Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Атамекен орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Авезова Бибихадиша
Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру
Сабақтың мақсаты: құжатқа сурет қою тәсілдерін үйрету
Білімділігі: аралас құжаттар құруды және аралас құжаттарға сурет қою тәсілдерін
Тәрбиелігі: Логикалық ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың өту әдісі: Сөйлесу, сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, топтама, тест тапсырма
Пайдаланған әдебиеті: Б.Қ. Сапаргалиев, Н.Е. масалимова, Г.А.Тезекбаева баспасы
Арман – ПВ – 2014ж
Бекіту'>Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі
Б) Сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Жаңа сабақ:
Бұл практикумның тапсырмаларын орындап, сендер аралас құжаттар құрасыңдар.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгей
Шежіре ағашы
Paint графикалық редакторында ағаштың кескінін салыңдар. Ол мындай болуы мүмкін
2. Сурет салатын рамкалар дайындаңдар және оларды ағашқа орналастырыңдар.
3. Ағаштың кескінін WordPad мәтіндік редакторына көшіріңдер. Ортасы бойынша түзеуді тағайындаңдар.
4. Суреттің алдына «Менің отбасы» тақырыбын қосыңдар. Әріпті өз қалауларың бойынша таңдаңдар.
5. Өз отбасыларың туралы әңгіме құраңдар (теріңдер).
6. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мүмкіндігінше басып шығарыңдар. Шежіре ағашымен жұмысты үйде аяқтаңдар – туыстарыңның суреттерін желімдеңдер немесе редактордың көмегіен қосыңдар.
В деңгейі
Әңгімеден үзінді теріңдер.
Автордың тегін курсивпен, мәтін атауын жуан әріппен ерекшелеңдер
Бірінші жол үшін шегіністі 1 см етіп белгілеңдер.
Жануарлардың, құстар мен балық атауларының жанына Paint –те дайындалған кескіндерді кірістіріңдер.
Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.
Кім қанша өмір сүреді?
Ұақ жасаудың реордшылары – тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз – олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр – 15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр көшетіні – есек – 50 жылғы дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылғы жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқалардан көп өмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға жейін өмір сүреді.
С деңгейі
Өз отбасыларың туралы әңгіме дайындаңдар. Оны WordPad мәтіндік редактоында теріңдер.
Өз ата-аналарың мен туыстарыңның суреттерін дайындаңдар.
Ерекшелеу → Еркін аймақ сайманын пайдаланып Paint графикалық редакторында суреттерді қырқыңдар.
Суреттерді рамкаларға (мысалы, мынандай виньеткаға) орналастырыңар.
Графикалық редактордан көшіріп, мәтіндегі есімдердің жанына суреттер кірістіріңдер.
Мәтіннің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Оны өз қалауларың бойынша безендіріңдер.
Жұмысты өз бумаларыңда сақтаңдар және мұғалімге көрсетіңдер
Бекіту
Компьютерде тәжірибелік жұмыстарын орындау
Сабақты қорытындылау
Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды тақылап оларға жауап беру, бағалау
Үйге тапсырма
Тәжірибелік жұмысты аяқтау
Достарыңызбен бөлісу: |