14.Биоматериалдарға жолдама жазамыз.
15.Қолғапты шешіп,Б классқа салу,қолды жуу.
16.Қорытындыға қай күні келу керектігін ескерту.
12. Тік ішекті тексеру
Басты міндеттері :
-Анальдық канал тіндерінің жағдайы мен тік ішек сфинтерінің тұйықтаушы қызметін бағалау
-Тік шіек шырышты қабат жағдайын бағалау
-Тік ішек айналасындағы ағза мен тін жағдайын анықтау
-Тік ішек бөліністерін сипаттау
-Қуық асты безді бағалау
Көрсеткіштері :
-Іштің төменгі жағымен мен тік ішек аймағы,сегізкөз бен құйымшақ аралығының аурулары
-Жіті іш
-Созылмалы іш қату
-Ректальды қан кету
-Ер адамдарда несеп шығару қиындауы
-Ішектті аспапатық тексеру кезінде
Тексеру кезінде науқас дене жағдайлары :
-Науқас арқасын дәрігерге қаратып бүйірімен жатады,аяқтарының жамбас буыны мен тізе буындарында бүгулі болады
-науқас тізесі мен шынтағын тіреу жағдайында болады,тізе-шынтақтық дене дағдайы
-Науқас арқасымен жатып гинекологиялық креслода,тізе буындарын бүккен жағдайда аяқтарын ішіне жақындатады
-Жүресінен отыру
Алгоритм :
Іс шараны бастамас бұрын науқасқа жүргізіліп отырғалы тұрған әдістің мәнін түсіндіру қажет, рұқсатын алу.
1.Қолды жуып,бір реттік қолғап кию
2.Ыңғайлы дене жағдайында науқасты дайындау
3.Анус аймағын қарау,жаралар бар жоқтығына,сыртқы геморройлық түйіндер тромбозы,кондиломалар,тік ішек жиектерінің қабысуылары,ісіктік тіндер болуы мүмкін.
4.Басқарушы қолдың сұқ саусағына вазелин жағады,тік ішекке ақырын енгізеді.Бұл жағдайда науқас дефекация кезіндегідей күшеніп,денесін бос ұстау қажет.
5.Тік ішек сфинтерінің тонусын,алдыңғы ,артқы қабырғаларын,ауырсыну бар жоқтығын,түзілістер,шырыш қабатын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |