Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Леопольд – Левицкий әдісі – сыртқы акушерлік зерттеу



бет122/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Леопольд – Левицкий әдісі – сыртқы акушерлік зерттеу.
1.Бөлме жарық, жылы болуы қажет.
2.Қолымызды жуу,кептіріп,бір реттік қолғап кию.
3.Жүкті әйелмен қарым-қатынас орнатып,тексерудің мақсатын ,іс-әрекеттерді түсіндіріп,рұқсатын аламыз.
4.Кушеткаға шалқасынан жатқызып,жамбас-сан және тізе буындарып бүгіп,
ішін киімнен босатуын сұраймыз.
5.Жүкті әйелдің оң жағынан бетіне қарап тұрамыз.
6.Бірінші әдіс мақсаты : жатыр түбі биіктігін , жүктіліктің мерзімін анықтау.
7.Екі қолдың алақан қырларын жатыр түбі аймағына қоямыз,саусақ ұштары бір біріне бағытталған ,бірақ жанаспайды.Жатыр түбі биіктігін семсер тәрізді өсіндіге немесе кіндікке қатысты анықтаймыз.
8.Екінші әдіс мақсаты:ұрықтың жатырда орналасуын,позициясын,түрін анықтау.
9.Қолымызды жатыр бүйіріне түсіріп ,пальпация жүргіземіз .Сол қолымызды тіреуіш ретінде орнатып ,оң қолмен жаймен пальпациялаймыз және керсінше жасаймыз.
10.Ұрық жатырда ұзына бойлы ,көлденең немесе қиғаш орналасуы мүмкін .Позициясы егер ұрық арқасы сол жақта 1-ші,оң жақта 2-ші позиция , арқасы жатыр қабырғасының алдыңғы қабырғасына жақын болса алдыңғы түр,артқы қабырғасында артқы түр анықталады.
11.Үшінші әдіс : жүкті әйел аяқ жағына қарама -қарсы тұрып ,оң қолымызды қасаға үстіне қойып,жәймен пальпациялаймыз.
12.Мақсаты : ұрықтың келіп тұрған бөлігін анықтау.
13.Пальпация кезінде қозғалмалы,тығыз,дөңгелек пішінді болса басы,егер қозғалысы шектеулі,жұмсақ,жалпақ болса жамбасымен келгендігі анықталады.
14.Төртінші әдіс мақсаты :ұрықтың келіп тұрған бөлігі мен кіші жамбас қатынасын анықтау.
15.Ол үшін алақан қырларын қасаға сүйегінің көлденең тармағының үстіне қойып, ұрықтың келіп тұрған бөлігі мен кіші жамбастың кіру жазықтығына қолымызды жәймен жылжытып,енгіземіз.
Егер саусағымыздың ұштары бір біріне тисе ұрықтың келіп тұрған бөлігі кіші жамбас қуысына енбеген,егер тимесе кіші жамбасқа енгенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет