Оқу жылына кітапхана жұмысы жоспары. Кітапхана міндеттері


Білім алушылар контингенті



бет2/3
Дата16.01.2020
өлшемі162,42 Kb.
#55935
1   2   3
Байланысты:
Кітапхана жұмысы жоспары


Білім алушылар контингенті

      Оқу

    жылы



   Барлығы

   Күндізгі

  Сырттай

     Бітіруші  

     түлектер



 2016-2017

       2648

      1939

       709

           673

 

 

Кітапхананың кадрлар құрамы



 

 

Сатыбалдиева Гулзайнап Хамитқызы - кітапхана меңгерушісі, білімі арнайы орташа, кітапхана жұмысының жалпы өтілі 30 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 11 жыл.

 

Бекмуратова Райхан Сапарбаевна – кітапханашы, білімі жоғары, мамандығы  биолог,  кітапхана жұмысының жалпы өтілі 1 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 1 жыл.

 

 



Колледж  кітапханасының қызметі туралы ақпарат

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ.


Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.
    Бүгінгі студент ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері  халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет. Студенттермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру- кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

      Маңғыстау политехникалық колледжі – Маңғыстау аймағындағы беделді, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда оқу орны еңбек нарығында сұраныстағы 20 мамандық бойынша орта буын мамандарын даярлайды.   

        

Кітапхана сипаттамасы

Кітапхана оқу орнының құрылуымен қатар  уақыттан бері   оқырмандарға қызмет көрсетеді. 2006 жылдан жаңа корпустың екініші қабатына көшірілді.      Кітапхананың жалпы ауданы 233,3 м2, кітапханадағы отыратын орындардың жалпы саны 50.



Мақсаттары мен міндеттері

  • Студенттер бойына ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухани тәрбиені ұялататын мәдени-рухани бірегей орталығы болып табылуына қызмет ету;

  • заманның ағымына ілесе отырып, көп салалы толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысын, талаптарын қанағаттандыру;

  • кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға  қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;

  • жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

Қазіргі таңдағы колледж кітапханасы – колледждің ақпараттық ресурсы оқу-білім үрдесінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ықпал етіп және бұл іске жауапкершілікпен қарау – бүгінгі кітапхананың басты міндеті мен талабы;

Колледж 2008 жылдан Интернет желісіне қосылған, қазіргі уақытта 2048 Кбит/с лимитсіз жылдамдығымен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, видео және  фотожабдықтар колледжде өткізілетін барлық шаралар үшін қолданылады. Колледжде  mkkk-mptk@mail.ru электронды поштасы және    www. mptk.edu.kz  web - сайты қызмет етеді. Сайтта кітапхананың арнайы web – парағы ашылған. web – парағынан кітапхана туралы барлық мәліметтерді тауып алуға мүмкіндік бар. Кітапханамызда 11 компьютер, 1 принтер және сканер орналасқан.  Кітапхана іс-қағаздарын жүргізу үшін электронды поштаны қолданады. Кітапхана  қажеттілігі үшін есептеу орталығы қызмет етеді.

Кәсіптік бейімдеу жұмыстарын жүргізу аясында жарнама материалдары жасалады, ақпараттар сайтқа енгізіледі. Ақпараттың сақталуы, өзектілігі және тұтастығы сайтта жаңартылып отырылады. Ақпарат алмасу үшін электронды пошта, телефон, интернет, факс байланыс құралдары қолданылады.

 

              2016-2017 оқу жылындағы кітапхана  жұмысының



                                 сапалық көрсеткіштері: 

     Келім

    Оқылым

 Айналымдылық

Кітаппен       қамсыздандырылуы

9,3%

19,3%

29,2%

66%

 

 

2016-2017 оқу жылындағы кітапхана қызметінің



бақылау сандық көрсеткіштері:

   Кітапхананың пайдаланушылары саны (оқытушылар, студенттер)- 1904.

 

 

 



 

Жаңа әдебиеттер түсімі мен мерзімді басылымдар туралы

Жаздырып алынған мерзімді басылымдар саны

Жаңа әдебиеттердің түсімі

Кітапхананың жиындық қорына шаққанда жаңа әдебиеттің пайызы %

                 126

              3500

6,2

 


    

2016-2017 оқу жылындағы кітапхана қорының сипаттамасы

Кітапхана   

    қоры



Оқу-әдістемелік     құралдар қоры

  Арнайы пән

   оқулықтар 

      қоры   

 


    Жалпы 

  кәсіптік

   пәндер

  бойынша

  

 


Жалпы

білім

беретін

пәндер   оқулықтары

қоры

     Көркем

     әдебиет

       қоры


Электронды

қулықтары

қоры

 

    Қаз

 

 



 

   Орыс

   

Қаз


 

 

 



   Орыс

    Қаз

 


  Орыс

    Қаз

 


 

Орыс


  

Қаз


 

 Орыс

  

Қаз


  Орыс

 

      808

  

1058


 

11334


 

8176


 

2738


 

8378


  7595

 

5903


   1138

 

8081


  

430


   

78


55717

1866

19510

11116

13498

9219

508

 


 

Кітапханада кітап қорын толықтыру және қорды сақтау

Кітапхана қорын толықтыру колледж кітапханасы  «ФОЛИАНТ», «NURPRESS » баспасы арқылы  тапсырыс берумен  кітаптар жеткізіледі. Кітапханаға мекемеден сыйға тартқан кітаптармен де толықтырып отырады. Кітапханашы кітап қорында айдың соңында тазалық кунін жариялайды, кітапханаға қарыз оқырмандарға телефон соғу, топ жетекшілеріне жазбаша ескерту жазу да жүргізіліп отырады.

                                   Кітапханада өткізілетін шаралар туралы

Жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының басында 1 курс студенттеріне арналған «Кітапханалық сабақтар» ұйымдастырылады

 Сабақ барысында  студенттерді «Кітапхананы пайдалану ережесімен», кітап қорымен, каталогтармен жұмыс, кітап көрмелерінің мазмұны, мерзімдік басылымдар туралы, кітапханаға тіркелу тәртібі, т.б. қызмет көрсету түрлерімен жоспарлы түрде кестеге сәйкес өткізілуде.

Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы  жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық- көпшілік шаралар, айтулы даталарға байланысты шаралар, жыл сайын жолданатын  Елбасы Жолдауын насихаттау жұмыстары   ұйымдастырылады. Кітапхана кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен жаңартып толықтырып отырылады,  және келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда  ай сайын шолу өткізіліп отырылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Кітапхана қажетті есептеу-тіркеу және есептік құжаттанамаларды жүргізіп отырады. Кітаптар мен әдебиеттерге инвентарлық тіркеу жүргізіледі. Басқарудың негізгі формаларына жатады: құжаттық қамсыздандыру, есептеу, есептік, кітапхана туралы ереже, штаттық кесте, кітапхана меңгерушісі мен кітапханашының қызметтік нұсқаулықтары. Кітапхана оқу жылына жұмыс жоспарын құрастыруда оқу жоспарларын және колледждің оқу- әдістемелік, тәрбие жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Кітапхана меңгерушісі әкімшілік отырыста жыл сайын кітапхана жұмысы туралы есеп береді.

 

Біліктілікті  арттыру

Кітапханашылар кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін жетілдіру жүйесіне, семинарлар жұмысына қатысып отырады. Кітапхана меңгерушісі келесі біліктілік арттыру оқуларынан өтті:


  • «МАРК-SQL» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесін (ААКЖ) қолдану негізінде мектеп кітапханаларының ақпараттық –кітапханалық қызметін автоматтандыру» бағдарламасы бойынша семинар-тренингке қатысты, сертификат №00115, шілде 2011ж.

  • Білім сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінің «Институционалды аккредитация шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» семинарына қатысты. Сертификат №58, маусым 2014ж.

  • «Қазақстан патриоты» республикалық әскери-патриоттық журналының «Тәуелсіздік- Ел тілегі» атты шығармашылық байқауына қатысып, 2 орынға ие болды.

 

   2016-2017 оқу жылының жоспары бойынша жүргізілген көпшілік шаралар

 

Оқу жылы оқырмандар мен студенттерге «Қазақстан Республикасының Ата заңы» туралы тақырыптағы кітап көрмесін таныстырумен басталады. Тілдер мерекесі қарсаңында  «Тілдің мерейі-елдің мерейі» тақырыбында зияткерлік-танымдық ойын өткізіліп, кітап көрмесіне шолу жасалады.  Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты портрет кеші, салауатты өмір салтын насихаттауда «Менің денсаулығым-менің болашағым», «Темекінің зияны», «СПИД- 21 ғасыр дерті» атты шаралар өткізіліп, тақырыптық сөре, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Студент жастарға Қазақстанның сырттан келген  басқа ұлт  өкілдеріне алтын бесік болған әлемдегі мемлекеттердің бірі екендігін ұғындыру, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы насихат жұмыстарын жүргізу барысында «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі-Тәуелсіздік» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып өткізілді.  Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік», «Қазақ Елінің  ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел» тақырыбтарына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, материалдармен толықтырылып  насихатталуда. Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау-болашаққа сенімділік» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде жинақталған материалдармен студент жастарды таныстыру мақсатында шолу өткізілді. Әртүрлі айтулы даталарға байланысты көптеген шаралар өткізіліп отырылады. Биылғы маусым айында ашылатын «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпарттық-танымдық стенд жасақталды. Кітапхана қызметінде патриоттық, эстетикалық, өлкетану, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлініп отырады. Осы бағытта өткізілген шаралар «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» өз облысымыздан ҰОС-на қатысқан ардагерлер туралы,  «Табиғат-тал бесігіміз», «Адамгершілік-асыл қасиет», «Туған жерің-тұғырың», «Тәрбие тұғыры –имандылықта» т.б. тақырыптардағы жоспарға сәйкес жүргізілген  насихат жұмыстарын атауға болады.



Кітапханада тоқсанына бір рет «Хабарлама күні» өткізіліп отырылады. Мақсаты- кітапханаға келген  «Жаңа кітаптармен», баспасөз басылымдармен оқырмандарды таныстыру.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мен оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Көп ізденуді және оқуды талап етеді. Осыған байланысты болашақта электронды кітапхана алу жоспарлануда.

        2016 жылдың 7-ші қазан күні өткізілген Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай  кітапханашылар арасында ұйымдастырылған Республикалық            «Тәуелсіздік – ел тірегі » атты байқаудан     Маңғыстау  политехникалық  колледжі  кітапханасы ІІ – орынға ие болды.

          

                                «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан»

        2016 жылдың 11 қараша күні Маңғыстау  политехникалық  колледж  кітапханасы   Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты кездесу – кешін өткізді. Іс – шараның мақсаты:  студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Колледждің ХТ 16 -01 с тобының студенттері  Саламатова Д., Туленова Д.,     ВТ 16 – 01 с тобының студенті    ИсаковаА. тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өз шығармашылықтарымен таныстырды. 

                                           «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!»

      2016 жылдың 8 –ші  желтоқсан  күні Маңғыстау  Политехникалық   колледж   кітапханасында     « Тұғырлы бол, Тәуелсіздік! »  атты зияткерлік ойын сайысы  өткізілді.  Іс – шараның мақсаты: Отанымыз Қазақстанның тарихы туралы зердемізді  қайта    парақтап, жаңаша    ой   түйіндеу.    Студенттердің  ойлау  қабілетін арттыру, өз  ойын  ортаға  салуға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сайысқа «  Жас қыран »,    « Жалын » , « Ұлан » топтары болып   үш   топ қатысты.      «  Жас қыран »,    « Жалын » , « Ұлан » - топтары білімдерін ортаға салып,  берілген    сұрақтарға    мықты дайындалғандары білінді. Бұл шарада орын мен сертификаттар берілді. І – орын « Ұлан », ІІ – орын «  Жас қыран », ІІІ – орын « Жалын » топтарына берілді

                                                      

       2017 жылдың 3 наурызында колледж кітапханасында « Мейірімді ана » - атты көрме ұйымдастырылды. Оған әр топтан қатысқан студенттер сурет арқылы ананың бейнесін  көрсете білді. Портрет, еркін сурет, бояу арқылы мейірімділік пен махабатты,ананың балаға деген сүйіспеншілігін көрсете білді.



 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет