19. Денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін эргограф пайдаланылады.
20. Адаптация –латынша adaptatio , қазақша икемделу,бейімделу деген мағынаны білдіреді.
21. Зейіннің негізгі қасиеттері: зейіннің тұрақтылығы, зейіннің толқуы, зейіннің аударылуы, зейіннің бөлінушілігі, зейіннің көлемі,алаңболушылық.
22. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылдамай, үшбұрыш деп тұтас қабылдайды. Бұл мысал қабылдаудың тұтастығы ерекшелігіне мысал бола алады.
23. Анализ, синтез, агглютинация,гипербола, нәрсенің бір жағын әсерлеп көрсету, типтік бейнелер жасау- қиял жасалу жолдары.
24. Жоғары сезімнің бір түрі-адамгершілік сезімдерге моральдық сезімдер мысал бола алады.
25. Отандық психолог К.С.Жұмасова бойынша мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
26. Сангвиник темпераменті басым оқушы-жоғары дәрежелі әркетшең адам. Қозу мен тежелуі тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі не көңілі қалып, мұңаяды. Сезімталдығы өте жоғары. Қызметін ұзақ уақыт жасай алады.
27.Психолог А.В.Петровский бойынша жас ерекшелігі психологиясының зерттеу обьектісі- нәресте, сәби, мектеп жасына дейінгі бала, бастауыш сынып жасындағы бала, жеткіншек, жасөспірім, ересек.
28. Бастауыш сынып адам өмірінің 6-10 жас аралығын, жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып аралығын қамтиды, жетекші іс-әрекеті-оқу.
29. «7 сынып оқушылары Еркін мен Қайрат әкесі мен шешесінің айтқанын істегісі келемейді. Түнгі сағат 12.00 –ге дейін далада, нақтырақ айтқанда түнгі клубта қыдырғанды жақсы көреді.» Бұл жеткіншек бойындағы әлеуметтік белсенділік жаңа құрылымға мысал бола алады.
30.Педагогикалық психологияның тармақтары, бұл-оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.
31.Ғалым Кетле «1835жыл» «Социональная физика» атты кітабында мүмкіндік теориясына сүйене отырып, адамдардың мінезі белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын айтты.
32.Отандық психолог Ә.Алдамұратов бойынша психикалық құбылыстар ырықты, ырықсыз, үйреншікті болып бөлінеді.
33. Психология ғылымының екінші кезеңі 1879 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт тұңғыш рет Лейпциг қаласында лаборотория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |