17. «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы
1.2. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
1-параграф. 34-т. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) біліктілік санаттары диплом бойынша және атқаратын лауазымы ескеріле отырып беріледі.
1-параграф. 40-т. «Көркем еңбек» пәні бойынша педагогтерге кезекті біліктілік санатын беруде «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып, кәсіптік оқыту негізге алынады.
2-параграф. 50-т. «Педагог-модератор» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 60-65 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 66-78 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7 балл; TOEFL - 79-95 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
«Педагог-шебер» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS -7,7 балл; TOEFL - 96 - 110 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
18. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 213 бұйрығы
Басшылардың лауазымына конкурстық тағайындау өткізу тәртібі және басшы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі бекітілді.