Байланысты: О у жылында 3-сыныпта «Цифрлы сауаттылы » о у п ні 2021 жылды
2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні2021 жылдың1 қыркүйегіненоқытылады. 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
«Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
«Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
«Есептей білу».
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
«Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін мынадай ұсынымдар беріледі: