Оқу жылына арналған тәрбие жоспары


Күні Класс жетекші



бет7/30
Дата09.08.2023
өлшемі0,73 Mb.
#179773
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
7 сынып 22-23шыгару

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Тәкаппарлық –жаман қасиет

Сабақтың мақсаты:

Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейту.

Құндылықтарды дарыту

Қарапайымдылық. Мейірбандық

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілгелі отырған тәрбие сағатымызда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталатын боламыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)





Ахмет Байтұрсынұлының 5 арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше 5 арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:


Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек.
Слайдқа назар аударып, онда көрсетілген тірек сөздерге сүйене отырып әңгімелеу үшін 3 топқа түрлі тақырып берілген:
Өмірбаяны
Қызмет жолы
Шығармашылығы





Ахмет Байтұрсынұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Міржақып Дулатов
Жүсіпбек Аймауытов
Мағжан Жұмабаев
Оқушылар атап шығады



слайд

Ортасы (20 мин)



1 тақырып бойынша 1 топқа берілген тірек сөздер:


2 тақырып бойынша 2 топқа берілетін сөздер:


3 тақырып бойынша 3 топ:



1.1872 жылы 5 қыркүйек;
Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы;
Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі;
Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебі;
1937 жылы 8 желтоқсан;
Қуғын-сүргінге ілігу;
Ату жазасына кесілу.


2.1895-1909 ж.ж., Қарқаралы, орыс-қазақ мектебі, оқытушы.
1921–1925 жылы Орынборда, 1926–1928 жылы Ташкенттегі, Халық ағарту институттарында, қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімдік қызметі.
1913–1918 жылы, қазақ зиялыларымен бірігіп, «Қазақ» газеті.
Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі.


3.Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы. 
"Қырық мысал" , аударма жинағы, 1909 ж. Санкт-Петербургте
1911 жылы, "Маса " өлеңдер жинағы
«Оқу құралы», «Тіл – құрал», "Әдебиет танытқыш" - Әлі күнге дейін қолданыста, маңызын жоғалтпаған
оқу құралдары.



А4 қағаз
маркер

Соңы



Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» өлеңі:
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.






Оқып шығып, мән-мағынасына тоқталу, жеткізілмек болған ойды анықтайды



слайд



Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет