Жүректің ишемия ауруы (ЖИА) – коронарлы артериялардағы патологиялық процесстер нәтижесінде миокардқа қан жеткізілуінің азаюына немесе толық тоқтауына байланысты жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануы.
Тұрақты (стабильды) күш түсу стенокардиясы-миокардтың оттегіге қажеттілігі мен коронарлы артериялардың оттегі жеткізілуі арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды.
Түскен күш деңгейіне қарай функциональдық кластарға (ФК) бөлуге мүмкіндік береді (Канаданың жүрек-тамыр қоғамы, 1976 ж;).
ФК белгілері
I
|
Науқас адам әдетте түсетін күшті жақсы көтереді. Стенокардия ұстамасы шамадан тыс күш түскенде байқалады. Стандартталған велоэргометриялық сынамаға төзімділік (толеранттылық) жоғары: меңгерілген күш қуаты (W) 750 кгм/мин. (125 Вт) төмен емес. Оттегіне қажеттілікті көрсететін қос көбейтінді (ҚК) 278 кем емес. (ҚК = ЖЖЖ х АҚҚ сист./100).
|
II
|
Дене қызметінің (түсетін күштің) аздап шектелуі байқалады. Стенокардия ұстамасы тегіс жермен 500 м артық жүргенде немесе бір қабаттан артық биіктікке көтерілгенде пайда болады. Стенокардия ұстамасының пайда болу ықтималдығы салқын ауада, желге қарсы жүргенде, эмоцияның көтеріңкі кезінде немесе ұйқыдан оянғанның алғашқы сағаттарында арта түседі. W = 450-600 кгм/мин. (75-100 Вт); ҚК = 216-277.
|
III
|
Әдеттегі дене қызметінің анағұрлым шектелуі. Стенокардия ұстамасы қалыпты жылдамдықпен тегіс жермен 100-500 м жүргенде, бір қабат биіктікке көтерілгенде пайда болады. W = 300 кгм/мин; ҚК = 157-215.
|
IV
|
Стенокардия денеге шамалы күш түскенде, тегіс жермен жүргенде 100 м аз қашықтықта пайда болады. Стенокардия ұстамасы тыныш күйде де болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |