Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Информатика пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме ҚГБ ҮОЖ бойынша 10-11 сыныптарда 1 сағат, ЖМБ ҮОЖ бойынша 10-11-сыныптарда 2 сағат



бет179/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   234
Информатика пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме ҚГБ ҮОЖ бойынша 10-11 сыныптарда 1 сағат, ЖМБ ҮОЖ бойынша 10-11-сыныптарда 2 сағат.
Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.

  • Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер: дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктер түрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.

  • Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.

2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
1. 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Оқыту бағытына сәйкес пәннің базалық мазмұны кеңейтілген.
10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық бағыт
Бірінші. Дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан бөлімдер тақырыптармен толықтырылған. Атап айтқан:

  • «Функция, оның қасиеттері және графигі» бөліміне «Бөлшек-сызықты функция»;

  • «Кері тригонометриялық функциялар» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»;

  • «Туынды» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялардың туындылары»;

  • «Туындының қолданылуы» бөліміне «Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі»

  • «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөліміне «Үлкен сандар заңы».

  • «Ықтималдық» бөліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері».

Екінші. «Көпмүшелер» жаңа бөлімі қосылған. Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы көпмүшелер. Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу. Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер. Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы.
11-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық бағыт
Бірінші. «Алғашқы функция және интеграл» тарауы «интегралдау әдістері» тақырыбымен толықтырылған.
Екінші. Жаңадан үш тарау қосылды:
- «Комплекс сандар». Жорамал сандар. Комплекс сандар анықтамасы. Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері. Алгебраның негізгі теоремасы;
- «Дифференциалдық теңдеулер». Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы мағлұмат. Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер;
- «Математикалық статистика элементтері». Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау.
2. 10-11-сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 3 сағат бөлінген. Оқыту бағытына сәйкес пәннің базалық мазмұны кеңейтілген.
10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары», қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда шамалы өзгерістер енгізілген. Ол өзгерістер комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы материалдарымен байланысты.
Қолданыстағы бағдарламада 11-сыныпта оқытылатын «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» тарауы 10-сыныпқа көшірілген.
11-сыныпта «Ықтималдық» бөлімі «Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері» тақырыбымен толықтырылған. Бұл тақырып қолданыстағы бағдарлама бойынша жаратылыстану-математика бағытында ғана оқытылатын.
11-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні, қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Жаңа тарау қосылды:
- «Математикалық статистика элементтері». Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау.
3. 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Геометрия» пәнін оқытуға аптасына 2 сағат бөлінген. Оқыту бағытына сәйкес пәннің базалық мазмұны кеңейтілген.
10-11-сыныптар «Геометрия» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық бағыт.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
Оқытудың бұл бағытында «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
11-сыныптағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Геометрия» оқу пәніне арналған оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға өзгеріс енгізілген («Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді).
Содықтан 11-сыныптағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Геометрия» оқу пәнінен күнтізбелік жоспар жасау кезінде төмендегі ұзақ мерзімді негізге алу керек.

78-кесте. Ұзақ мерзімді жоспар үлгісі





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

10-сыныптағы геометрия курсын қайталау

Көпжақтар

Көпжақты бұрыш, геометриялық дене туралы түсінік

11.1.1 - көпжақты бұрыш пен геометриялық дене ъұғымдарын білу, оларды жазықтықта кескіндеу алу;

Көпжақ ұғымы

11.1.2 - көпжақтың анықтамасын және оның элементтерін білу;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Призма және оның элементтері, призма түрлері

11.1.3 - призманың анықтамасын, оның элементтерін, призма ътүрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

11.3.1 - призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып ъшығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида

11.1.4 - пирамиданың анықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу; 11.2.4 - пирамида төбесінің табан жазықтығына проекциясының орналасуын анықтау;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Қиық пирамида

11.1.5 - қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет