Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Білім берудің қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету; 4



бет25/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   234
3. Білім берудің қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;
4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу;
5. Экономиканың қажеттіліктері мен өңірлік ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
6. Білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру;
8. Білім беруді тікелей басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу.
2020-2021 оқу жылында 11-сынып білім берудің жаңартылған мазмұнына ауысады, елімізде орта білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартуға көшу аяқталуда. Орта білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ-да орта білім беру жүйесін жетілдіру бойынша мынадай негізгі ұстанымдар белгіленген:

  • білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуді аяқтау;

  • оқулықтарды әзірлеу, сараптау, шығарудың жаңа жүйесін енгізу;

  • критериалды бағалау жүйесін жетілдіру;

  • 12 жылдық білім беруге көшу;

  • қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту процесін ұйымдастыру.

Қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдісі білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету және оқытуда жаңа технологияларды пайдалану үшін қосымша ресурс ретінде оқыту процесінде қашықтан оқыту технологияларын пайдалану болып табылады.
Қашықтан білім беру технологиялары бойынша білім алу «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мақсатында 2020-2021 оқу жылында қашықтан оқыту нысанында «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқытуды нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес, сондай-ақ төтенше жағдай режимі жағдайында карантин кезеңінде жекелеген білім алатын білім беру ұйымдары пайдалана алады, бұл білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда инфекцияның таралу тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралардың бірі болып табылады.
Төтенше жағдай режимі жағдайында карантин кезеңінде қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқуға көшу білім беру процесінің барлық қатысушыларының орындауы міндетті талап болып табылады және басқа да баламалы шешімдері жоқ.
Халықтың ауруларының алдын алуды және емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім алушылар үшін қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.
Қашықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқыту процесінде білім беру ұйымдары білім беру процесіне қатысушыларға электронды платформаларды, қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қашықтан оқытуға көшу алгоритмін түсіндіре отырып, қашықтан оқыту ережелерін жеткізеді.
Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесіне көшу кезінде білім беру ұйымдары қолданылатын технологияларға сәйкес ұйымның педагогикалық, оқу-көмекші, әкімшілік қызметкерлерінің дайындық деңгейін қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ білім беру ұйымдары білім алушыларға оқу-әдістемелік қолдау көрсету тәртібін, оның ішінде қашықтықтан көрсетілетін жеке консультациялар нысанын да дербес айқындайды.
Білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдары қашықтан білім беру технологияларының қазіргі заманғы білім беру стандартының талаптарына жауап беретін ақпараттық ортаны құрып, дамытады, оған сәйкес оқыту процесі ақпараттық ортада жүргізілуі және тіркелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет