Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет202/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   234
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру жағдайында жоғары мектеп мұғалімдерінің алдында әлеуметтік-мәдени интеграциямен және бейімделумен байланысты мәселелерді шеше отырып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту деңгейін арттыру, түлектердің кәсіби дайындығын, өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, мүдделерді іске асыру, әлеуметтік қауіпсіздік қажеттілігі және бүкіл қоғам шеңберінде әлеуметтік-мәдени үдерістерге қосу міндеті тұр.
Көру қабілетінің бұзылымдары (көрмейтін, нашар көретін) бар, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар арнайы мектептер жағдайында 11-12 сыныптарда жалпы орта білім алады.
Екі бағыт бойынша салалық оқыту жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыс тану-математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналарының сұрауы ескеріліп, жүзеге асырылады. Білім беру процесінің толықтыру-дамыту бағыттылығын жалпы білім беру пәндері бойынша сабақтарда, арнайы сабақтарда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары қамтамасыз етеді. Сабақтар топтық және жеке формаларда өткізіледі. Көру қабілетінің бұзылымдары бар оқушылар үшін:
- әлеуметтік-тұрмыстық бағдар (ӘТБ);
- кеңістіктік бағдар;
- бет қимылы мен пантомимиканың дамуы.
Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар үшін емдеу дене шынықтыру сабағы өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет