеуметтік жауапкершілігі мол азаматтар мен азаматшаларды дайындау.
Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында жүргізілетін тәрбиенің мақсаты:

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру негізінде жеке тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін қалыптастыра отырып, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілікті, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты, қазақстанның этниаралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне, өзін қоршаған ортаның өзара үйлесімді байланысын қамтамасыз етуге, өзіндік жолын табу еркіндігі болуына, табысқа жету жағдаяттарын тани алуына , жеке басының дамуына құрметпен қарауға және көшбасшылықты қасиетті жетілдіруге бағытталады.


Міндеттері:
- патриоттық сананы қалыптастыру;
                  -отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
                 - рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
                 - құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту;
                 - жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
                 - салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.


Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;



  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014. 17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

– «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

– «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);



  • «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республика-

сының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»;

– Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы

Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);


  • Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген;

– Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген;

− «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;

– «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекет -

тік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған;



  • Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;

  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.



Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие



  1. Отбасы тәрбиесі

  2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  3. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  4. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  5. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.



Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет