Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагогтар өз бетінше құрастырады. Формативті бағалау кезінде педагог бағаланатын білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес анықтайды.
1. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады. Бағаланатын бала санын педагог өзі анықтайды. 2. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.