2.Жаратылыстану
Тақырыбы: «Гүлдер, гүлдер,әсем гүлдер»
Мақсаты:
Балаларды түймедағы гүлімен таныстыру; эстетикалық сезімді тәрбиелеу; қызығушылықты оятып, экология негіздерітүсініктерін қалыптастыру.
3.Құрастыру
Тақырыбы: «Бақбақ»
Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптатыру, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып бақбақ гүлін жасай білуге үйрету, гүлдерді аялауға, күтіп-баптауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
|
1.Сурет салу
Тақырыбы: «Сылдырмақ»
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту, сурет сала білуге үйрету, көркемдік талғамын дамыту.
2.Музыка
Тақырыбы: «Ән салып, би билейміз»
Мақсаты: Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту, қарапайым би қимылдарын орындауға дағдыландыру, табиғи дауыспен ән айтуға үйрету.Тыңдау:
«Ақсақ құлан» халық күйі
Ән айту:
Дос болайық бәріміз» (И.Нүсіпбаев)
Музыкалық ырғақты қимыл: : «Теңізші биі»
|
Достарыңызбен бөлісу: |