Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Рахит (мешел, иттиген, қойауруы, кешек)



бет32/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Рахит (мешел, иттиген, қойауруы, кешек) – сәбилердiң қарқынды өсу кезеңiндегi
Д витаминi мен оның белсендi метаболиттерiнiң аздығына байланысты кальций-фосфор
зат алмасуы өзгерiсiмен, сүйектердiң минералдануы мен сүйек құрылуының және негiзгi
ағзалармен жүйелер қызметiнiң бұзылуымен сипатталатынауру.
Күнi бүгiнге дейiн рахит балалар арасында кең тараған ауру. Балалар
патологиясында рахиттiң маңызы зор: тiптi жеңiл түрінің өзi организмнiң дертке қарсы
қабiлетiн төмендетiп, бала ауруы мен өлiмiнiң көбеюiне жанама түрде әсер етедi.
Рахит дымқылды жер үйлерде тұратын балаға тҽн, сондықтан, әлеуметтiк ауру
ретiнде тұрмыстары нашар отбасыларында жиi кездеседi. Рахиттiң таралуы климаттық
географиялық жағдайларға да байланысты, ауасы таза жҽне ультракүлгiн сәулесi
жеткiлiктi ауылдық жерлерге қарағанда, қалаларда жоғары.
Этиологиясы.
1. Рахит дамуының жағдайлары:
терiде холекальциферол түзiлiсiнiң бұзылуы;
бауыр мен бүйректе Р, Са алмасуының бұзылысы;
тағаммен Д витаминнің аз түсуi;
2. Тағамдық факторлар:
витамин қосылмаған жасанды қоспалармен коректендiру;
сүтпен ұзақ мерзiм тамақтандыру;
негiзiнен вегетариандық тамақтану (ботка, кҿкҿнiстер), жануар ақуызының
жеткiліксiз болуы;
Рахит дамуындағы мәнді түрткі тағамдағы Д витаминінің кемiстiгiнен гөрi одан
жеткiлiктi түрде Са, Р, белок (ең бастысы аминқышқылдары), липид, микро-элементтер
мен басқа витаминдер (С, В1 В, В (Е) түзеліп, қалыптаспауы. Отбасылық тамақтану
үрдiсiнiң де бір жастан асқан сәбиде рахит дамуында маңызы бар.
3. Перинатальдық факторлар.
Шала туылу рахиттың дамуына икемдейдi, себебі, кальций фосфордың ана
организмінен ұрыққа жинақталуы жүктіліктің соңғы айларында жүреді. Ал, шала
туылған балалар тез өсетін болғандықтан, олардың кальций мен фосфорға
мұқтаждығы жоғары болып келеді. Сонымен қатар, жүкті әйелдің дұрыс тамақтанбауы
– оның организмінде кальций мен фосфордың аз болуына әкелуі мүмкін.
4. Нерв жүйесінің перинатальды зақымдалуына, дене тәрбиесінің элементтерінің
болмауынан (массаж, гимнастика жҽне т.б.) қимылдық белсенділіктің жетіспеуі.
5. Ішек дисбактериозына жҽне кальцийдің сорылуының бұзылуына әкелуі мүмкін іщек-
қарын жолдарының аурулары.
6. Экологиялық түрткілер. Топырақта, соған байланысты суда, тағамдық өнімдерде
стронцийдің, қорғасынның және басқа металлдардың көп болуы сүйектерде олардың
орнын басуы мҥмкін.
Рахит ЖРВИ, пневмонияның, ішек бұзылыстарының және басқа аурулардың дамып
және олардың ағымының ауыр болуына ықпалын тигізеді. Олар өз алдына рахиттің
ағымының ауыр болуына себтіктерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет